1-Сурет Топырақ құнарлылығының жағдайлары мен элементтері
Топырақ-топыраққұраушы факторлар функциясы (нәтиже) болса, оның құнарлылығы аталған элменттер мен жағдайлар функциясына жатады.
Топырақ құнарлылығының маңызды көрсеткіштеріне (параметрлеріне) заттар құбылымы (су, жылу, ғаз, қоректік элементтер т.б.) солар көрсеткіштерінің мезгілді өзгеруі, заттар мөлшерінің көбеюі, орын алмасуы, т.б. жатады.
Егіншілікте топырақ процестері мен құбылымына адам әсерлі (антропотекті) өзгерістер ентізеді. Сол үшін топырақты өңдейді, оны тыңайтады, суландыру, құрғату, химиялық мелиорация, тұздарды шаю т.б. жұмыстар атқарады. Адам осындай мақсатты агроәрекеттер мен топырақтың бастапқы (табиғи) қасиеттері мен құбылымдарын арнаулы бағытта өзгерте алады, яғни жасанды құнарлылық тузеді. Оның да потенциалды және эффективті түрлері болады.
Топырақ құнарлығының төмендеу «заңы». Топырақты дұрыс пайдаланбаса құнарлылық темендеп, тіпті бұл қасиет жойылып кетуі мүмкін. Соны далелдеу үшін XVІІІ ғасырда экономист Тюрто аты шулы «Топырақ құнарлылығының төмендеу заңын» шығарған. Оның мәнін ол мынандай: «Жерге (топыраққа, Т.Т.) сінірген еңбектен алынған қосымша өнім сәл еңбек мөлшеріне сәйкес көбеймейді керісінше, алынатын қосымша өнім мөлшері бірте-бірте азая береді» деп сипаттаған.
Сонымен, шығын өскенімен, мәселе алынған қосымша өнім мөлшерінің азаюында болып тұр. Бірақ, бұл пікірде өнімге топырақ құнарлығы заттығынын қатысын ескермеген. Топыраққұралу процесінің негізгі-заңы топырақ құнарлылығының ұлғаюы — оргнизмдер тіршілігінің функциясы. Осы тұрғыдан талқылағанда топырақтанудың негізгі заңы былай тужырымдалады. Тірі оргнизмдер қатысуы, күн соулесінің қуаты және үлкен геологиялық айналым аркылы келетін қоректік заттар топырақ кескініңде бірте-бірте шоғырлануы нәтижесіне жасырлар бойы топырақ, құнарлығының артуы өсімдіктерге негізделген. Бұны топырақ, пен оргнизмдер арасында жүретін кіші биологи ялық айналым дейді. Ол неғұрлым екпінді жүрсе, топырақ құнырығы да соғұрлым тез артады. Топырақтың табиғи құнарлығын толығымен іске жарату және оның эффективті түрі көтеру шаралары мен тәсілдеріне органикалық және минералдык тыңайтқыштары тиімді қолдану, кышқыл топыраққа әк, ал кебір топыраққ ғаныш қосу, топырақты өңдеу істерін жақсарту, суару мен қурғату және оны жел-су эрозиясынан сақтау, шоп егу, ауыспалы егіс енгізу және жғаргы өнім беретін дақылдар сорттарын есіру жатады.
Аталған тәсілдер мен шараларды жериеленушілер топырақ құнарлығына және өсімдіктер биологиясы ерекшеліктеріне сай жүргізуге міндетті.