Топ: 201-3 Қабылдаған: Ахонова. М атырау қаласы, 2023-2024 оқу жылы



Дата21.12.2023
өлшемі24,36 Kb.
#142290
Байланысты:
201-3


Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау университеті
«Телерадио бағдарламаларды дайындау технологиясы» пәні

«ЕРКІН» жастар радио хабары

Топ:201-3
Қабылдаған:Ахонова.М


Атырау қаласы, 2023-2024 оқу жылы
«Телерадио бағдарламаларды дайындау технологиясы» пәні

Жоба жетекшісі: Ахонова Меруерт
Бағдарлама тақырыбы: Қыс мезгілі
Мақсаты: Қыс мезгілінің жалпы адамзаттың денсаулығына әсері. Осы мезгілдің жағымды және жағымсыз тұстары.
Радиохабар: «ЕРКІН» жастар хабары
Топтағы студент саны: 4 студент
Басталуы: Түскі уақыт 15:00
Ұзақтығы:
Спикер: Ауа-райы болжаушысы Динара Аянқызы
Дәрігер Мөлдір Серікқали
Тақырып авторы: Ақерке Жандосқызы
Редактор: Мөлдір Жаңғабылқызы
Сценарист: Данияр Маратұлы,
Темірболат Ақерке
Серікқали Мөлдір
Жақсығали Динара
Жүргізуші: Данияр Маратұлы
Ақерке Жандосқызы

1-жүргізуші: Қайырлы кеш Қазақ елі


2-жүргізуші: Армысыздар біздің сүйікті радиотыңдармандар. “Еркін” бағдарламасы сіздермен қайта қауышты. Алдымен әсем әуенге кезек берсек , содан соң біз әдемі сұхбатымызды бастаймыз.
Ән: Далада қар
2-жүргізуші: Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай! Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері.
1-жүргізуші: Таңертең оянып, терезеден қарасам, далаға алғашқы қар жауапты. Көліктерді, ағаштарды және үйдің шатырларын қар басқан. Ағаштың бұтақтары әдемі болып, жарқырап тұр. Қыс мезгілін неге ұнатасын деген сұрақтың жауабы айқын – сұлулығы үшін! Мен қыстың келгеніне қуанамын! Бұл ерекше жыл.
2-жүргізуші: Осыған орай студиямыздың қонағы, Ауа-райы болжаушысы Динара Аянқызы.
-Сәлеметсізбе, қош келдіңіз!
Динара: Сәлеметсізбе,Қош көрдік!
2-жүргізуші: Динара ханым жалпы қыс мезгілі туралы не айтасыз? Пайдасы және зияны дегендей. Жалпы адамдарға қалай әсер етеді? Сол туралы айта кетсеңіз.
Динара: иә, әне-міне дегенше қаламызға қыс маусымы да келіп жетті. Бұл кездің өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Қыстың ағзаға жағымды және жағымсыз әсерлері жөнінде біле жүргеннің артықшылығы жоқ деп ойлаймын.Қыста ауа тазара түседі, демек оттегі көбейеді. Зиянды заттар азаяды, оларды қар өзіне сіңіріп алады. Суық ауаның әсер етуі қан айналымын жақсартады, сол себепті тері созылғыш болады. Бұл кезде ультракүлгін сәуленің әсері де азаяды. Салқын ауаның терісі майлы адамдарға да пайдасы бар, өйткені май бездерінің жұмысы бәсеңдейді. Аязда вирустар өледі, сөйтіп ағзаның иммунитеті артады. Өйткені жылыну үшін адам белсенді қимылдайды, инфекциямен күресетін лейкоциттердің жұмысы күшейеді, интерферон көп түзіледі. Адам дене жаттығулары арқылы шыныға түседі. Дегенмен 15 градустан төмен температурада жүгіру, велосипед айдау сияқты белсенді әрекеттер жасалмауы керек, одан өкпе «күйеді». Мұндайда жылы киініп, серуендеген пайдалы.
2-жүргізуші: Алдағы уақытта қыстың қатты суық немесе жылы болуы туралы не айтар едіңіз?
Динара: Синоптиктердің болжамынша, 2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы сценарийі бойынша күтіледі, яғни жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын және одан да көп болады. Суық кезең ішінде республика аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі енуі болжанады.Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Желтоқсан айында ғана Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал Қазақстанның солтүстігі мен шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады.
1-жүргізуші: Данияр, мысалы мен үшін қыс мезгілі қатты ұнайды. Ол жаздағыдан әлдеқайда қысқа болғанымен, жарқын және көңілді өтеді. Менің ең сүйікті мерекем, осы мезгілде болады. Ересектер де, балалар да бұл мейрамды асыға күтеді. Адамдар шыршаларды безендіріп, үйлерді, мектептерді және саябақтарды әшекейлейді.
2-жүргізуші: Біздің отбасы үшін – бұл жыл мезгілі ерекше уақыт. Біз қаланың сыртында тұрамыз. Үйдің ауласында бірнеше шырша өсіп тұр. Оларды безендіретін бұйымдарды өз қолымызбен жасаймыз. Кішкентай інімді қасыма ертіп алып, жаңа жылдың қарсанында аққаланы дұрыс қалауды үйретемін. Қысқы мейрамдар жанұяны біріктіріп, балаларға қуаныш сыйлайды. Жалпы осы қыс мезгілі көңілді уақыт екені белгілі.
1-жүргізуші: Осы орайда біздің әуе толқынымызда әсем әуен.Хабарамыздан алшақтамаңыздар.
Ән: Алғашқы қар
2-жүргізуші: Бұл мезгіл көңілді өткенімен, жағымсыз тұстары бары анық.
1-жүргізуші: Иә бірнеше аурулар тарап, жол апаттары көп орын алады. Ендеше осы мәселелерді анығырақ білу үшін студиямызда облыстық аурухана дәрігері Мөлдір Жаңғабылқызы қонақта.
-Сәлеметсізбе Мөлдір ханым. Біздің радиохабарға қош келдіңіз!
2-жүргізуші: Қыс мезгілінің адам денсаулығына әкелер кері әсері туралы және алдын алу жолдарын, біздің радиотыңдармандарымызға айта өтсеңіз.
Мөлдір: Ал қыстың зиянды тұстары-қыс кезінде күн қысқа, бұл ағзаға кері әсер етеді, Д витамині түзілуі тежеледі, қалқанша бездің белсенділігі төмендейтіндіктен зат алмасуы баяулайды. Сондықтан мүмкін болса, ашық күн астында, жарық жерде жиірек болуға тырысқан жөн.Бір есте сақтайтын жайт – бөлме ауасының тым құрғап кетпеуіне баса мән беру керек. Оны желдетіп тұрған жөн. Ұйқы кезінде де ағзаға оттегі керек екенін ұмытпаңыз.Қыста бронхит, колит сияқты аурулар біраз мазалауы да мүмкін. Өйткені алғашқы кездегі суық бұл созылмалы ауруларды «оятып» жіберуі ықтимал. Сондай-ақ жылы жерден бірден суыққа шығудың тамырды тарылтып, құрыстыруы мүмкін екенін де ұмытпау керек. Яғни бұл кезде инфаркт, стенокардия қаупі артады. Буындардың қозғалғыштығы төмендейді, гипертониямен ауыратындардың мазасы кетеді. Сондықтан суық ауаға біртіндеп бейімделген абзал.Қыста кездесетін ауырулардың алдын алу шаралары мынадай:Ең алдымен науқас адаммен байланыста болмауға тырысу қажет,инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу қажет жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жауып көп адам жиналған жерде болмауға тырысу және бөлменің ауасын жиі тазарту.
1-жүргізуші:Уақыттпрыңыздың тапшылығына карамай біздің бағдарламаға келгендеріңіз үшін көп рахмет. Тыңдармандар үшін сіздердің ақпараттарыңыз пайдалы болды деген сенімдеміз.
2-жүргізуші:Ал радиотыңдармандар осымен бізге берілген уақыт тәмәм. Ендеше әр жұма, сағат түскі 15:00 де «Еркін» бағдарламасы сіздермен қайта кездеседі. Сау саламатта болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет