Топырақтың орташа химиялық құрамы, А. П. Виноградов


Топырақтың буферлік қабілеті –



бет8/9
Дата05.04.2023
өлшемі63,43 Kb.
#79507
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Топырақтың буферлік қабілеті – топырақтың ерітіндісі реакциясының қышқылды немесе сілтілі жаққа өзгеруіне қарсы тұра алатын қабілеті.

Топырақтың буферлігі оның қатты жəне сұйық бөліктерінің қасиеттеріне байланысты өзгеріп тұрады. Топырақ ерітіндісінің буферлік қабілеті оның құрамындағы əлсіз қышқылдар (Н2СО3, суда еритін органикалық қышқылдар) жəне олардың тұздары болуына байланысты.


Топырақ буферлігінің минералды тыңайтқыштарды дұрыс қолдану үшін маңызы зор. Мысалы, буферлігі төмен топырақтарға физиологиялық қышқылды тыңайтқыштарды енгізгенде, дақыл-дардың жəне топырақ микроорганизмдерінің дамуына теріс əсер етеді. Органикалық тыңайтқыштарды үздіксіз енгізу мен əктеу топырақтың сіңіру сыйымдылығын жəне негіздермен қанығу дəрежесін арттырады да, оның буферлігін жоғарылатады.



178

8.4. Топырақ ерітіндісі реакциясының өсімдіктерге əсері

Топырақтың реакциясы. Егер топырақта қышқылдар (мысалы, глее – күлгін топырақтардағы сияқты фульвоқышкылдары) не-месе сілтілер (мысалы, сортаң топырақтағы сода) өте көп болса, мəдени өсімдіктер нашар өседі немесе мүлде өліп қалады. Мəдени өсімдіктердің көпшілігінің жақсы өсуі үшін топырақ ертіндісі қышқыл немесе сілтілі де болмауы керек. Ол орташа, бейтарап бо-луы керек.


Топырақтың реакциясы (қышқылдығы, сілтілігі) оның қандай заттарды (элементтерді) сіңіргендігіне де өте тығыз байланысты. Егер топырақ (оның қатты бөлшектері) сутегін немесе алюминийді сіңірсе, ол қышқыл болады; ерітіндіден натрийді сіңірген топырақ сілтілі, ал кальцийге қаныққан топырақтың реакциясы бейтарап, бы-лайша айтқанда, орташа болады.


Табиғатта түрлі топырақтардың реакциясы түрліше келеді. Мы-салы, батпақ, күлгін жəне қызыл топырақтар – қышқыл, сортаңдар


– сілтілі, ал каратопырақ – орташа реакциялы болады. Өсімдіктер қалыпты өсу үшін топырақта:



    1. Өсімдік бойына сіңіре алатын формадағы қорек элементтер;




    1. Өсімдік сіңіре алатын формада су;




    1. Өсімдік тіршілігі үшін қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз

ету;




    1. Топырақ массасының құрылымы қолайлы келеді, оңтайлы ауа – су режимін жасап, тамырлардын топыраққа жақсы өтуін, одан қоректік заттар мен ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі;

    2. Өсімдіктер үшін зиянды қоспалар болуы тиіс. Мəлім болғандай өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сіңіреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп жəне ол көп жылға жетеді. Н. П. Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда əлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік.

Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды.


Тыңайтқыш қолдана отырып адам заттардың биологиялық ай-налымына белсенді араласып, өз мақсатында бағыт беріп, реттейді. Органикалық минерал тыңайтқыштар қосумен қатар соңғы жыл-



179

дары бактериялық тыңайтқыштарда қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді күшейтуге жəне химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізіледі. Мысалы, фосфорбактерин органикалық заттарды ыды-ратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макро-элементтер мөлшері ғана емес, сирек кездесетін жəне бытырап орналасқан химиялық элементтер құрамы да маңызды.


Олардың болмауы немесе аз болуы мəдени өсімдіктердің ауруы-на, түсімнің аз болуына əкеледі. Топырақта жездің жетіспеушілігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар кең тараған. Бұл құбылыстар торф топырақты орман аймағында көп кездеседі («Өңдеу сырқаты» деп атайды). Жез қосқан соң ғана бұл ауру жойылған, астық өнімі көбейген. Жезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік грибоктарға қарсы тұрақтылығын арттыра-ды. Мырыш, бор, марганец, молибден жəне сирек кездесетін элементтерді топыраққа қосқанның əсері болатыны анықталды. Микроэлементтердің мал шаруашылығы үшін де маңызы зор. Кейбір микроэлементтердің топырақта жəне өсімдіктерде (жемде) артық не кем болуы мал өнімділігіне елеулі əсер етеді. Кобалтьтің топырақта аз болуынан мал қанында эритроциттер азайып, мал тез ариды (себебі белок синтезі нашарлайды) жемнің көп болуы бұған əсер етпейді. Ұсақ жəне ірі мүйізді малдың бұл ауруы – акобала-тоз деп аталады, ол ТМД, Шотландия, Австралия жəне т.б. елдерде таралған. Мал шаруашылығына жез, никель, селен, фтор, йодтың тапшылығы немесе артықшылығы белгілі əсер етеді. Су өсімдіктің тіршілігінің барлық кезенінде де дəннен жарып шыққаннан, пісіп жетілгенше үлкен рол атқарады. Түрлі өсімдік дəндері жарылуы үшін түрлі су мөлшері керек:


Бидай үшін – салмағының 45%, қызылша үшін – 120% керек. Түрлі мəдени өсімдіктердің құрғақ массасының тоннасын алу үшін шығындалған су мөлшері де əртүрлі жəне 200-ден 1000 т-ға дейін өзгереді. Мысалы: бидай, тоннасына – 500 тонна су жұмсалады, ал күріш тоннасына – 1000 т. Артық су керек. Өсімдіктер бос су фор-масын ғана, яғни гравитациялық сіңіліп байланған суды ғарыш күштері кері тарта алмайды. Сондықтан сіңірілген суы 10-15% құрайтын саздың топырақта өсімдік су тапшылығын көреді, ал құмайт топырақтарда бұл көрсеткіш 1-2%-ға дейін азаяды. Топырақ





180

ылғалы капилярлық булану барысында азаяды. Ұзын капилярдың болуы топырақты тез құрғатады, ал ол капилярды бұзу, топырақ ылғалы сақталуына əкеледі.

Сондықтан топырақ құрылымын ұсақ кесекті ету оны құрғаудан сақтайтын тиімді шара болып табылады. Қуаңшылық аудандарда судың топыраққа мол келуіне бағытталған түрі – беткі су ағысын реттеу, қар тоқтату, түрлі суландыру шаралар жасалады.


Топырақ құнарлығы үшін ауаның, оның оттегісінің маңызы зор. Оттегі микробиологиялық процестер үшін қажет. Топырақтың аэ-робты микробтары оттегі жетпесе өз тірлігін баяулатады.


Оттегі күрделі өсімдіктер тамыры үшін қажет. Тығыз топырақтағы газ алмасудың қиындауы, топырақ ауасында көмір қышқылының жинақталуы, топырақ артық ылғалданғанда оттегінің жетіспеуі өсімдіктің өсуін тежейді. Н. П. Рмезов (1963 жыл) пікірінше, оттегі топырақтың барлық көлемінің 8-12%-ы болса, топырақ ауасы өсімдіктер үшін қолайсыз əсерін тигізеді, ал оттегі құрамы 5%-дан кем болса, өсімдіктердің көп бөлігі өледі. Топырақтың оттегімен қамтылуы жəне газ алмасу деңгейін ұстау топырақ құрылымына тəуелді, ол тамыр қабатының тереңдігін анықтайды, ылғалдың топырақтағы шығынын жəне бөлінуін, өсімдіктердің қорек режимін реттейді. Жыртылатын горизонттың онтайлы құрылымы болып есептелетін – ұсақ кесекті түйірлі құрылым суға берік келеді. Топы-рақ құнарлығына теріс əсер ететін тұздар құрамының көбеюі. Тұз концентрациясын топырақ ерітіндісіне жоғары болуы өсімдіктерді мына себептерге байланысты тежейді:





  1. Өсімдік клеткасына су келуі нашарлап, бұзылады, себебі топырақ ерітіндісіндегі осмос қысымы өсімдік клеткасы протоплазмасындағыдан жоғары.

  2. Ассимиляция жəне газ алмасу процестері бұзылады. В. А. Хов-да зерттеуі бойынша, сортандау жағдайында өсімдіктерге магний, натрийдің хлорлы тұздары көптеп сіңіп, маңызды химиялық эле-менттер – кальций, калий, фосфор, темір, марганец бірнеше есе кемиді. Тез еріген тұздар өсімдіктің жасыл бөлігінде жинақталып, фотосинтез процесін əлсіретеді. Ақырында өсімдік дамудан қалады.




  1. Сортаңдалу əсерінен өсімдік анатомиясында күрделі өзгерістер болады. Тамыр қуысы тарылады, қабыршақ қабырғалары қалындайды, нəтижесінде өсімдік қурайды.

Топырақтың сортаңдалуымен, сорлауымен күрес, сор топы-



181

рақтарды жақсарту халық шаруашылығының күрделі де маңызды мəселесі болып табылады. Топырақ құнарлылығы тек табиғи қасиеттеріне емес, оны өңдеу сипатына да байланысты. Табиғи құнарлылық топырақтың жаратылыс қасиеттеріне байланы-сты. Тиімді құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол мəдени өсімдік түсімі түрінде анықталды. Тиімді құнарлылық тыңайтқыш қолдануға, топырақты ұтымды өңдеуге жəне т.б. шараларға сəйкес ұлғаяды. Осылайша жасанды тиімді құнарлылық жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет