Топ: 402 ә Күні: Тақырыбы: Әлеуметтік қызметтегі көшбасшылық Мақсаты



бет5/7
Дата27.06.2022
өлшемі48,5 Kb.
#37341
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0006dee8-65eca709

Ү.Бағалау.
VІ.Үйге тапсырма.
Көшбасшы нені білу керек? Презентация әзірлеу.
ҮІІ. Рефлексия. Кері байланыс.
1 сурет 5 сөз. Адам алақанының суретіне тілек пікірлерін жазып қалдырады

«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азаматнағыз көшбасшы болуға лайық»


Н.Ә.Назарбаев


Көшбасшы ұғымына анықтама беру
Сонымен көшбасшы – оқытушы дегеніміз кім?
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.
Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға.
Көшбасшы оқытушы — бұл идеялар генераторы, нағыз шебер, ол өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, сендіре біледі.
Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйреніп, заман талабына сай көшбасшы болуға ұмтылуы қажет. Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді.
Көшбасшы оқытушыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды. Ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады.
Көшбасшылық – бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау.
Көшбасшы оқытушы мен Басшы мағынасы бір емес.
Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмысты реттеп қабылдап отырады.
Ал, Көшбасшы оқытушы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшы оқытушы болу үшін сізге өзіңіздің дамуыңызға, жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет