Топырақ ТҮзілу қҰбылысының кезеңдері топырақ түзілу процесі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата01.02.2023
өлшемі1,35 Mb.
#64317
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№2

күлдік 
элементтер
(С, О, Н, N –тан басқа химиялық 
элементтер) оның органикалық заты құрамына 
кіреді. Өлгеннен кейін органикалық зат 
топыраққа түсіп микроорганизмдер әсерінен 
терең түрленуге ұшырайды, ал күлдік 
элементтердің басым бөлігі өсімдіктердің 
сіңіруіне қолайлы пішінге еніп жаңа 
органикалық заттың құрамына кіреді, бір бөлігі 
топырақта кідіріліп немесе сумен төмен 
шайылады. Нәтижесінде топырақ-өсімдік 
жүйесіндегі күлдік химиялық элементтердің 
заңды айналымдық миграциясы, яғни 
биологиялық зат айналымы
жүреді.


Жануарлардың топырақтүзілімге қатысуы
Топырақ жануарларының органикалық 
заттарды ұсату және түрлендіру қызметі 
барысында трофикалық пирамидалар 
түзілуіне байланысты, жер бетіндегі 
зоомасса мөлшері фитомассаның 
көлемінен едәуір аз – бірнеше миллиард 
тонна.


ТОПЫРАҚ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ТОПТАРЫ
МЕГАФАУНА
МАКРОФАУНА
МЕЗОФАУНА
МИКРОФАУНА
НАНОФАУНА


МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ТОПЫРАҚТҮЗІЛІМДЕГІ 
РӨЛІ
Топырақ микроорганизмдері құрамы мен 
биологиялық белсенділігі жағынан алуан түрлі. 
Мұнда бактериялар, актиномицеттер, 
саңырауқұлақтар, балдырлар және 
қарапайымдар тараған. Олардың сомалық 
массасы беткі қабатта 1 гектарда бірнеше 
тоннаға жетеді (1 г. топырақта млрд дана). 
Алайда микроорганизмдердің 
топырақтүзілімдегі маңызды рөлі олардың 
тіршілік циклының жылдамдығында.


Бактериялар - көлемі бірнеше микрометр 
болатын біржасушалы организмдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет