Топ: 1-004 Педитария Қабылдаған: Тулеуова Г.Қ. Қарағанды 2023 ж Сезім мүшелері


Адамның жасына байланысты өзгерістері



бет4/5
Дата18.12.2023
өлшемі62,6 Kb.
#140598
1   2   3   4   5
Байланысты:
гиста сөж

Адамның жасына байланысты өзгерістері.Бұл өзгерістер көбінесе адамның бүкіл өмірінде басында өткен қабыну үрдістерімен байланысты,олар рецепторлық жасушалардың атрофиясына және респираторлық эпителийдің қаулап өсуіне әкеледі.


ДӘМ СЕЗУ МҮШЕСІ
Дәм сезу анализаторларының шеткері бөлігі-дәм сезу мүшесі дәм сезу буылтықтарында орналасқан рецепторлық эпителийлік жасушалардан тұрады.
Дәм сезу мүшесінің дамуы.Дәм сезу буылтығы адам эмбриогенезінде 6-7 апталарында дами бастайды.Олар тілдің дорсалды беткейәнде оның шырышты қабықшасының бұлтиған өскіні түрінде қалыптасады.Дәм сезу буылтығының сенсоэпителийлік жасушаларының даму көзі тіл бүртікшелерінің көпқабатты эпителиі.Аздифференцияланған ізашарлардың дивергентті дифферонцировканың нәтижесінде дәм сезетін эпителиоциттердің әрқилы түрлері пайда болады.Сонымен,дәм сезу буылтықтарының жүйкеленуі олардың бастамаларының пайда болуымен бір мезгілде жүреді.

Құрылысы.Әрбір дәм сезу буылтығының пішіні эллипсоидты,биіктігі 27-115 мкм көпқабатты эпителийлік қабатының барлық қалыңдығын иемденеді.Олар бір біріне жанасқан 40-60 әр түрлі гетероморфты эпителиоциттерден тұрады.Буылтықтың ұшы тілдің үстіңгі бетімен дәм сезу тесігімен байланысады.Дәм сезетін I типті эпителиоциттердің апикалды беткейінде 40 шақты микробүрлер болады,олар ас тітіркендіргіштерінің адсорбенттері болып табылады.Дәм сезетін II типті эпителиоциттердің цитоплазмасы ашық түсті,оның құрамында жазық эндоплазмалық тордың цистерналары,лизасомалар және ұсақ вауолдер болады.Дәм сезетін III типті эпителиоциттер цитоплазмасында электронды тығыз өзегі бар көпіршіктерінің болуымен сипатталып,дәм сезу буылтығында салыстырмалы үлесі 5-7% құрайды.Дәм сезетін IV типті эпителиоциттер дәм сезу буылтығының базалды бөлігінде орналасады.



Қалпына келуі.Дәм сезу буылтығының сенсорлық және тіректік эпителиоциттері үнемі жаңарып отырады.Олар өмір сүру уақыты шамамен 10 тәулікті құрайды.Дәм сезетін эпителиоциттердің күйреуі кезінде нейроэпителийлік синапстар үзіліп,жаңа сенсоэрителийлік жасушаларда қайтадан қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет