Бу- газ тәрізді түрде болатын зат.
Аэрозольдар- ауада тұратын және сұйық бөлшектерден құралған дисперсті гетерогенді жүйелер.
Тамшылар- өте ұсақ бөлшектер.
Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып, дем алу арқылы тірі жанды зақымдайды.
Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі ҰУХЗ жергілікті жерді, қару- жарақты, әскери техниканы, әскери киімді, қорғану құралдарын, суларды зақымдап, қорғалмаған тірі жанды оның тері бетінде бөлшектердің түскен кезінде де, олардың зақымданған жер бетінің булану нәтижесінде түсу немесе тірі жанның зақымданған жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.
Тірі жанның зақымдануы зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін.
Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта ішінара пайдалану баолық соғыстар тарихында өз орнын тапқан.
Химиялық қаруды улағыш заттарды әскери мақсатта қолдануға тиым салатын келісім- шарттар қабылданды.
Қаланың көшелерінде УЗ жоғары концентрациясы ауа ағысымен таралуы мүмкін, сол уақытта көрші, көлбей орналасқан көшелерде УЗ аз көлемде болуы мүмкін.
УЗ-дың адамдарға зақымдаушы ықпалы олардың адам организміне ене отыра оның қалыпты тіршілігін бұзу, әртүрлі ауру-сырқауға ұшырату, ал белгілі бір жағдайда оны ес- ақылынан айыру қабілетімен ерекшеленеді. Адамдар мен хайуанаттар УЗ-тың: тыныс алу органдары, тері қабаты, кілегейлі қабық, жарақаттанған мүше арқылы өтуі нәтижесінде зақымдалады. Оның организмге ықпал ету нәтижесінде уланумен қатар жекелеген генетикалық салдар да пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу мүмкіндігі организмнің зақымдану деңгейімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |