Материал кептіргіш камераның ішіндегі стеллаждарға немесе вагонеткаларға орналастырылған латоктарда кептіріледі.
Қыздырылған таза ауа желдеткішпен сорылады және кептіргіш камераның төменгі бөлігіне беріледі. Осылай, кептіргіш аралық қыздыру және ауаның бөліктік рециркуляциясы арқылы жұмыс істейді, яғни төменгі температура мен кептірудің жұмсақ жағдайын қамтамасыз етеді.
Қозғалыссыз қалың қабатта кептіру әсерінен мұндай типті кептіргіштердің өнімділігі төмен және кептіру уақыты ұзақ.
Кептіру біртексіз, себебі, камерадағы температура біркелкі емес.
Қазіргі заманғы камералы кептіргіштерде ауаның біркелкі таралуын қамтамасыз ету үшін сыртқы желдеткішті ішкі осьтік желдеткішке ауыстырады немесе эжекторлар қолданады.
ТУННЕЛЬДІ КЕПТІРГІШТЕР
Камералы кептіргіштен айырмашылығы – мұнда бір-бірімен байланысқан вагонеткалар рельспен ұзын камера бойымен (коридор) баяу жылжиды.
Коридордың кірісі мен шығысында герметивті есіктер бар, олар материалды алу және салу үшін периодты түрде бір мезгілде ашылады.
Кептірілген материалы бар вагонетка камерадан шығарылады, ал қарама-қарсы жағынан оған ылғалды материал толтырылған жаңа вагонетка келеді.
Вагонеткалар трос арқылы қозғалады. Кептіруші агент кептірілуші материалға тура немесе қарсы ағынмен қозғалады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жидко В.И, Резчиков В.А, Уколов В.С Зерносушение и зерносушилки «Колос»
2. Какимов А.К, Тусипов Н.О, Еренгалиев А.Е, Масленников С.Л – «Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттарын жобалау », Семей 2008 жыл.
3. Ахбердиев.Э. Молдабеков Ш.М – «Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары», Алматы 1993 жыл.
4. Сейітов. З - «Биологиялық химия» Алматы 1992 жыл.
5. Дытнерский Ю.И – «Основные процесы и аппараты химической технологии», Москва 1991 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |