Физикалық және химиялық угілулердің нәтижесінде
таулар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық
жуылып- шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің
ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады,
шаңданады. Бұл ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе
де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан қатты
соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі
дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда
ұнтақталған жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын
ештеңе болмаған, топырақ шіріндісі түзілмеген. Сондықтан
топырақ та пайда болмады.
Физикалық угілу болсын, химиялық угілу болсын,
химиялық үгілу болсын өзінше топырақ түзе алмайды.
Топырақ түзілу құбылысы – физикалық та емес, химиялық та
емес, биологиялық құбылысы.
Биологиялық үгілу нәтижесінде қатты тау жыныстарынан қопсыған,
ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда
болады. Әдетте, физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға
ерігіш, өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар
айналымына түседі де әр түрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге, тіпті
мұхиттарға
қосылып,
шөгінді
жыныстарға
айналады.
Осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстана
бастаған уақыттан бастап лоардың денесіне қоректі заттар өсімдіктер мен
микроорганизмдердің
таңдамалы
сіңірулерінің
нәтижесінде
көлемді
геологиялық айналымнан келіп түседі, яғни ауқым геологиялық зат
айналымынан
кіші
биологиялық
зат
айналымына
көшеді.
Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры
жыл санап молая береді.Сонымен құрамында қоректік заттары жоқ тау
жынысы тірі организмдер мекндегеннен кейін қоректік биофильді
минералды және органикалық азотты заттардың қорына айналады. Басқаша
айтқанда, құщнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда бола
бастайды.
|