«Тоныкөк» жыры. Мазмұны мен көркемдік ерекшелігі. М.Әуезовтың бұл жырға берген бағасы



Дата10.11.2022
өлшемі14,33 Kb.
#48981
Байланысты:
Тоныкөк жыры


« Тоныкөк» жыры. Мазмұны мен көркемдік ерекшелігі. М.Әуезовтың бұл жырға берген бағасы.
Тоныкөк (Тоңыұқық) – 646-741 жылдары өмір сүрген, екінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі. Ол оғыз тайпасынан шыққан ақылгөй дана, өз заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. Күлтегін батыр, оның ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қария Тоныкөк құрметіне ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш жырларды әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан - жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В.Стеблева болды. Бұл аталған руналық жазба ескерткіштер әдебиеттану ғылымында ежелгі түркі халықтарының көне әдебиет үлгілері және поэзиялық туындылары ретінде танылады. Орхон ескерткіштерін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі академик жазушы М.Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айтып келіп, былай пікір білдірген болатын: Олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк жазуларында қанша адам, қаншама ерлік бейнеленген десеңізші?! Олардың әр алуан рулар мен тайпалардың кескелескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлық ерліктерінің және жорықтарының шежірелері бар. Яғни, жырдастан өте жоғары деңгейдң жазған деген баға берген болатын. Енді, Тоныкөктің мазмұны мен көркемдік ерекшелігіне толық тоқталсақ. Орхон жазба ескерткіштерінің ішінде «Тоныкөк жыры» ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжамдар да кездеседі. Әрине, Тоныкөк жыры көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер он төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырған. Әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрбуі жіне қорытынды бөлімдерінен тұрады. Бірінші циклда түркі халқының табғаштарға бағынышты болып қалу тарихы, екіншіде - аман қалған түркілердің бас қосып бірігуі, үшіншіде - сол біріккен хылықты басқаратын қаған сайлаудың киын болғандығы, Тоныкөктің қаған сайлауда зор рөл атқарғандығы, төтріншіде – Елтерісті қаған етіп жариялағаны, ел ішіндегі тыныштыққа сырттан қатер төне бастағаны, бесіншіден - оғыздардан тыншы келіп, олар түркі елін шаппақ болып жатқандығы, алтыншыда - түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықта жеңуіндегі Тоныкөктің рөлі, ал жетінші және он үшінші циклға дейін оғыздармен болған соғыс туралы жыр етіп баяндағын. «Тоныкөк» жырының ең соңғы - он төртінші циклы бүкіл жырдың қорытындысы сияқты. Өйткені, түріктердің өз елі, жұрты үшін жүргізген соғыстары жайлы айтады. Және де барлығында түріктердің жеңіске жеткендігін, оған Тоныкөк өзінің ақыл кеңесімен, ерлік істерімен қыруар үлес қосқаны жайлы зор шеберлікпен суреттелген. Яғни, Тоныкөк ескерткіші ежелгі түркі поэзиясына тән әдеби дәстүрде, көріктеу құралдары, композициясы және т.б жағынан зор шеберлікпен жазылған жырдастан болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер: Келімбетов, Н.. Ежелгі дәуір әдебиеті.- Алматы, 2005
Cарбасов, Б.С.. Ежелгі дәуір және түркі халықтары әдебиеті.- Алматы, 2016

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет