Көздің аккомадация аппараты.Көз бұршағының пішінінің және сәуле сындыру күшінің өзгеруін,бейненің торлы қабықшада фокустандырылуын,сонымен бірге көздің түскен жарықтың қарқынына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Көздің нұрлы қабықшасы.Ортасында көлемі өзгеріп тұратын тесігі бар диск тәрізді құрылым.Ол тамырлы және торлы қабықшалардың туындысы болып табылады.Нұрлы қабықшады бес қабатты ажыратады:алдыңғы эпителий,алдыңғы шекаралық,тамырлы қабат,артқы шекаралық қабат және артқы эпителий.
Кірпікшелі немесе цилиарлық денешік.Кірпікшелі денешік тамырлы және торлы қабықшалардың туындысы.Көз бұршағынан бекіту және оның қисықтығын өзгерту қызметін атқарып,аккодамация үдерісіне қатысады.Кірпікшелі денешік екі бөлікке бөлінеді:ішкі кірпікшелі тәж және кірпікшелі сақина.Кірпікшелі тәждің үстінен көз бұршағына қарай кірпікшелі өсінділер шығып,оларға кірпікшелі белбеушенің талшықтары бекиді.
Көздің қосымша аппараты.Оған көздің бұлшық еттері,қабақ және көзжас аппараты жатады.
Көздің бұлшық еттері.Олар сіңірдің көмегімен склераға бекіп,көз алмасының қозғалысын қамтамасыз ететін,миотомнан дамыған көлденең жолақты бұлшық еттерден тұрады.
Көздің қабығы.Көз бокалынан жоғары және төменірек құралатын тері қатпарларынан дамиды.Олар бір біріне қарсы өсіп,эпителийлік жабуымен жабыса бірігеді.Құрсақ ішілік дамудың 7 айында жабысқан жер жоғалып кетеді.Бұлшық ет талшықтарының шоғырларының арасында борпылдық дәнекер тін болады.Сыртқы беті жұқа көпқабатты жазық мүйізденетін эпителийден және борпылдық дәнекер тіннен тұратын жұқа терімен қапталған,оның ішінде қысқа түкті шаштардың және кірпіктердің эпителийлік қынаптары орналасады.
Көздің көзжас аппараты.Ол көз жасын өндіретін көзжас безінен және көз жасын шығаратын жолдардан көз жасы еті,көзжас түтікшелері,көзжас қапшығы және көз жас мұрын каналынан тұрады.
Адамның жасына байланысты өзгерістер.Адамның жасы ұлғайған сайын көздің бүкіл аппараттарының қызметтері әлсірей бастайды.Организмдегі жалпы метаболизмнің өзгеруіне байланысты көз бұршағында және мөлдір қабықшада жасуша аралық заттың тығыздануы және,көбіне қайтымсыз болып келетін,бұлыңғырлануы жүреді.Қартайған адамдарды мөлдір қабықшада және склерада липидтердің қоныстануы байқалып,олардың күңгірттенуіне әкеледі.Көз бұршағаының икемділігі жойылады және оның аккомодациялық мүмкіндігі шектеледі.Көздің тамырлы жүйкесіндегі склероздық үдерістер тіндердің ,әсәресе торлы қабықшының,торфикасын бұзады,ал бұл рецепторлық аппаратың құрылымы мен қызметінің өзгеруіне әкеледі.