«томирис» пьесасы


Кир: Сонымен атым Шугыла деші. Томирис ханша етектінің көркемі деуші еді.  Бірақ көрік жағынан сенімен теңдесер ме екен?  Шуғыла



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата16.05.2023
өлшемі342,38 Kb.
#93747
1   2   3   4   5
Байланысты:
ТОМИРИС

Кир: Сонымен атым Шугыла деші. Томирис ханша етектінің көркемі деуші еді. 
Бірақ көрік жағынан сенімен теңдесер ме екен? 
Шуғыла: Екеуміз бір ананың сутін ішкен емшектес, теліме туыспыз. Сонан да 
болар, бір-бірімізге цқсаспыз. 
Кир: Патшайымға айта бар: патшалардың патшасына бас исін, жерін сауғаға 
беріп, елі етегіме келіп тығылсын! 

Шұғыла бұған Томирис ханшайымның көнбейтінін айтып, «Қаннан қорықпайсың 
ба» деген сұрақ қояды. Хан өзінің ештеңеден қорықпайтындығын айтып 
мақтанғанда, Шұғыла оның қанжарын сұрайды. Кир: «Оны қайтесің?», - дегенде 
Шұғыла: «Патшалардың патшасы, менде қорқыныш сезімі жоқ дегенің 
қайда?», - дейді. Сөзден тосылған Кир амал жоқ, қанжарын суырып береді. Сол 
кезде Шұғыла алақанын кесіп, қанын құтыдағы шарапқа тосып тұрып: «Біздің дала 
жұртында осындай бәс бар. Бәске тек жүрек жұтқандар ғана түседі. Мә, 
қанжарыңды ал да, қолыңды кес, кім бұрын тамырын басып, қанын тоқтатар 
екен, күтелік», - дейді. Осылайша бәс тіккен Шүғыла: «Ажалдан соң да өмір бар. 
Үшінші құты - ажалдың сыбағасы. Енді міне, екеуміз қанмен де бір-бірімізге 
байландық», - дей келе, Шұғыла беліндегі шаршысын шешіп, Кирдің қолын 
таңады. Ол шаршының екінші шетімен өзінің қолын таңады. «Бұл ойын емес. 
Патшалардың патшасы, сені қинаған - қанның тасуы. Қарақұсыңнан қысқан 
да сол. Мен сенің арам қаныңды ағызып тастадым. Енді құр атқа мінгендей 
құлпырып шыға келесің, ұйқың да қайта оралады», - дейді. 

Геродоттың «Тарих» деген кітабында Томирис Кирдің кесілген басын қан 
толтырылған меске салып жатып: «
Ей, қанқұмар, өмір бойы адам қанына 
тоймай, суша шашып келіп едің. Ал енді о дүниеде де қанға тоятын боласың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет