Қорытынды
Қорытындылайтын болсам, топырақтың физикалық қасиеттеріне оның құнарлылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер : топырақ құрылымы, су, ауа режимі, жылулық, меншікті және көлемдік салмағы. Сонымен қатар өндірістік құрылыс жол салуға топырақтың қаттылығы, иленгіштігі, жабысқақтығы сияқты қасиеттері жатады.
Топырақ - табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып - типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрады. Бұл ту жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен - ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле қоймайтыны белгілі. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныситарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайғкан тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте - бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналады. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды.
Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.
Табиғат күштерінің, әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың топыраққа әсері зор.
Үгілудің физикалыық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілуі деп оның химиялық құрамы өзгермей, тек әртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілуге қатысатын негізгі күштер – температура, жел күштері, тасқын сулар, көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі температура әсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болды делік. Уақыт өте келе оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып, ісінеді де әлгі сызат үлкен жарықшаға айналып, қатты жынысын әрі қарай бұзады.
Таулы аймақтарда диі-жиі жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі – ірі тастар да допша домалайды. Бір – біріне соғылған тсатар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу – тау жынстары құрамындағы суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Фихикалық және химиялық үгілу табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың климат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болуы заңды. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы ас а суық тундыра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.
Физикалық және химялық үгілулердің нәтижесінде таулар бұзылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шөгеді. Бұл ғасырлар бойы үздіксіс құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж.
2.“География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж.
3.Дүниетану оқулықтары 2-4 сынып «Алматыкітап»
4.Ж.О.Ошақбаева Мелиоративтік топырақтану, Алматы - 2010 жыл
5.Ж.Е.Елемесов, С.Қ.Қалдыбаев, Қ.М.Мұхаметкәрімов, Ж.О.Ошақбаева, Г.Р.Кекілбаева Топырақтану практикумы , Алматы – 2012 жыл
6. Ш.Т.Тайжанов, А.О. Амралин, Н.Б.Қошқаров «Топырақтану және геология негіздері» Астана: 2008
Достарыңызбен бөлісу: |