Топ фмк 21-19 Курс: Семестр: 7


Материалды-техникалық жабдықталуы



бет51/58
Дата31.12.2021
өлшемі323,52 Kb.
#22979
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Байланысты:
Апат.катаст.

Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.
Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.



Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут

Тест сұрақтары және ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру



Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут

Химиялық қару- ұрыстық химиялық заттарды (ҰУХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі.

ҰУХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ ҰУХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады.

Химиялық қаруларды обьектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.

Химиялық қарудың ұрыстық қасиеті мен өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:

Уз мен токсиндер өте улы болады, азғантай дозаның өзінде ауыр және өлім қаупін тудыратындай зақымдайды;

ҰУХЗ-дың тірі организмді зақымдау әрекетінің биохимиялық механизмі;

УЗ мен токсиндердің қару- жарақ пен ұрыс техникасына, ғимараттарға, құрылыстарға өтіп, ондағы қорғалмаған тірі күшін зақымдау қабілеті;

ҰУХЗ- дың белгілі бір уақыт бойы жергілікті жерді, қару- жарақты, ұрыс техникасы мен атмосферадағы өзінің зақымдау күшінің әрекет ету ұзақтығы;

Қарсыластардың ҰУХЗ-ды қолдану фактісін және оның типін дер кезінде табудың қиындығын белгілеу;

Тірі күшті зақымдау дәрежесі мен сипатын басқарудың мүмкін болатындығы;

Химиялық қару зардаптарынан қорғану және оны жою үшін химиялық барлаудың, жеке және ұжымдық қорғану, газсыздандыру, санитарлық өңдеу, антидот және т.б. әр түрлі кешендер шарасын қолдану қажеттілігі.

Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде ауыр экологиялық және генетикалық зардаптар болуы мүмкін. Химиялық қаруды қолданудың экологиялық зардабы ҰУХЗ- дың жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, сондай-ақ топыраққа, суға, ауаға тигізетін әсерімен байланысты, одан қоршаған ортаның жағдайы шиеленісіп, адамның өмір сүруін қиындатады. Генетикалық зардаптар келешек ұрпақтың дамуында жағымсыз із қалдырады.

Ұрыстық улағыш химиялық заттар әрекеттері жөнінен:

Жүйке жансыздандыратын әрекеттегі УЗ-VX (ви-икс), зарин, зоман;

Тері- іріңдік әрекеттегі УЗ- иприт, люизит;

Тұншықтырғыш әрекеттегі УЗ- фосген, дифосген;

Жалпы улы әрекеттегі УЗ- синил қышқылы, хлорциан;

Тітіркендіргіш әрекеттегі УЗ- CS, CR;

Психохимиялық әрекеттегі УЗ- BZ деп бөлінеді.

Химиялық қарудың зақымдаушы факторларына ҰУХЗ- дың әр түрлі ұрыстық күйі жатады. ҰУХЗ- дың ұрыстық күйінің түрлері: бу, аэрозоль және тамшылар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет