Егер мұғалімнің білім дәрежесі жоғары, әрі сапалы болса, онда оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастырып, өзара әрекеттестікті тиянақты ұйымдастыра алады
Егер мұғалімнің білім дәрежесі жоғары, әрі сапалы болса, онда оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастырып, өзара әрекеттестікті тиянақты ұйымдастыра алады.
ҒЫЛЫМИ БОЛЖАМ
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады.Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады,еңбекпен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Жеке адамның өзі де – қоғам мүшесі әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан,оның өмiртiршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі.
кіріспе
Топтың түрлері
Адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың түрлері сан алуан. Мәселен мұның бірі – нақты топтар. Бұл ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте,белгілі уақыт ішінде,бір-бірімен қоян қолтық араласып, іс-әрекетке түсетіндер. Топтар басшылықсыз не жетекшісіз болмайды. Кез-келген топтың сайлап алған, не белгілеп қойған басшысы болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшының жетекшілігімен әр алуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтижелі болуы жетекшіге байланысты.