ҚҰРАСТЫРҒАН: ТОҒЖАН ЖАЙЛАУБЕК
3
Аңызда Томиристің он алты жастағы жалғыз ұлы Спаргаписті тұтқынға түсірген
Кир сақ патшасының өзіне тұрмысқа шығуын талап етеді. Оның
айлакер
ұсынысына келісім бермеген Томириске кектенген Кир баланы тұтқыннан
босатпай, соғыс жариялайды. Мұндай қорлауға шыдамаған Спаргапис өзін-өзі
өлтіреді.
Осы оқиғадан кейін онсыз да сақ даласын жаулауға бет алған
Кир патшаның қалың
қолымен қырғын шайқас болып, Томирис жауды тас-талқан етіп жеңеді. Ал
пьесада Кирдің басын Томириске Балхаш әкеледі.
Томирис:
«Есіңде болсын балам,
аттан түспесең -
сақтығың!
Шешінбей ұйықтасаң -
жауыңның көптігі!
Шешінбей ас жесең
дауыңның көптігі».
Шахимарден Құсайынов
Томиристің күйеуі
Балхаш - сақпен туыстас «тиргахауд» деген
тайпаның бас
сардары. Балхаш пьесаның басында сақ тайпасын тастап,
Кирмен одақтасып, үнемі
жаугершілікте жүретін адам ретінде суреттеледі.
Елшілікке келген Томиристі Кирдің көмекшісі Мард жала жауып, ұстап қалу үшін
патша сарайының
жасауылын әдейі өлітіргенімен, Балхаш оның өлімін өз мойнына
алып, Томиристі құтқарып жібереді. Драманың соңында улы жебеден жараланған
Балхаш көз жұмады.
Достарыңызбен бөлісу: