Құнарлық түрлері.Топырақ құнарлылығын, оның қоғамдық табиғатын және түрлерін бірінші К. Маркс (1875) ашқан. Маркс езінің «Капитал» атты іргелі еңбегінде топырақ құнарлылығын табиғи (тың топырақ коры), яғни пөтенциалды, тиімді (эффективті), экономикалық салыстырмалы (дифференциалды) түрлерін бөлген.
Табиғи құнарлылықтың топыраққа тен, ол кескін құрамындағы жалпы қоректік заттар қорымен сыпатталады.
Эффективті (тиімді) құнарлылық жылжымалы және өсімдік ( тиімді қоректік заттар мөлшерімен анықталады. Егіншілікте тиімді құнарлылық табиғи (табиғи жағдай) және жасанды (адам еңбегінің нәтижесі) құнарлылықтан құралады, яғни құнарлылықтың бір бөлігі топырақтың тегіне тән болса, екіншісі жасанды құнарлылыққа жатады. Эффективті құнарлылық топырақтануда қоректік заттар мөлшеримең (мг/кг, процент, т/га) сыпатталса, егіншілікте өсімдік өнімінің көрсеткіші арқылы (ц/га, теңге) экономикалык құнарлылық, айналады. Ол табиғи жағдайлармен қатар, ұйымдастыру-экономикалық себептерге тәуелді; топырақты дұрыс өңдеп, тұқым сеуіп, тыңайтса, өсімдікті жақсы күтсе, өнім жинауды механикаландырса, т.б. жұмыстар дер қезінде нақтылы орындалса, мол өнім жыйнауға және жоғары таза пайда табуға болады. Сонымен, Маркс айтқандай «Экономикалық құнарлылық қоғамдық арақатынасқа тығыз байланысты». Екі құрлық бөлігі топырақтарының құнарлылығы негізінде алынған өнімнің мөлшеріне қарай салыстырмалы құнарлылық анықталады.
Потенциалды құнарлылыққа топырақ құрамындағы өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қоры жатады. Ол топырақ құралу процесі барысында қалыптасады және адамның ондірістік орекетімен де толыктырылады. Сондықтан, топырақта бастапқы табиғи және жасанды потенциалды құнарлылық қалыптасады. Кеңес үкіметі тұсында ежелті топырақ құнарлылыгына арналған ізденістер жалғастырылды. С. Кравков (1926) топырақ, құнарлылығын былады түсіндірген: Біріншіден топырақта өсімдікке тиімді формада және жеткілікті мөлшерде азот, фосфор, калий, темір, магний, күкірт, кальций болу керек, екіншіден онда өсімдікке қолайлы физика-мехникалық факторлар (ылғал, ауа, жылу, т. б.) калыптасканы, үшіншіден — өсімдікке қолайлы және тиімді микробиологиялык процестер жүргені керек. Егер осыларға топырақтағы өсімдіктерге зиян және улы заттар болмауын қоссақ, ңқұнарлылықң деген сез өзінен өзі түсінікті болар едің.
Топырақ құнарлылығын зерттеуге В. Вильямс көп көңіл аударған (1914-1939ж.) Вильямсше топырақ және оның құнарлылығы туралы түсініктер біртұтас, өйткені құнарлылық топыраққұралу процесімен бірге қалыптасады.
Өсімдікке қолайлы жағдайларды Вильямс екі топқа бөлген ғарыштық (жарық, жылу) және жергілік (су, қоректік заттар).
Жоғарыда айтылғандай топырақ құнарлылығын, онын түрлерінің аттарын анықғауда, терминдік келісім жоқ., құнарлылығы ілімін дамыта келе, Вильямс бұл негізгі қасиетті ңтопырақтың өсімдікгерге қоректік элементтер мен жағдайларды мезгілді және тиісті мөлшерде жинап беру қаблетің деп түсіндірген. Шынында да құрамында жеткілікті құнарлылық элементтері бар, бірақ құнарлылық жағдайлары нашар топырақтар құнарлық деп саналмайды.
Сонымен, құнарлылық деген түсінікке топырақтың құнарлылық элменттері мен жағдайлары кіреді (сурет). Құнарлылық элементтері атмосфералық заттар (азот, оттегі, көмір қышқыл газ) және топырықтық элементтер (макро-азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкірт, микро-бор, молибден, мыс, цинк, кобальт т.б.) кіреді. Құнарлылық жағдайларына атмосферадан келетін күн сәулесі, жарық, жылу, жауын-шашын жатады да, топырақтың құрамы, қасиеттері және заттар құбылымы кіреді. Биологиялық тұрғыдан құнарлылық жағдайларына микробтық және ферменттік белсенділік пен өнім беретін сорттар ерекшеліктері жатады.