Топ фмк 21-19 Курс: Семестр: 7


Радиациялық қауіпті обьектілердегі авария кезінде халықтың өзін-өзі ұстау және іс-қимыл жасау тәртібі



бет49/58
Дата31.12.2021
өлшемі323,52 Kb.
#22979
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
Байланысты:
Апат.катаст.

Радиациялық қауіпті обьектілердегі авария кезінде халықтың өзін-өзі ұстау және іс-қимыл жасау тәртібі

«Баршаңыздың назарыңызға» ескерту дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала екі нұсқадан тұруы мүмкін барлық ескерту шараларын тез, саспай және мұқият орындау қажет.

Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау:



  • Тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қымтау жөніндегі жұмыстарды орындау;

  • Жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;

  • Қоғаныс ғимараттарын пайдалану;

  • Қозғалысты шектеу;

  • Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;

  • Йодтың немесе калий йодының 3-5 % тұнбасын пайдаланып, йодтық сақтандыруды жүргізу; қолдану схемасы 2 жасқа дейінгі балаларды йод тұнбасымен 7 күн бойы күніне 3 рет тамақтан кейін 100 мл суға немесе сүт қоспасына 1-2 тамшысын қосып беру, 2 жастан жоғары балалар мен ересектерге 100 мл суға немесе шайға калий йодының 3-5 тамшысын қосып беру, 2 жасқа дейінгі балаларға 7 күн бойы тәулігіне бір рет тамақтан кейін 40 мг, 2 жастан жоғары балалар мен ересектерге 125 мк мөлшерде суға қосып ішкізу;

  • Суды, азық- түлікті қорғау, оларды шаң өтпейтін ыдысқа сақтау;

  • Тағам өнімдерін жуып- шаю;

  • Мал қораларын қымтау;

  • Радио мен теледидарды қосып қою;

  • Ықтимал көшуге даярлану

Барлық шектеу шаралары хабарланып, түсіндіріледі. Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет, яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету. Ғимараттардан шығар алдында көшу үшін мұздатқышты тазалап, барлық электр және газ приборларын ажыратып, қоқыс салғашқа жылдам бұзылатын азық- түлікті, сұйықты, қоқысты апару керек. Тосын қажеттілік жағдайында көшіру үй, кіре-беріс және қорғаныс ғимараттары арқылы жүргізіледі. Қалған жағдайда көшу мына тәртіппен жүргізіледі: бірінші кезеңде еөшірілетін халық қауіпті радиоактивті зақымдалу аймағының шекарасына дейін көлікпен жеткізіледі. Екінші кезеңде дозалық бақылау, дәрігерлік тексерістен кейін, ал қажетті жағдайда кір киім мен аяқ киім ауыстырылып, көшірілетін адамдар орналастырылатын елді мекендерге таза көлікпен жеткізіледі. Барлық ұйымдастыру мен қамсыздандыруды жергілікті органдар, төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер мен басқармалар, милиция органдары өзіне алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет