СӨЖ
Тақырыбы:Сезім мүшелерінің дамуы және жасқа байланысты ерекшеліктері Орындаған:Әскербекұлы Ерасыл
Топ:1-004 Педитария
Қабылдаған:Тулеуова Г.Қ.
Қарағанды 2023 ж
Сезім мүшелері — сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.Сезім мүшелерін біз көру мүшесі,иіс сезу мүшесі,дәм сезу мүшесі және есту мүшесі жатады.
КӨРУ МҮШЕСІ Көз-рецепторлық қызметті торлы қабықшаның нейросенсорлық жасушалары атқаратын,көру анализаторының шеткері бөлігі болып табылатын көру мүшесі.
Көздің дамуы.Көз әр түрлі эмбрионалдық бастамалардан дамиды.Көздің торлы қабықшасы және көру жүйкесі эмбрионалдық бас миымен қуыс көз сабақшасы арқылы байланысын сақтайтын көз көпірікшелері түрінде жүйке түтікшесінен қалыптасады.Эмбриогенездің 4-ші аптасында көздің торлы қабықшасының бастамасы біркелкі аздифференцияланған жасушалардан тұрады.5-ші аптада торлы қабықша екі қабатқа бөлінеді:сыртқы-ядролық,және құрамында ядролары жоқ,ішкі қабат.Сыртқы ядролық қабат матрикстік аймақтың қызметін атқарады,ол жерде митоз көріністері көп байқалады.6-шы аптаның басында матрикстік аймақтан ішкі қабатты құрайтын нейробласттар көше бастайды.шы аптаның басында матрикстік аймақтан ішкі қабатты құрайтын нейробласттар көше бастайды.3-ші айдың аяғында ірі ганглиозды нейрондар қабаты анықталады.
Көздің құрылысы.Көз алмасы үш қабықшадан тұрады:Көздің сырқы бұлшық еттері бекитін көз алмасының сыртқы фиброзды қабықшасы қорғаныш қызметін атқарады.Оның құрамында алдыңғы мөлдір қабығы және ақ қабық ажыратады.Ортаңғы қабықша зат алмасу үдерістерінде негізгі рөл атқарады.
Сыртқы фиброзды қабықша құрамында жайпақтанған фибробласттар және жеке орналасқан эластикалық талшықтар бар,коллаген талшықтарының шоғырлары болып табылатын тығыз пішінделген талшықты дәнекер тіннен түзілген.
Көздің мөлдір қабықшасы көздің фиброзды қабықшасының аз бөлігін алып жатады және қорғаныш қызметін атқара отырып, жоғары оптикалық гомогенділікпен ерекшеленеді,сәулені өткізеді және сындырады,сонымен қоса,көздің сәуле сындырғыш аппаратының құрамдық бөлігі болып табылады.
Көз бұршағы.Бұл екі жағы да дөңес,мөлдір дене,оның пішіні көздің жақыннан және алыстан көруге аккомадациялануы кезінде өзгеріп тұрады.Көздің мөлдір қабықшасы және шыны тәрізді денемен бірігіп,көз бұршағы негізгі сәуле сындырушы ортаны құрайды.Талшықтарының құрамында мөлдір нәруыз кристаллин анықталады.
Шыны тәрізді дене.Бұл көз бұршағы мен торлы қабықшаның арасындағы кеңістікті толтырып тұратын,құрамында 99% су болатын,желе тәрізді мөлдір зат.Бекітілген препараттарда шыны тәрізді дене торлы құрылым түрінде анықталады.Шеткері аймақтарында ол,ортасына қарағанда тығыздау болады.