Топ: 402 ә Күні: Тақырыбы: Әлеуметтік қызметтегі көшбасшылық Мақсаты


II. Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту/мотивация/



бет2/7
Дата27.06.2022
өлшемі48,5 Kb.
#37341
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0006dee8-65eca709

II. Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту/мотивация/
Миға шабуыл: Сонымен көшбасшы -оқытушы дегеніміз кім?( Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.)
ІІІ.Стандартты типтегі тапсырмаларды орындау

  1. «Жағдаяттарға байланысты мен көшбасшы бола аламын ба?»

Әр тoп өзiнe бeрiлгeн тaпcырмaдaғы көшбacшының рөлiн coмдaу кeрeк. Яғни, әр топ жағдаятты көрініс ретінде қойып, мәселелерді шешу қажет.

  • Сіздің ұжымдағы әріптестеріңіздің арасында ауызбіршілік жоқ. Осы жағдайды қалпына келтіру үшін көшбасшы ретінде сіз не істер едіңіз?…

  • Ұжым мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін көшбасшы ретінде не істер едіңіз?…

  • Әріптестеріңізбен демалысқа шығып, қайықпен серуендеген кезде қайықтың ішіне су кіріп жатқанын көрдіңіз көшбасшы ретінде не істер едіңіз?…

  • Сіздің тобыңыздың студенттері Әсетті группаласы ретінде қабылдамай жүр. Сіздің көшбасшы оқытушы ретінде не істер едіңіз?…

2)Көшбасшының шеберлік қырын қалыптастыратын жаттығулар
1.Іскер көшбасшы- қойылым
2.Эмоционалды көшбасшы-қойылым
3. Ақпараттық көшбасшы-интервью
«Оқытудағы көшбасшы мұғалімнің моделі». Енді әр топтың басшылары ортаға келіп сұрақтарды таңдап, алуыңызды сұраймыз. Осы сұрақтарды топта талқылап, постер дайындап, ортаға келіп қорғауыңыз қажет.
Сұрақтар:
1.Көшбасшы деген кім?
2.Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?
3.Көшбасшылық: бұл қасиет мұғалімге қаншалықты қажет және маңызы қандай?
4.Ең алдымен көшбасшының тұлғалық қасиетін, содан соң оқытушының кәсіби қасиеттерін ретпенен жазыңыз?
5.Өзіңізді ұжымыңызда көшбасшымын деп сезінесіз бе?
6.Егер сіз көшбасшы оқытушы болсаңыз мұғалім мансабын қалай көтерер едіңіз?
7.Мұғалім ұжымындағы көшбасшылық іс-әрекетінде кездесетін қандай кедергілер бар?
8.Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі-көшбасшылық қабілетінде дегенді қалай түсінесіздер?
9.Оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында сіздің көшбасшы ретінде ұсынысыңыз?…
10.Көшбасшы ретінде мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін не істер едіңіз?…
11.Көшбасшы оқытушыға ұжым тарапынан қолдау қажет деген пікірге қалай қарайсыз?
12.Көшбасшы оқытушыға өз тарапыңыздан қандай көмек көрсетер едіңіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет