Туынды көрсеткіштер: құрғақ топырақтың тығыздығы pd, кеуектік n, кеуектік коэффициенті е, ылғалдылық дәрежесі Sr, илемдік сан Ip, аққыштық көрсеткіш IL.
Топырақтың кеуектілігі n деп –топырақтың бірлік көлеміндегі кеуектер көлемін айтады.
n=Vа/V*100
Топырақтың кеуектілік коэффициенті е-кеуектер көлемінің түйіршіктер көлеміне қатынасы
n=Va/Vs
Үш негізгі физикалық көрсеткіштерді (ps,w,p) біле отырып кеуектілік коэффициентін келесі формуламен есептейміз
e=ps-pd/pd=ps/p*(1+w)-1
Кеуектілік коэффициенті е біле тұра кеуектілікті есептеу мына формуламен n=e/1+e
Tопырақтың ылғалдылық дәрежесі Sr деп-топырақ кеуектерінің су мен толтырылу дәрежесін айтады және топырақтың табиғи ылғалдылығының толық ылғал сыйымдылығына қатынасы мен өрнектейді: Sr = w/wsat
Толық ылғал сыйымдылық wsat– топырақтың барлық кеуектерінің сумен түгелдей қанығуымен сипатталады
Илемдік сан Ip –шаңды-балшықты топырақтардың шекаралық ылғалдылықтарының айырмасы, яғни: Ip=wL-wp
Аққыштық көрсеткіші IL-шаңды-балшықты топырақтардың табиғи күйіне баға беру үшін қолданылады
IL=w-wp/wL-wp
Инженерлік есептерде меншікті салмағы деген түсінік пайдаланылады: топырақтың қатты бөлшектерінің меншікті салмағы ys, топырақтың меншікті салмағы у, құрғақ топырақтың меншікті салмағы у.