Топонимиканың геоэкологиялық негіздері оқу цүралы • а тынп : т с ь са/ч ь, I павлодар, 2008 (,ж) с$5, У



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата09.03.2017
өлшемі10,49 Mb.
#8542
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8542

50
(
574
)
С21
шЙРЗи 
л
■йк 
.

Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігі 
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
( V
.  V
Қ.Т. Сапаров
ТОПОНИМИКАНЫҢ 
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқу цүралы
**•  АТЫнп
: т.  ----------- 
с-  ь^са/ч .-ь,  I
Павлодар, 2008

(,ж)
с$5,
У
УДК 81.373.21(075.8)
ббк 
8
і.
2
-з 



"
С-21 

№ 
т 

"  '  "
әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінін  жанындағы 
ҚР  БжҒМ-нің  жоғары  және жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің 
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық жэне жараты- 
лыстану  ғылымдары  мамандықтарының  секциясы  ұсынған  (хаттама
№ 2. 8 маусым 2007).
ҚР «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» 
мемлекеттік грантының қаржысына шығарылды
Пікір жазғандар:
Ж.Д. Достай -  география гылымдарының докторы, профессор 
М.Е. Белгібаев -  география гылымдарыньщ докторы, профессор 
Қ.О. 
Базарбеков -  биология гылымдарының докторы, профессор 
К.Д. Каймулдинова -  география гылымдарыньщ кандидаты, доцент
Қ.Т. Сапаров
С-21
еоэкологиялық
құралы
Павлодар: ЭКО, 2008. — 169 б.
ІЗВИ 9965-439-62-1
Бұл оқу құральшда геграфиялык атаулардың, яғни топонимдердін геоэкологиялық
негіздегі  таралу  заңдылықтары,  табиғи  орта  мен  топонимдердің  өзара  баиланысы 
жөніндегі деректер жан-жақты баяндалады. Павлодар облысы Ертістің Аққулы өңірінің 
топонимиясының  қалыптасуы  мен  ақпараттық  мазмұны,  табиғат  қорғау  және  табиғи 
ресурстарды  ұтымды  пайдалану  дәстүрлерінің  табиғат  жағдайларында  бейнелену 
дәрежесі  геоэкологияльщ,  этноэкологияльгқ  тұрғысынан  жан-жақты  байланыстырыла 
қарастырылған. 

|  Ш
'  -  11
Оқу  құралы  университеттің  студенттері  мен  магистранттарына,  географ,  эколог 
мамандықтарына және жалпы оқырман қауымға арналған.
УДК 81.373.21(075.8)
ББК 81.2-3
2-іпі басылым, карталармен толықгырылып берілді.
С 4310020000
00(05)-06
І5ВК 9965-439-62-1
С.Торайғыр
атындағы  ПМ 
академик  С.Бей
I
V—
атындағы  ғы;..
К ІТ А Г Ш
Сапарюв Қ.Т., 2008

Кіріспе
¥сынылып  отырған  оқулық  С.  Торайғыров  атындағы  Пав- 
лодар мемлекеттік университеті биология-химия факультетінің 
магистратурасында  (география  -   6Ы0609)  оқылатын  «Топони- 
микадағы  ғылыми  зерттеулер»  жэне  бакалавриат  (география- 

  050609) «Топонимика» курсьш тыңдаушы студенттерге арналады.
Геоэкологиялық  зерттеулер  әдістемелеріне  дэстүрлі,  ланд- 
!  шафтық-географиялық жэне экологиялық зерттеу тэсілдері мен 
пэнаралық  қағидалары  негіз  болып  қаланады.  Оның  бастыла- 
рына: далалық, сипаттамалық, тәжірибелік, салыстырмалы жэне 
т.б.  эдістері  жатады.  Қоғамымызда  жалпылама  экологиялан- 
дыру  идеясы  алдыңғы  орындар  сатысына  шығып,  жан-жақты 
қамтылуда. Көптеген пэндер экологиялық мэселелерді өздерімен 
бірлікте қарастыруда.  Мэселен,  биологияда -  бұл классикалық 
экология, географияда -  геоэкология, экономикада  -  табиғатты 
тиімді пайдалану т.б. аталады. Ғылыми практикалық маңызы бар 
топонимдерден табиғаттын эртүрлілігі, табиғат ресурстарының 
коры,  ландшафттардың,  орографиялық  жэне  гидрографиялық 
нысандардың  өзіндік  ерекшеліктері,  гидронимдердегі  судың 
сипаты, флора мен фаунаның бүрынғы жэне қазіргі жай күйлері 
туралы,жайылымдардың  өнімділігі  мен  маусымдылығы  жэне 
белгілі  бір  аумақтың  экологиясының  жайы  жөнінде  көптеген 
мағлүматтар  алуға  болады.  Сондықтан  оқу  қүралының  ата- 
уын «Топонимиканыц  геоэкологиялық негіздерЬ> деп қарас- 
тыруды жөн көрдік.
Курстың негізгі мақсаты: Жергілікті қазақ халқының көп 
ғасырлық  геоэкологиялық  тэжірибесі  географиялық  атаулар- 
да  (топонимдер)  кеңінен  сақталып,  табиғат  пайдаланудың  не- 
[  гізі  болатындығын  түсіндіру  бағытында  мамандар  тәрбиелеу. 
[  Аумақтың  географиялық  атаулары  жергілікті  жердің  физи- 
[  калық-географиялық  және  геоэкологиялық  ерекшеліктерін 
[  нақты  сипаттайтын  құнды  ақпарат  көзі  болып  табылады.

Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  халықтың  сан  ғасырлар  бойы 
табиғатты  пайдалану  барысында  жинақтаған  геоэкологиялык 
білімі шаруашылықты ұйымдастыруға негіз бола алатындығын 
көрсету.
Лебяжі  (Аққулы)  ауданының топонимиялық жүйесіне жан- 
жақты  талдау  жасай  отырып,  ландшафт  ерекшеліктерін  бей- 
нелейтін  географияльщ  атауларды  анықтау,  табиғи  орта  топо- 
нимдерінің  қалыптасуына  тигізетін  эсерін  геоэкологияльщ
тұрғыдан зерттеу болып табылады.
Оқу  құралында  соңғы  он  жылда  жинақталған  тарихи-
географиялық,  картографиялық,  топонимикалық  деректер 
жүйеленіп  берілген.  Топонимдер  тізімі  ҚР  географиялық 
атауларының  мемлекеттік  каталогын  (Алматы  2004)  пайдала- 
ну  барысында  жэне  автордың  басшылығымен  жарыққа  шық- 
қан  Павлодар  облысы  топонимиясы:  Лебяжі  ауданы  (қазақша- 
орысша топонимиялық сөздік, Павлодар 2005) негізінде топтас-
тырылды.
Курстың  негізгі  міндеті:  Аумақ  топонимдерінің  қалып- 
тасуының геоэкологиялық негіздемесін мазмұндау, физикалық- 
географиялық  жағдайға  байланысты  олардың  таралу  заң- 
дылықтарын  анықтау  арқылы  мьгаадай  міндеттерді  шешу
қажеттілігі анықталды, олар:
-   Лебяжі  (Аққулы)  ауданының  топонимдерінің  табиғат
жағдайларында бейнелену дэрежесін аньщтау;
— аумақтың географиялық атауларьгаа бейнеленген флорасы 
мен  фаунасы,  ландшафт  (палеоландшафт)  өзгерістері  сипатын 
анықтау жэне оларды қалпына келтіру жолдарьга қарастыру бо-
льпі табылады.
Сондықтан  топонимдерді  геоэкологиялық  тұрғыдан  зерт- 
теуде  география  ғылымының  теориясы  мен  әдістемелерінің 
мэселелері  бірінші  дэрежедегі  маңызды  орынға  ие  болып 
отыр. 
М ү н д а  
бэрінен  бүрын  табиғатты  Пайдалануды  жэне
4

тиімді  ұиымдастырудын  топонимиялық  астарлары  жан-жақты 
талданған.
Оқу құралында алғаш рет Қазақстан Республикасы бойынша 
жеке  ауданның  (Павлодар  облысы, Лебяжі  ауданы) топонимдер 
жүйесі  геоэкологиялық  тұрғыда  зерттеліп,  аумақтың  табиғат 
жағдайларын  бейнелейтін  ақпарат  козі  ретінде  географиялық, 
геоэкологияльщ,  элеуметтік-экономикалық  тұрғысынан  баға 
берілді.  Табиғи  орта  мен  географиялық  атаулардың  өзара  бай- 
ланысы  және  атауларда  табиғат  жағдайларының  бейнелену 
заңдылықтары  жөнінде  тұжырым  жасалып,  жеке  табиғат  ком- 
понентеріне қатысты арнайы карталар (фитонимдер, зоонимдер, 
генонимдер)  мен  кестелер  жүйесі  құрастырыльш,  ландшафты 
(таспалы қарағай орманы (реликт) жэне Ертіс жайылмасы) қорғау 
жэне оларды қалпына келтіруге қатысты мәселелер экологияның 
топонимика мен байланысы тұрғысынан негізделеді.

Қ ы сқ ар ту л ар   мен белгілеулер
Географиялық нысандар
бат. -  батпақ 
бұл. -  бұлақ 
е/а. -  Ертістің ағыны 
е.қ. -  ескі қоныс 
е.м. -  елді мекен 
га. -  гектар 
км -  километр 
қон. -  қоныс 
қалм. -  қалмақ 
құд. -  құдық 
қырғ. -  қырғыз 
қыст. — қыстау 
м -  метр
м-бы -  масштабы
мтор. -  мемлекеттік табиғи орман резерваты 
ойк. — ойконим 
өз. — өзен
аудан, ауылдық округ атаулары 
ауд. -  аудан
а.окр. -  ауылдық округ 
вост. — Восточный 
қыз.әск. -  Қызыл әскер 
шарб. -  Шарбақты 
ямыш. — Ямышево
6

1  Топонимика және геоэкология
1.1  Геоэкология ғылымы немесе қоғамның географнялық 
кеңістікті нгеру (табнғатты найдалану) мәселелері
Адам  мен  қоршаған  ортаның  өзара  әрекеттесуі  ерте- 
ден  басталады.  Ықылым  заманда  біздің  ата-бабаларымыз 
қолдарына  таяқ  алып,  от  жағуды  меңгеріп,  үңгірлер  жасап, 
тастан  жасалған  қүралдар  көмегімен  жазық  және  орманды 
кеңістіктерді  игере  бастады.  Сол  кезден  бастап  адам  өзінің 
өмір  сүруі  үшін  жергілікті  жердегі  табиғи  ортаға  (ландшафт) 
бейімделіп, қажетті заттарын алуды жылдан-жылға өсіріп, өнім 
мөлшерінің  тым  азайып  кетуіне  әкелді,  бүл  бара-бара  біртін- 
деп географиялық ортаға кері эсерін тигізе бастады. Ертіс өзені 
аңғары  жэне  жазықты  келетін  далалық  кеңістіктің  табиғи  ре- 
сурстары  мыңдаған  жылдар  аралығьгада  игеріліп,  экожүйенің 
деградациясына  үшырауьша  себепші  болды.  Табиғи  процес- 
термен  бірге  адамның  шаруашылық  әрекеттері  (тура  жэне 
жанама  ықпалы)  табиғи-аумақтық  кешендердің  өзгеріске 
үшырауьша немесе жойылып кетуіне  алып келді.  Адамдардың 
шаруашылық эрекеттеріндегі ежелгі формаларының бірі болып 
табылатын  табиғатты  қорғау  шаралары  адамзат  қоғамының 
алғапнсы даму кезеңінің өзінде қалыптасқан деуге болады. Эко- 
логия  мен  табиғат  қорғау  ғылымдары  бірін-бірі  толықтырып 
отырады.  Экология  ғылымы  табиғатты  тиімді  пайдалану  мен 
қорғаудың  ғылыми-теориялық  негізін  жасайды.  Адам  баласы 
табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін табиғатты тиімді пайдала- 
ну -  табиғат ресурстарын  пайдалану мен  оны  қайта  түлетудің 
ең  ұтымды,  эрі  адамға  пайдалы  технологиясы  болып  табыла- 
ды.  Геоэкология  немесе  ландшафттық  экология  жеке  ғылыми 
бағыт  ретінде  өткен  XX  ғасырдың  30-40  жылдарында  белгілі
7

бір  геожүйеге түсш,  адамдардың  өмір  сүрш отырған қоршаған 
ортаның экологиялық айналасын сипаттау негізінде пайда бол- 
ды. Геоэкологиялық көзқарас, эсіресе Германияда аса қарқынды 
түрде дамыды жэне геоэкология терминін алғаш енгізуші де не-
міс ғалымдары болды. 
Ш йЩШйЙ-і  ІЛ
Геоэкология  ірі  таксономиялық  бірліктерді  физикалық-
географиялық  аудандау:  (ел,  облыс,  провинция,  округ т.б.  бас-
тап),  ландшафтың  экологиялық  қасиетін  зерттейді.  Белгілі
геожүйелер шекарасындағы антропогендік эрекеттер жүктемесі,
табиғи  ортадағы  ландшафттар  түрақтылығын  зерттейтін  пэн
аралық  ғылым  геоэкология,  география  мен  экологиялық  қиы-
лысында  пайда  болды.  Геоэкологияның  ең  маңызды  ғылыми-
практикалық  міндеттерінің  бірі  -   ландшафттық  экологиялық
карталарды  қүрастыру,  сол  сияқты  табиғи-экологиялық  жэне
шаруашылық-экологияльщ 
аудандастыру 
(геоэкологиялық
аудандау) сызбаларын жасау болып табылады.
Қазіргі  дэуір  — география  ғылымыньщ  принциптік  негіз-
дерін  қамтитын  жаңа  идеялардың,  эдістердің,  көзқарастардьщ
терең  өзгеріске  үшырау  заманы  болып  отырғаны  даусыз.
Сондықтан  да  география  ғылымының  теориясы  мен  эдісте-
мелерінің мәселелері бірінші дэрежедегі маңызды орынға шығып
отыр.  Ол  табиғатты  бағындырудың  утилитарлық-техногендік
түрімен,  халық  шаруашылығын  экстенсивті  жолмен  дамы-
тумен  т.б.  тікелей  байланысты.  Мүнда  ең  алдымен  табиғатты
пайдалануды  тиімді  ұйымдастырудың  өмірлік  маңызды
проблемалары  ерекшеленеді.  Осы  уақытқа  дейін  еліміздегі 
қоғамдық  шаруашылық  әрекеттер  табиғатты  экстенсивті  пай- 
далану  конңепциясына  (түжырымдамасына)  негізделіп  келуі, 
яғни  табиғи  ортаның  компонеттері  негізінен  шаруашылық 
мақсаттарға  жету  қүралдары  ретінде  қарастырылып  келді. 
Олардың (компоненттердің) орта қалыптастырушы жэне өмірді 
қамтамасыз  етуші  функциялары  қарастырылмады.  Осылайша 
шаруашылықжасаудың нәтижесі қазірдің өзінде қоғамымыздың
дамуына кері эсер етуде.
8

XX ғасырдың екінші жартысында геоэкологня жеке ғылым 
ретінде  ерекше  дамыды.  Оның  басты  себебі  географиялық 
ортаның 
антропогендік 
өзгерістерге 
ұшырауынан. 
Бұл 
өзгерістердің  ауқымдылығы  адамдардың  өздерінің  тікелей 
жэне  жанама  әсерін  тигізуінен  болып  отыр.  Әсіресе  қазба 
байлықтарын  өндіруде,  жердің  беткі  қабаттарына  түсетін 
эсердің  сол  жердің  табиғи  кешендерін  күрт  өзгеретінін  есеп- 
темеді.  Сол  сияқты  адамның  эрекетінен  пайда  болған  жоспар- 
сыз,  есептелінбей  жасалынған  жер  бетіндегі  ірі  копарылыстар 
(карьер,  террикон),  жарылыстар  (Семей  атом  полигоны),  су 
қоймалары,  каналдарды  айтуға  болады.  Халық  санының  күрт 
артуы  жэне  қазба  байлықтарды  есепсіз  өндіру,  ормандардың 
өртенуі, жойылуы (аумақтағы таспалы қарағай орманы), өсімдік 
пен  жануарлар  түрінің,  олардың тіршілік ареалының  барынша 
азаюына  әкеліп  соқтырды.  Жақьга  болашақтың  міндеті,  біздің 
ойымызша, осы қалыптасқан жағдайларға түбегейлі ықпал ету 
кезеңі болуға тиіс жэне де проблема қазіргі заманғы үрдістерге 
жекеленген  түзетулер  енгізу  емес,  табиғатпен  қоғамның  өзара 
әрекетінің  үйлесіміне  негізделе  табиғатты  пайдаланудың  при- 
нципті  түрде  жаңа үлттық  стратегиясын  жасауға  бағытталған 
болуы қажет.
Бүл стратегияның өзекті бағыты ел экономикасын қарқынды 
жолға қою болып табылады. География осы проблемаларды ше- 
шуге  ат салысатын  бірден-бір пэн жэне ол дэл қазір  пәнаралық 
негіздегі экологиялық зерттеулерге жаратылыстанудың өзге са- 
лаларынақарағанда әлдеқайда артық дайын далған. Экологиялык
зерттеулер кешенді тұрғыға непзделуі сеоепті, оларды жүргізуді 
үйымдастыруды  өз  мойнына  алатын  ғылым  саласы  көшбасшы
рөлін  алуға  тшс  деген  көзқарас  қалыптасқан  қазіргі  кезде 
бүл  рөлге  география,  биология,  математика  жэне  экономи- 
ка  ғылымдары  таласуда.  Бұлардың  әрқайсысы  қарастырылып 
отырған  проблеманы  өз  көзқарас  тұрғысында,  ғылымның  осы 
саласын  қызықтыратын  заңдылықтарын  ашуға  өзге  ғылым
9

салаларын  тарта  отырып  зерттеуге  құқылы.  Бірақ  та,  мұндай 
жағдайда  біз  білімнің  жекеленген  компонеттерін  зерттейміз 
жэне  экология  туралы  толық  білім  алу  үшін  синтездеу  қажет. 
Бүл түргыдан алғанда география пэні таңдалуы тиіс, ягни келе- 
шекте экологияльщ зерттеулер табигатты пайдал ану тұрғысынан 
алғанда  география  ғылымы  үшін  басыңқы  болуы  керек.  Егер, 
бұрын  география  пэні  географиялық  ортаны  зерттеп  келсе,  ал 
бүгін қазіргі замандағы экологиялық ахуалдың ықпалына сэйкес 
ғылыми зерттеу нысаны айтарлықтай модификаңияға ұшырады; 
география пэні синтездеуші ғылым, географиялық ортаның өзін 
ғана  зерттеп  қоймай,  оны  қоғаммен  арақатынаста,  байланыста 
зерттеу тиіс.  Бұл үшін ол (география) қажетті ғылыми негіз  бен 
эдістерге,  табиғи  орта мен  оньщ ресурстары,  оларды  игеру ны- 
сандары мен шаруашылыққа пайдалану дэрежелері туралы мол 
ақпаратқа (геоэкологиялық) иелік етеді.
Сонымен  бірге,  қоршаған  ортаның  экологиялық  пробле- 
маларын  зерттеу  барысында  география  пэні  табиғи  ортаның 
компоненттерінің өзгеру заңдылықтарын, тұрғындардың аумақ- 
тық  орналасуын,  табиғи  ресурстардың  аумақтық  сәйкестігін
шаруашылықтың
сүру
жағдайьша  эсер  ету  сипатын  зерттейтін,  өзінщ  тармақталған
ғылыми салаларының жүйесіне сүйенеді.
Сонымен  геоэкологиялық  зерттеулердің  басты  мақсаты 
табиғи  жэне  антропогендік  геожүйе  шекарасындағы  қоршаған 
ортаның  кеңістіктегі экологиялық  фонын зерттеп  білу арқылы 
ондагы  қолайлы  экологиялық  жағдайды  сақтау  немесе  қайта 
қалпына келтіру жөнінде нұсқау түріндегі ұсыныстар даярлау.
Бұл  жерде  геоэкология  үшін  ең  негізгілері:  геожүйелердің 
тұрақтылығын  жэне  жоғары  өнімділігін  сақтау,  табиғи  антро- 
погендік ландшафттар шегінде қоршаған ортаның экологиялық 
жағдайының нашарлап, бұзылу құбылыстарын болдырмау. Осы 
мақсаттарды  жүзеге  асыруда  ең  алдымен  белгілі  геожүйеде  әр
10

түрлі  өнеркәсіп  өндірістерін  орналастырудың  мүмкіндігі  мен 
жағдайларына жан-жақты экологиялық экспертиза жасауда оны 
адамдардың  өмір  сүру  ортасымен  экологиялық  үйлесімділігін 
есепке  алып,  қарастыруымыз  керек.  Геоэкологиялық  зерттеу- 
лер әдістемелеріне дэстүрлі, ландшафттық-географиялық және 
экологиялық зерттеу тэсі лдері мен пән аралык принциптері негіз 
болып  каланады.  Оның  бастыларына:  далалық,  сипаттамалық, 
тэжірибелік  (эксперименттік),  салыстырмалы  жэне  модельдік 
эдістер  жатады.  Табиғатты  пайдалануды  басқару  блогының 
қүрамына  геоэкологиялық  экспертиза,  геоэкологиялық  карто- 
графия, геоэкологиялық мониторинг т.б. пэндер кіреді. Енді осы
құрылымын
ландшафт
техникалық
нуды оңтайландыру, геожүйелерді экологиялық түрақтандыру, 
конструкциялы  геоэкология  жэне  т.б.  жатады.  Геоэкология 
мамандары,  Қазақстанның  бүгінгі  элеуметтік-экономикалық 
жағдайынан  туындап  отырған  табиғатты  тиімді  пайдалану, 
табиғатты  қорғаудың  күрделі  проблемаларын  шешу  жолын- 
да  географияның  басқа  да  шараларын  қарастырып,  іске  қосу 
мүмкіндіктерін  іздестіруде.  Мәселен,  экімшілік  аудандардың 
табиғат ресурстарын үнемдеу мен сақтандыру бағытындағы экс- 
перттік қорытындылау; табиғи ресурстарының тауарлық қүнын 
анықтау; олардың ландшафттық маркетингтік, табиғат қорғауды 
бағалау-маркетингтік  карталарын  жасау,  жеке  аумақтардың 
табиғи  ресурстар  көзін,  әлеуметтік  нарықтық  қүнын  есептеп 
шығару; болашақта табиғат ресурстарын экономикалық түрғыда 
игеруде  оның  адамдардьщ  денсаулығына  эсерін  экологиялық 
түрғыда  болжау;  өндірістік  саладағы  мэдени  ландшафттардың 
жоғары  биологиялык өнімділігін  арттыру,  сақтау экологиялық 
түрақтылығы мен эстетикалық тартымдылығы ескерілетін жо- 
балар  жасау;  табиғатты  қорғау  бағытындағы  «Экологиялық 
соқпақ»  маршрутын  үйымдастыру;  әдістемелік  көмек  беру
11

жэне  т.б.  Сонымен  қатар  геоэколог  мамандардың  ең  негізгі 
міндетінің  бірі  -   халық  арасында  (оқушылар  мен  студенттер) 
табиғатты  қорғау  білімін  насихаттау  мен  экологиялық  тәрбие 
беру мэселесі болып табылады.
Қазақ елінің ірі бір әкімшілік-экономикалық ауданы болып 
табылатын  Павлодар  облысының  аумағындағы  (Аққу-Қиық 
өңірі) экожүйелерді сақтау, ондағы табиғат ресурстарын тиімді 
пайдалану,  табиғи ортаны қорғау мәселелері аса өзекті мақсат-
қажатады. 
һ 
...
Тексеруге арналған сүрақтар
1.  Геоэкология ғылымының қоғамдағы рөлі неде?
2.  Геоэкологиялық  көзқарас  үғымы  алғаш  рет  қай  мемле-
кетте пайдаланылды?
3.  Геоэкология  ғылымының  зерттеу  нысанын  анықта-
ңыздар?
4.  Геоэкологиялық зерттеулер эдістемелеріне қандаи тэсіл-
дері жатады?
5.  Топонимдердегі  геоэкологиялық  ақпарлар  қандай  при-
нңиптерге негізделген?
6.  Аумақтың  экологиялық  мэселелеріне  сипаттама  бері-
ңіздер. 
,  рваЫцу  &Н  - и ;
7.  Таспалы  қарағай  орманында  қалыптасқан  экологиялық
ахуалдьщ пайда болуы неліктен?
1.2  Табиғатты қорғау, ландшафттарды қалпына 
келтірудегі (реконструкция) топонимдердің рөлі
ів
Ландшафттану  физикалық  география  ғылымыньщ  таби- 
ғи  аймақтық  кешендерді  (геожүйелер)  зерттейтін  саласы. 
Географиялық ландшафт (жер  бөлігі) туралы ілім,  оның басты 
міндеті  ландшафт  түрлерінің  жаралуы,  қүрылым,  динамика,
12

I
даму заңдылықтары, орналасуын жэне адам әрекетінен өзгеруін 
зерттейді.  Ландшафттану  ғылымьгаа  алғашқы  болып  ірі  үлес 
қосқан орыс ғалымы В.В. Докучаев болды. Оның табиғаттың өлі 
жэне  тірі  компоненттері  арасындағы  байланыстары  мен  өзара 
әрекеттері  мен  даму  заңдылықтарын  айқындайтын  «табиғи 
зоналарға»  қатысты  ғылыми  мақалалары,  ландшафттану 
ғылымының  біршама  дамуына  негіз  болды.  Ландшафттардың 
өзгерістері,  көптеген  себептермен  байланысты  жүретіндіктен, 
эр  түрлі  пішінде  көрінеді.  Ландшафтта  болатын  қайтымды 
өзгерістер  оның  динамикасын  уақыттық-кеңістіктік  өлшем- 
дермен белгілеуге мүмкіндік береді.
Ландшафт динамикасының қүбылмалылығы көбінесе сырт- 
қы факторларға байланысты белгілі дәрежеде ырғақты сипат ала- 
ды. Күн мен түннің ауысып отыруы, жарықтың, температураның, 
ауа ылғалдылығының өзгеріп отыруына негіз болады да, олар өз 
кезегімен  вертикалдық  (конвенңияльщ)  жэне  латералдық  (бет- 
кейлі,  таулы  аңғарлық,  бриздік)  ауа  ағындарының,  процестері- 
нің,  физикалық  үгілу,  фотосинтездің  өзгеруіне  ықпалын  тигі- 
зеді.  Сонымен  мезгілдік  фазалардан  түратын  жылдық  цикл 
бірнеше  уақыттық  бөлшектерге  жіктелуі  мүмкін.  Бірақ  орта- 
ша  жылдық  циклдің  мәліметтері  ландшафттьщ  дамуындағы, 
оньга  көп  жылдық  қүбылмалығьгадағы  кейбір  өзгермелі  пара- 
метрлердің  диапазоны  туралы  нақты  мәлімет  бере  алмайды. 
Ертіс аңгары жазығының неоген кезеңінің палеоклиматын жэне 
палеоландшафттарын  зерттеген  ғалым  Л.Л.  Гайдученко  осы 
өңірді эр түрлі бағытта:  палеонтологиялық, палеоботаникалық, 
палинологиялық  түрғьвдан  зерттеген  ғалымдар  Ю.А.  Орлов 
В.И.  Громов,  К.В.  Никифорова,  Б.С.  Бажанов,  Б.Ж.  Аубаке- 
ров,  Э.В.  Чалыхьян,  В.С.  Зажигин,  В.С.  Зыкин,  Р.А.  Зинова  т.б. 
еңбектерін  пайдалана  отырып  мынадай  қорытындыға  келеді  -  
ландшафттьщ  дамуындағы  динамикалық  өзгерістерді  арнайы 
аймақтық зерттеу арқылы ғана анықтауға болады.
13

Соңғы плиоңенде гидрографиялық желілердің белсенділігі 
бәсеңдеп, аридті (суық) климат орнығады. Прорва уақыты, Под- 
пуск-Лебяжі уақытына сәйкес келеді де, осы кезде Ертіс өзенінің 
арнасы  біршама  кеңейіп,  жағалау  беткейлері  тілімденеді.  Да- 
лалы  ландшафтта  қарақұйрық,  гиппарион,  түйеқұстар,  Гро- 
мов  пілі,  өзен-аңғарлары  мен  ойпаңды  жерлер  ормандарға бай 
болған,  өйткені  климат  біршама  ылғалды  болды.  Ертіс  маңы 
өңірінің  қазіргі  кездегі  ландшафттарының  тарихи  геожүйе  бо- 
лып  қалыптасып,  жаратылуы,  ерте  плейстоценнен  басталып, 
350-600  мың  жылға  созылып  зерттеу  нысанына  айналған 
өңірдің қазіргі ландшафтқа үқсас түрі соңғы плейстоценде (20- 
130  мың.  ж.),  Ертіс  өзені  жайылмасындағы террассалардың П- 
ші  (40-130 мың) жэне І-ші (20 мың жыл бүрын) қалыптасуында 
пайда  болды.  Бүл  кезең  өзен  аңғарының  төмендеуімен  сипат- 
талады.  Павлодардың  Ертіс  өзені  маңьгадағы  ландшафттық 
элементтерінің  басты  қүрылымы  голоценде  пайда  болды.  Бүл 
кезеңде гидрография жүйесі  біршама дамып, ландшафттардың 
қалыптасуьгаа  мүмкіндік  туғызды.  Климаттық  кезеңдер, 
геологиялық кезеңдермен ілесе  жүре  плювиальды  (суьщ)  жэне 
ксеротермикалық  климатқа  өзгеріп  отырған.  Сондықтан  бүл 
өңірде  орманды  далалы,  далалы  ландшафттар  басым  болып, 
соңғы плейстоценде далалы жэне құрғақ далалы ландшафттарға 
ауысты.  Аймақ  ландшафттарьгаың  эволюциялық  таралуын 
зерттеуде  оның  құрылымдық-динамикалық  қасиеті,  өзін-өзі 
реттеу  эрекеті  қоршаған  ортамен  үйлесім  тауып,  ұзақ  уақыт 
аралығында тұрақты жүйеге айналғаны байқалады. Осы өңірдің 
аумағын шаруашылық тұрғыдан игеру әрекеті, оның ландшафт
түрлерін біршама өзгертті.
Қоғам мен қоршаған ортаньга арасындағы өзара эрекет жэне 
байланыс қазіргі таңда үлкен проблемаларға айналып отырғаны 
анық. Адамдардың шаруашылық әрекеттерінің табиғи ортаға ті- 
келей эсері  жэне табиги ресурстарды үздіксіз пайдалану соңғы 
кездері  күрт  өсті.  Антропогендік  өзгерістер  дала  жэне  шөлейт
14

зоналарында  жатқан  аумақтың  ландшафттарында  (жайылым- 
дар мен шалғындар, орман массивтері т.б.) байқалып отырады.
Жайылымдарда  мал  жаюдың  кері  әсерін  үш  негізгі 
құбылысқа  қатысты  келтіруге  болады:  өсімдік  түрлерінің 
өзгеруі,  олардағы  тіршіліктің  (экология  мен  физиологиялық 
қүбылыс) жэне ортаның бүзылуы.  Малды шектен тыс жаюдъщ 
әсерінен  өсімдік  оттылык  өнімділігі  мен  нэрлілігі  төмендеп, 
топырақ  жамылғысының  өзгеруіне  экеліп  соқтырады  да,  мал 
жаю  технологиясын  бүзу  топьфақ  жамылғысының  біршама
тығыздалып,  ондағы ылғал
игеру
(қүмдақ
жамылғысы
ласы  қүмды  өңірлерде  реликті  таспалы  қарағай  орманы  мен 
Баянауланың  гранитті  тастарында  бейімделе  өскен  таспалы 
қарағайлар,  жемісті  ағаштар  аумақтың  солтүстік  шығысьгада 
кездесетін қайыңды, қайыңды-көктеректі ормандар, Ертіс өзені 
жайылмасындағы тоғайлар жылдан-жылға орынсыз кесу, өртеу 
т.б.  факторлар әрекетінен жойылуда.
Ландшафт  өзгерісіне  Семей  ядролық  сынақ  полигонын- 
да  жүргізілген  (ашық  және  жабық  түрде)  сынақтар  (1949-
Май,  Лебяжі.  Баянауыл
Қазақс
Үлттық
улеріне  карағанда топыраққа түскен  радионуклидтер  (цезий  -  
137,  стронңий  -   90  т.б.)  биологиялық  (флорасы  мен  фаунасы) 
жэне гидрографиялык нысандарда пайда болған. Табиғи ортаға 
таралған  радиоактивті  заттар  (стронций,  цезий  т.б.)  ет-сүт 
өнімдерінде кездесіп отьф.
Ертіс  өзенінің  жайылмасьгаа  антропогендік  жүктеменің 
шектен тыс түсуі, ландшафттардың өзгерісіне экеліп соқтырды. 
Географиялық,  экологиялық  ғалымдар  үшін  ғылыми  болжам 
жасаудың  маңыздылығы  артып  отырған  қазіргі  жағдайда,
15

географиялық  болжам  принциптеріне  сэйкес,  ландшафт  даму, 
игеру жэне өзгеру тарихын қалыптастыратын ғылыми бағыттың 
маңызы  зор.  Аталған  бағыт  географиялық,  тарихи  деректерді 
саралауда палеоклиматтық,  палеоботаникалық,  топонимиялық 
мэліметтерді  пайдалануымен  ерекшеленеді.  Топонимиялық 
зерттеулердің  ландшафт  өзгерістеріне  қатысы  да  көбінесе 
фитонимдердің  таралу  ареалымен  байланысты  мэселелерде 
көрініс табады. Өсімдік жамылғысының жай-күйі, бір жағынан, 
орта  факторларының  әсер  етуінен,  екінші  жағынан  өсімдіктер 
арасьшдағы өзара қарым-қатынастар нәтижесінде ұдайы өзгеріп
отырады.
Осы  мәселеге  қатысты  алғанда,  белгілі  бір  уақыт  кезеңін- 
дегі  өсімдік  жамылғысын  қалпына  келтіру  қоршаған  ортаның 
жалпы 
сипатын 
анықтап, 
қазіргі 
экожүйелердің 
жай- 
күйін  талдауға,  табиғатты  қорғауға  қатысты  нақты  шара- 
лар  жүргізуге  көмектеседі  деуге  болады.  Зерттеу  нысанына 
айналған  аумақта  антропоген  дәуірінде  климаттың  тербелу 
өзгерістері  байқалып  (аридті,  ылғалды),  Сібір  мен  Алтайдағы 
мүзбасу  кезеңінде  климаттың  суынуымен  қатар  аридті  кли- 
мат  кезектесіп  қалыптасады.  Осы уақыт  аральщтарында  Ертіс 
маңы  жазығының  топырақ-өсімдік  жэне  жануарлар  кешендері 
ауысып,  ареалдары  өзгеріске  үшыраған.  Қүрғақ  жэне  ыстьщ 
кезеңдерде дала жэне шөлейтті ландшафттар, ылғалды жэне су ы- 
ну кезеңінде дала жэне шөлейт аймақтары оңтүстікке қарай ше- 
гініп, олардың орнына орманды дала, мезоксерофильді далалар, 
өзен  жағаларында  шалғьгады  далалар  қалыптасты.  Жергілікті 
топонимиялық мэліметтерді байырғы ландшафттарды қалпына 
келтіру  (реконструкция)  ісінде  пайдалану  мүмкіншіліктері 
топонимдердің көп жағдайда табиғат ерекшеліктерін дэл бейне- 
лейтіндігіне негізделген. С.Г. Гмелин: «Саяхатшылар жол сапар- 
ларында табиғат жағдайларын сипаттай  келе, ландшафттардың 
өзгерісіне  жэне  табиғи  ресурстардың  практикальщ  маңызына 
ерекше  көңіл  бөлді  деп  жазды».  Осы  өңірдің  ландшафттары
16

дүниесі
П.С.  Палластың зерттеулерінде айрықша көрініс тапты. Табиғат 
жағдайына  бейімделген,  адамның  шаруашылық  әрекетінен 
ареалын  өзғертіп  ығысып  кеткен  жануарлар  аққу,  аю,  құлан, 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет