Топ фмк 21-19 Курс: Семестр: 7



бет53/58
Дата31.12.2021
өлшемі323,52 Kb.
#22979
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Апат.катаст.

Улану белгілері мыналар: бастың ауруы, бастың айналуы, көздің қарауытуы, құлақтың шуылы, қатты әлсіздік, демікпе, құсықтың келуі. Ал қатты уланған жағдайда құрысу, естен тану, тіпті өлім жағдайына жеткізеді.

Хлор- қатты тітіркендіргіш иісі бар, қоңыр- жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр.

Ерекшелігі- хлор аласа жерлерде, жер төлелерде, тоннельдерде, құдықтарда жинақталады, жерге жасыл түсті тұман жайылады. Суда нашар ериді, барлық химиялық элементтермен дерлік қосылыс түзеді.

Хлор органикалық қосылыстарды шығаруға пайдаланылады, маталарды ағарту, ауыз суын залалсыздандыру үшін қолданылады.

Организмге әсері. Хлор буы тыныс алу органдарын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді.

Ұзақ уақыт бойы әсер еткенде өкпені қабындырып, қиын жағдайға душар етеді.



Улану белгілері: кеуденің шаншып ауруы, көзден жас ағу, құрғақ жөтел, құсқысы келу, ентігу, жоғары концентрацияларда зардап шегуші тұншығады, оның беті көгеріп қашуға әрекеттенеді, алайда құлап есінен айрылады.

Қорғану құралдары. Тыныс органдары мен көзді сүзгілік азаматтық газқағарлар қорғайды: А- қоңыр түсті, Б- сары түсті, Г- қарақоңыр түсті, Е- қара түсті.

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Зардап шегушіні жедел таза ауаға алып шығып, су буымен демалдыру керек. Ауыр клиникалық формадағы айрықша жағдайда оттегімен дем алдырады. Күлдіреген теріні кемінде 15 минут бойы 2% ерітіндісімен жуу керек. Дем алмаған жағдайда «ауызға ауыз» әдісі мен қолдан дем алдыру керек. Зақымдалушыға ыстық сүт немесе шәй беріп, мойын жағын жылы киіммен қынтап, тыныштыққа қалдыру керек. Тек жатқан күйінде ғана көтеру керек.

Аммиак- мүсәтірге тән қатты иісті, түссіз газ. Т-34 с қатаяды. Сұйық аммиак органикалық қосылыстардың үлкен санын жақсы ерітеді. Тоңазытқыш машиналарының қажетті заты ретінде пайдаланылады, сондай-ақ азотты тұздарды, синил қышқылын, несеп нәрін, тыңайтқышты алуға да қолданылады.

Организмге әсері. Көзге, тыныс органдарына, орталық нерв жүйесі мен тері қабаттарына қауіпті. Аммиактың жаппай әсерінен кейін бірнеше минуттан соң әлсіздік қатты байқалады. Дене құрысады.

Есту қабілеті күрт төмендейді, өкпенің қабынуы мүмкін. Аммиакпен зақымданудың нәтижесінде жүйкенің ауытқуы мүмкін. Қабақ пен көз жанарына күш түсіп, кейде көздің көрмей қалуы мүмкін.



Зақымдалу белгілері. Тұмау, жөтел, дем алудың қиындауы, жүрек соғысының жиілеуі. Аммиактың буы сілекей бездері мен тері қабаттарын қатты тітіркендіреді. Теріні күйдіріп, қатты қызартады. Көз қарауытып, жас ағады.

Қорғаныс құралдары. К- жасыл түсті, И- қызыл түсті, КД- сұр түсті маркадағы қорапқа салынған сүзгіштік өнеркәсіптік газқағарлар.

Алғашқы дәрігерлік көмек. Аммиакпен зақымдалған адамды таза ауаға шығарып, жылы киім кигізіп, тыныштықта қалдыру керек. Он проценттік ментол мен хлороформ ерітіндісі бар жылы су буымен дем алдыру керек. Ыстық сүт ішкізу керек. Тұншыққан жағдайда оттегін жіберіп, ал дауыс қуысы бітелген кезде мойынды қынтап, тамаққа қыздырғыш қағаз басу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет