Топ: 402 ә Күні: Тақырыбы: Әлеуметтік қызметтегі көшбасшылық Мақсаты



бет7/7
Дата27.06.2022
өлшемі48,5 Kb.
#37341
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0006dee8-65eca709

Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.

  • Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.

  • Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады.

  • Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды.

    1. Көшбасшы және көшбасшылық
    Көшбасшы - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам көшбасшы ретінде танылады.
    Көшбасшыға алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жауапкершілік, іскерлік т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Көшбасшылық – топтағы табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Көшбасшы тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана көшбасшының айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді.
    Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшылық деген (ағылшынның.leader – деген сөзінен алынған жетекші, алғашқы, алдынғы) деген мағынаны білдіреді. Көшбасшы – белгілі бір топтағы беделі жоғары, өзгелерге әсер ету мүмкіндігі бар, басқарушы тұлға.
    Көшбасшы және көшбасшылықтың мақсаттары мен міндеттері
    Көшбасшының мақсаты - өзінің әдістері мен қабілеттерін табу және талдау, өз мүмкіншіліктерін анықтау, өзгеше әрекет етуді үйрену. Өз жеңісіңе сенуіңізге ешқандай негіз болмаса да, жеңіске жететініңізге сенгеніңіз жөн. Көшбасшылық - ең әуелі, өз бірегейлігіңді ұғыну.
    Ал жастар арасындағы көшбасшы көбінесе, басқа адамдарға қажетті және құнды қасиеттерге ие адамдар көшбасшы болып таңдалады. Жастардың негізгі құндылықтарының бірі - уақытты қызықты өткізу. Қарым-қатынас, кей кезде ешқандай мақсат көздемейтін, карым-қатынас процессі мақсат ретінде танылады. Сол коммуникациялар кезінде жас жігіттер мен бойжеткендер құрдастарынан өз маңыздылығын растап, өз статусын анықтайды. Олар үшін қолдау өте маңызды, себебі, көптігінде өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптаспаған. Олардың құндылықтар жүйесі жиі бұқаралық ақпарат құралдарының, интернеттің, құрдастары мен ұқсағысы келген адамдармен араласу әсерімен қалыптастырылған.
    Сіздің көшбасшылық қасиеттеріңіз төмендегілерге тәуелді:
    · Сіздің мінезіңіздің сипаттамалары, туа біткен, жүре біткен
    · Өмірдегі жағдайлар, өзіңізді көрсететін жерлер
    · Сіздің ішкі жан дүниеңіз және зейініңіз адамдарға әсер етеді
    Көшбасшылық адамның мінезі негізінде құралады. Көшбасшы болу үшін сізге өзіңіздің дамуыңызға , жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.
    Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді. Әдетте шын көшбасшы болып адам 30-35 жаста өмірілік тәжірибе жинағанда болады.
    Адамдарды басқару бойынша адамдар екі типке бөлінеді:
    · «ойыншылар»
    · «ашықтар»
    «Ойыншылар» сыртқа жақсы әсер қалдырады, бірақ еш одан пайда жоқ. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері жоқ және олар оны пайдаға орай тез өзгертіп отырады. Олардың өз пайдаларын ойлауы арқасында осы жақсы әсердің арқасында өзгелерге шығын жатқанын жасырып қалады. Бұл өз рөлдерімен маскаларын әрқашанда өзгертіп отыратын «ойыншылар» деп аталады. «Ойыншылар» карьера қуған және ешкімге дер бермейтін, өз мақсатын ған көздеген адамдар.
    «Ашықтар» бұл ұжым көзқарасымен әрекет ететін көшбасшылар. Олар «ойыншылардың» толықтай қарама-қарсы түрі. Бұл адамдар нағыз көшбасшылар болып есептеледі және бұл адамдар ұжыммен шын қарым-қатынас құрады. «Ашықтар» қоршаған ортаның үлкен беделіне ие болады. Мұндай адамдар «Ойыншыларға» қарағанда аздау болады.
    Көшбасшы адамдарды артынан ерту үшін, өзгелерге әсер ету үшін, өнеге болу үшін белгілі тұлғалық қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Біздің жастар арасынан шыққан көшбасшылар - мыңдаған адамдардың жүрегінде намыс алауын лапылдатқан ұл-қыздарымыз қаншама, бесіктен белі жаңа шыққан, үйлерінде өнегелі тәрбие алған, өзгелерге еліктеу нысаны болған жастарымыз әр-уақытта да.
    Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет