Топырақтың орташа химиялық құрамы, А. П. Виноградов



бет2/9
Дата05.04.2023
өлшемі63,43 Kb.
#79507
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Алюминий алюмосиликаттар балшықты минералдар құрамында кездеседі. Бұлардың биологиялық маңызы онша емес. Al2O3-тің топырақтағы жалпы мөлшері 1 – 2%-дан 15 – 20%-ға дейін, ал ферралитті топырақтарда 40 %-ға дейін жетеді.


Темір əртүрлі оксидті, гидрооксидті жəне шала күкіртті қо-сындылардың құрамына кіреді. Бұл элемент биологиялық жағынан өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне қатысады. Егер өсімдіктерге темір жетіспесе, олардың жапырақтары сарғайып хлороз деген ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің мөлшері əртүрлі. Мысалы, құмдақ топырақтарда 0,5 – 1,0%, лесс жыныстарында түзілген топырақтарында 3,5, ал ферралитті топырақтарда 20 – 50%.


Кальций мен магний топырақта слюдалардың немесе басқа минералдардың құрамында кездеседі. Бұлар тұздар түрінде бөлініп, басқа минералдың қосындыларымен реакцияға түсіп, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздарын құрайды. Бұл екі элементте өсімдіктерге өте қажет. Топырақта ол 1 – 3 % мөлшерінде болады.


Калий мен натрий дала шпаттарының ортоклаз, микроклин, альбит құрамында бұзылу нəтижесінде минералды қышқылдардың тұздарын құрайды. Бұл тұздар суда жақсы ериді. Калий – өсімдіктердің қоректік элемменттерінің бірі. Оның топырақтағы мөлшері 2 – 3%. Na2O мөлшері 1 – 3%. Натрийдің жылжымалы түрі топырақта жоғары болса, ол физикалық жəне химиялық жағынан қолайсыз қасиеттер туғызады.


Титан көбінесе алғашқыда үгілуге аз берілетін минералдың құрамына жатады (ильменит, рутид, сфен) TiO2 мөлшері топырақта көп болмайды.
Марганецтің топырақтағы мөлшері өте аз. Пиролюзит, баунит, оливин сияқты микроэлементтер өсімдіктердің өсуі мен сапалы да-муына өте қажет. Бұл тақырыпқа əріректе тоқталмақпыз.
Күкірт өсімдіктердің немесе жануарлардың қалдықтарынан түзілген органикалық заттардың құрамында болады. Пирит ми-



169

нерал түрінде кездеседі: Fe2S. Топырақта SiO3 мөлшері пайыздың 1/10 бөлігінен аспайды. Кейбір сульфатты тұздар топырақта көп болуы мүскін. Егерде күкірттің топырақта жылжымалы түрі мол болса, оның себебін осы төңіректе ластаушы өндіріс орындарынан іздестірген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет