Топырақтың орташа химиялық құрамы, А. П. Виноградов


Көміртегі, сутегі, азот, фосфор – органогендік элементтер



бет3/9
Дата05.04.2023
өлшемі63,43 Kb.
#79507
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Көміртегі, сутегі, азот, фосфор – органогендік элементтер. Олардың топыраққа тигізер пайдасы көп. Көміртегі гумустың органикалық қалдықтардың құрамында, сутегі газдардың, өсімдік пен жануарлардың денелеріндегі органикалық заттарында болады. Көміртегі органикалық заттарға бай топырақтарда 3 – 10%, сутегі 3

– 6% мөлшерде. Азот өсімдіктің өсуінде, жануарлардың тіршілігінде зор рөл атқарады. Оның мөлшері топырақта көбіне органикалық қосындылар, амиак, азот жəне азотты қышқылдардың тұздары күйінде кездеседі (0,3-0,4, кейде 0,1%). Топыраққа азот екі жолмен келеді: 1) үлкен қысым əрі катализатор (найзағай) қатысуы арқылы аммиак NH3 түзіліп, жауын-шашынмен түседі.





    1. азот сіңіруші бактериялардың (бос немесе бұршақты өсімдіктер тамыр түйіндеріндегі) қатысуымен шоғырланады.

Фосфор, апатит, фосфорит минералдары құрамына жəне топы-рақ шіріндісінде, органикалық қосындыларда кездеседі. Топырақта фосфор, фосфор қышқылының тұздары фосфаттар түрінде болады.


11-кесте


Литосферада жəне топырақта химиялық элементтердің орташа құрамының % көрсеткіші (А. П. Виноградов, 1950)



элементтер

литосфера

топырақ

элементтер

литосфера

топырақ

О

47,20

49,00

С

0,10

2,00

Si

27,60

33,00

S

0,09

0,085

А1

8,80

7,13

Mn

0,09

0,085

Fe

5,10

3,80

Р

0,08

0,08

Са

3,60

1,37

N

0,01

0,10

Na

2,64

0,63

Сu

0,01

0,002

К

2,60

1,36

Zn

0,005

0,005

Mg

2,10

0,60

Со

0,003

0,0008

Ti

0,60

0,46

В

0,0003

0,001

Н

0,15

-

Мо

0,0003

0,0003



170

8.2. Топырақтың сіңіру кешені жəне


топырақтың сіңіру қабілеті

Топырақ қопсыған кеуекті дене болғандықтан, оның түйірлерінің арасында əр уақытта бос кеңістіктер орын алады. Топырақтың сіңіру қасиеттерін қалыптастыруда топырақ құрамындағы ең майда ұнтақталған, көлемі 0,0001 мм-ден төмен коллоидты бөлшектер ше-шуші рөл атқарады. Бұл бөлшектер топырақтың əртүрлі органикалық жəне минералдық қосылыстарынан тұрады. Топырақтың сіңіру қасиеті деп, оның топырақ ішіндегі ерітінділерінің кейбір қосылыстарды, майда ұнтақталған минералдарды жəне органикалық қосылыстарды, микроорганизмдерді жəне ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалуын айтады. Топырақтың сіңіру құбылысы жалпы топырақтың дамуымен жəне топырақта өсетін өсімдіктерде күлді элементтердің (азот, т.б. қоректік заттардың) жиналуымен қатар жүреді. Əсіресе, өсімдіктердің қоректік элементтерінің жиналуы топырақтың сіңіру қасиетімен тығыз байланысты. Осы қасиеті арқылы топырақта өсімдіктерге керекті элементтер жиналады. Бұл салада орыстың ірі ғалымдары К. К. Гедройц, Д. И. Прянишников, А. И. Соколовский, И. Н. Антипов-Каратаев, В. А. Чернов, И. И. Горбунов, т.б. көп еңбек еткен. Əр түрлі топырақтардың сіңіру қасиеттері əр деңгейде бола-ды. Ол көбінесе, топырақтағы өте жоғары бөлшектерге (дисперсті), түйірлерге, коллоидты бөлшектердің мөлшеріне байланысты. Топырақ неғұрлым қарашіріндіге бай жəне механикалық құрамы ауырлау балшықты болса, соғұрлым оның сіңіру қасиеті де мол, ал топырақта қара шірінді аз, құрамы жеңіл құм немесе құмдақ болса, оның сіңіру мүмкіндігі де шамалы келеді. Академик К. К. Гедройцтың тұжырымдамасында топырақтың сіңіру қасиеті деп оның топырақ ішіндегі ерітінділерінің кейбір қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды жəне органикалық қосылыстарды, микроорганизмдерді жəне ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу мүмкіншілігін айтады. Сіңіру оның тəсілдеріне қарай, бірнеше түрге: механикалық, физикалық, физикалық-химиялық, химиялық жəне биологиялық сіңірулерге бөлінеді (К. К. Гедройц, 1933).


Топырақтың құралу жəне даму процестері онда өсімдіктердің азот жəне күл қоректік заттарының жиналуымен қабаттас жүреді. Ал топырақта өсімдіктердің қоректік заттарының жиналуы оның сіңіру қабілетімен тығыз байланыста болады.





171

Топырақтың сіңіру қабілеті деп оның өзінде ерітінді жəне судағы лайлы заттарды, газдарды ұстап қалуын айтады.

Сіңіру қабілеті – əр топырақта əртүрлі болады, ол көбінесе өте ұсақ бөлшектердің көп болуына байланысты келеді. Мұндай топырақтың сіңіру қабілетін күшейтетін ұсақ бөлшектерді колло-идты бөлшектер деп атайды. Коллоидты бөлшектердің мөлшері 0,001 миллиметрден ұсақ болып келеді. Табиғатта коллоидты бөлшектердің шығатын мына: 1) тау жыныстары бұзылуынан,





  1. органикалық заттардың ыдырауынан болатын екі жолы бар. Осыған байланысты топырақ коллоид бөлігінің құрамына органикалық жəне минералдық заттар кіреді: біріншісі – топырақ шіріндісінің құрамында, екіншісі – балшық құрамында болады. Коллоидтар топырақта тұрақты тұнба гель түрінде кездеседі. Сіңіру қабілеті бес түрге бөлінеді:

Өсімдікке қажетті қоректік заттардың топырақта жиналуы оның сіңіру қабілетімен тығыз байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет