Елес: Балаңды құрбандыққа шалдың! Байды құрбандыққа шалдың! Суйгеніңнің басын
алдың! Өзіңғана қалдың! Өзіңе не қалды?
Томирис: Сақ деген ел қалған жоқ па! Сақтың сары даласы - жер қалған жоқ па!…
Жамағат!…
Тірі қалғандар тугел жиналады. Томирис: (Кирдің басын торсыққа қайта салады).
Патшалардың патшасы - ұлы Кир, құмартқаның сақтың қаны еді! Жақсылар мен
жайсаңдар, көсемдер мен көк суңгілі сарбаздар, мынау торсықты парсының қанына
толтырыңдар да, еліне қайтарыңдар, қанып ішсін де, жаны жай тапсын!… Көк Тәңірі
сыйлаған сақтың сары даласына енді қайтып ешкім бас суқпасын! Туранның қасиетті
туын ешкім жықпасын!…
Егер елшілікке барған Томиристің бейбіт келісіміне Кир
көнгенде сақ патшасы
оған тұрмысқа шығуға қарсы болмас па еді. Өйткені шығармада Кир бет біткеннің
сұлуы, абыройы асқақтаған айбарлы патша ретінде суреттеледі. Тіпті Томиристің
өзі оның сұлулығына тәнті болады. Дегенмен сақ патшайымы жеке басының
қызығынан гөрі ел мен жер тағдырын жоғары қояды. Жалғыз баласы да сол үшін
құрбандық болады.
Пьесадағы басты кейіпкерлер
1.
Томирис-Шұғыла
2. Балхаш
- сақ патшасы
- Томиристің күйеуі
3. Спаргапис
- бекзада,
Томиристің ұлы
4. Кир
ҚҰРАСТЫРҒАН: ТОҒЖАН ЖАЙЛАУБЕК
4
- парсының патшасы
5. Елес
- жәдігөй кемпір
6. Амаға
- сарматтар падишасы
7. Мард
- Кирдің
кеңесшісі
8. Ардашир
- массақ көсемі
9. Массақтар көсемі
10. Жасауылдар, жендеттер, сарбаздар,
игі-жақсылар
11. Амазонка би тобы
12.
Парсы сарбаздарының би тобы
13. Сақ сарбаздарының би тобы
14. Авансцена - Кир сарайының күзетшісі