Топырақтың макро- жəне микроэлементтері Органикалық тыңайтқыштар



бет1/3
Дата13.05.2023
өлшемі227 Kb.
#92760
  1   2   3
Байланысты:
11 лекция


Топырақтың макро- жəне микроэлементтері


Органикалық тыңайтқыштар – жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Органикалық тыңайтқыштар бұдан 3 мың жыл-дай бұрын Қытай мен Жапонияда қолданыла бастаған. Бұрынғы КСРО аумағында ХІV – ХV ғасырлардан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыратын құрал ретінде кеңінен таралған. Органикалық тыңайтқыштарға көң, қи, құс саңғырығы, садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т.б. өсімдік қалдықтары, залалсыздандырылған тұрмыстық жəне өндіріс қалдықтары, ақаба сулардың тұнбалары, т.б. жатады. Өнеркəсіпте моче-вина шығарылады. Органикалық тыңайтқыштар құрамында топырақтың ең маңызды агроникалық қасиеттеріне қажетті макро-жəне микроэлементтер бар. Топырақты қарашірікпен, қажетті химиялық элементтермен байытуға, оның ылғалдылығын молай-тып, ауа мен су режимінің реттелуіне, физикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатып, сапасын арттырады. Құнарсыз топырақты құнарландыру үшін жəне сулан-дыру жүргізілген жерлерді игеру үшін міндетті түрде органикалық тыңайтқыштар себіледі. Көбіне топырақты жыртқан кезде тұқымды себуге дейін енгізіледі. Қопсыту кезінде өте шіріген қарашірік, тауық қиын, т.б., ал үстеп қоректендіргенде көбіне, садыра жəне тауық қиын қолданады. Картоп, жүгері, көкөніс жəне техникалық дақылдарды, күздік дақылдарды, т.б. отырғызғанда оның шұңқырына салу тиімді. Жылыжайларда егістік бетін жабындауда қолданады. Органикалық тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігі ылғалы жеткілікті аудан-дардағы шымды-күлгіндеу жəне орманның сұр топырақтарында жоғары, ал күлгінденген жəне сілтісіздендірілген қара топырақтарда төмендеу, құнарлы жəне қарапайым қаратопырақтарда төмен бола-ды. Органикалық тыңайтқыштардың мөлшері дақылдың түріне жəне топырақ-климаттық жағдайға байланысты 15 – 60 т/га-ға тең.
Құрғақшылық аудандарда жырту қабатының барлық тереңдігіне енгізіледі, ал ауыртопырақты жерлерде оның тереңдігі 15 – 18 см-ден аспауы керек. Микроэлементтердің мал шаруашылығы үшін де маңызы зор. Кейбір микроэлементтердің топырақта жəне өсімдіктерде (жемде) артық не кем болуы мал өнімділігіне елеулі əсер етеді.

Микроэлементтер. Кейбір химиялық элементтердің мөлшері топырақта өте аз (n10-3) болғандықтан, оларды: бор, молибден, мыс, жез, марганец, кобальт, мырыш, иод, фторды (В, Мn, Мо, Сu, Zn, Со, I, F), т.б. жеке топқа жатқызады. Микроэлементтер өсімдіктерге қоректік элемент ретінде тікелей сіңбейді, олар қоректік элементтер-мен бірге сіңіріледі жəне тірі организмдердің ферменттік құрамына кіреді де, топырақта биохимиялық алмасу процестерін жеделдетеді. Өсімдіктер өнімі мен оның сапасының жəне топырақтағы микроэле-менттер мөлшерлерінің арасында тікелей байланыс бар. Топырақта микроэлементтердін жетіспеуінен өсімдіктердің өнімі де, сапасы да төмендеп, тіпті, ауруға шалдығады. Микроэлементтер жетіспесе не-месе артық мөлшерде болса, онда ондай топырақты биохимиялық зарарлы эпидемия провинциялары деп атайды. Бұл табиғи фактор-лармен қатар, техногендік ластану, тыңайткыштарды артық қолдану салдарынан болуы мүмкін. Топырақтағы микроэлементтердің мөлшері олардың топырақ түзуші аналық жынысындағы бастап-кы мөлшерлеріне байланысты. Гумус белсенді түрде жиналатын процестерде микроэлементтер топырақтың беткі қабатында мол, ал шайылу процесі басым болған жағдайда едəуір аз болады.


Топырақ түрлі минералды (90-99%) жəне органикалық заттар (1-10%) мен топырақ ауасынан тұрады. Топырақтың химиялық құрамының маңызы зор, ол құнарлығын айқындаумен қатар, өсімдік құрамына əсерін тигізеді. Топырақтың химиялық құрамына өсімдіктердің химиялық құрамы тəуелді деуге болады. Топырақ құрамы мен жер сулары арасында тікелей байланыс бар. Қандай да бір макро- жəне микроэлементтердің кемістігі немесе тым көп бо-луы азықтық өсімдіктердің өнімділігіне, сондай-ақ құрамындағы жекелеген элементтер мөлшеріне əсерін тигізеді. Жануарларды азықтандыруға пайдаланылатын өсімдіктерде кейбір элементтер кемістігі немесе көп болуы, өнімділік төмендеуі мен бірқатар ауру-лар байқалуының себебі бола алады.


Егер топырақта азықтық өсімдіктерде кальций жəне фосфор тұздары жетіспесе, жануарлар организмінде минералды алмасу бұзылып, нəтижесінде рахит (жас төлдерде), остеомаляция (ересек жануарларда,) іш тастау тəрізді аурулар байқалады. Топырақ пен азықтарда натрий мен магний жетіспеуінің де салдары ауыр. Каль-ций, фосфор, магний, натрий, көміртегі, сутегі, азот оттегі, күкірт, калий, темір, кремний, алюминий, хлор макроэлементтерге жатады. Олардың топырақта, өсімдік, жануар организмдеріндегі мөлшері бүтіннен жүздік пайыздарға дейін ауытқиды.

Макроэлементтер жануардың тірі салмағының 99,9%-ын құрай-ды, ал тек 0,1% ғана сан жағынан көп (100-дей) топ-микроэлемент-терге келеді. Микроэлементтер организм үшін энергетикалық шикізат болып табылады. Электролиттер есебінен олар осмостық қысымды, ұлпа сұйықтықтарындағы иондардың динамикалық тепе-теңдігін реттейді, организмнің жаңа жасушалар түзуіне қатысады, гормон, дəрумен, ферменттер құрамына енеді.


Организмдегі микроэлементтер алмасуы орталық нерв жүйесі тарапындағы бақылауға тəуелді. Орталық нерв жүйесінде микро-элементтер шоғырлануы біркелкі емес. Мəселен, мидың сұрғылт заттегінде басым түрде кобальт, марганец, мыс, молибден, мырыш, ванадий мен хром болса, ақ заттекте олар едəуір аз. Нерв жасуша-лары ядроларында басым түрде ауыр металдар шоғырланады. Ми сұйықтығы мен сопақша мида мыс, мидың үлкен жартышарларында


– кобальт, мишықта – мырыш көп.


Барлық ұлпалар мен ағзаларда нақты бір микроэлементтер шоғырлануы байқалады. Қалқанша безде – йод, өкпеде – литий, гипофизде – кобальт, мырыш, хром, бүйректерде – кадмий, қанның пішіндес элементтерінде – марганец, мыс, мырыш, кадмий, қан плазмасында – кобальт, титан болады. Қойлар мен бұзаулар жүнінде көп мөлшерде йод болады.


Топырақтың құрғақ затында 1 кг 5 мг аз йод болғанда, жануар-ларда зат алмасу біршама бұзылады, ақуыз бен көмірсулар алмасуы төмендейді, су мен хлоридтер тежелуі орын алады, нəтижесінде теріасты шелінің домбығуы байқалады, қанда кальций мен фос-фор мөлшері азаяды, тотығу үрдістері мен газ алмасуы төмендейді, жылу туындалуы азаяды, сүйек өсуі тежеледі, қысырлық, бедеулік, өлі туулар орын алады.


Өнімділіктің барлық түрлері төмендейді.


Егер 1 кг құрғақ топырақта 3 кг-дан аз кобальт болса, жануар-ларда акобальтоз ауруы байқалады. Акобальтозбен ауырған кезде жануарларда (В12 авитаминозы) күйзелу, тəбеті бұзылуы (жалақ), қаназдылық, өршитін жүдеп-жадау (кахексия, өлім).


Топырақтың 1 кг құрғақ затында 2 кг-дан аз мырыш болуы жас жануарлардың өсуінің баяулауы мен жүдеп-жадауына, жүндері түсуіне, жыныс безі қызметінің төмендеуі мен бедеулікке əкеліп соғады. Егер топырақтың 1 кг құрғақ затында 1 мг аз мыс болса, жануарларда өсу баяулайды, қан аздылық, жас жануарлар жүдеп – жадауы, жүннің тұйпалануы, терінің депигментациялануы, жалақ байқалуы, сүйектер пішінінің өзгерілуі, ұдайы өндіру қабілетінің жоғалуы, сүт өнімділігі төмендеп, жоғалуы тəрізді белгілер байқалады, жануарлар орталық нерв жүйесі зақымдалуы белгілері байқалатын ауруларға шалдығады, аяқтар салданады.


Топырақтың 1 кг құрғақ затында 500 мг аз марганец болуында жас жануарлардың аяқтарының пішіні өзгереді, өсіп-өнуі баяулайды. Жүн сапасының төмендеуі орын алады. Іш тастаулар мен қысырлық байқалады. Құстарда перозис дамиды. Аурулардың алдын алу үшін азықтандыру рационына дəрумендер енгізу қажет, топырақ тиісті тыңайтқыштармен өңделуі керек.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет