ЕСТУ МҮШЕСІ Есту және тепе теңдік сақтау мүшесі,немесе кіреберіс ұлу мүшесі,сыртқы,орталық және ішкі құлақтардан тұрып,дыбысты,гравитация және вибрация стимулдарын,сызықтық және бұрыштық жылдамдықтарды қабылдауды жүргізеді.
Сыртқы құлақ.Ол құлақ қалқанын,сыртқы есту жолынан және дабыл жарғағынан тұрады.Құлақ қалқаны эластикалық шеміршектің жұқа табақшасынан құралып,сыртынан құрамында аздаған жіңішке шаштары мен май бездері бар терімен қапталған.Оның құрамында тері бездері өте аз.
Сыртқы есту жолы құлақ қалқанының эластикалық шеміршегінің жалғасы болып табылатын шеміршектен және сүйектен тұрады.Жолдың үстіңгі бет құрамында шаштары және олармен біріккен май бездері бар,жұқа терімен қапталған.Бездердің саны дабыл жарғағына жақындаған сайын азаяды.
Дабыл жарғағы сопақша,сәл ішке ойысқан.Орта құлақтың сүйектерінің бірі балғашық өзінің сабымен дабыл жарғағының ішкі беткейімен байланысқан.Балғашықтан дабыл жарғағына қан тамырлары және жүйкелер өтеді.Дабыл жарғағы ортылық аймағында екі қабаттан тұрады,ол қабаттар коллаген және эластикалық талшықтардың шоғырларынан және олардың арасында орналасқан фибробласттардан құралады.
\
Ортаңғы құлақ.Ол дабыл қуысынан,есту сүйекшелерінен және есту түтікшесінен тұрады.Дауыл қуысы көлемі кіші шамасында болатын,жайпақтанған,шырышты қабықшамен қапталған кеңістік.Эпителий бірқабатты жазық,кей жерлерде текшелі немесе циллиндр тәріздіге ауысады.Ортаңғы құлақтың шырышты қабықшасында және сүйектенген құралған қабырғаларында бет,тіл жұтқыншақтық кезбе жүйкесінің тармақтары өтеді.
Есту сүйекшелері-балғашық,төс,үзеңгіше сыртқы құлақтың дабыл жарғағының тербелісін,ішкі құлақтың вестибулярлық баспалдағынан басталатын,сопақша терезеге жеткізетін тетіктер жүйесі тәрізді болып табылады.