Топонимиканың геоэкологиялық негіздері оқу цүралы • а тынп : т с ь са/ч ь, I павлодар, 2008 (,ж) с$5, У



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата09.03.2017
өлшемі10,49 Mb.
#8542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тексеруге арналған  сүрақтар
1. 
Лебяжі ауданының физикалық-географияльщ жағдайына 
сипаттама беріңіздер?
54

2.  Құлынды жазығы қай дэуірде қалыптасқан жэне қандай 
жыныстармен ерекшеленеді?
3.  Лебяжі тобына жататын көлдердің физикалық-химиялық 
қасиетін анықтаңыздар?
4.  Ертіс өзенінің жайылмасы мен далалық бөліктердің лан- 
дшафтарын салыстырыныздар?
5.  Топонимдердің табиғат жағдайларында бейнелену дәре- 
жесін атап көрсетіңіздер?
2.2 
Аудан топонимдерінің қалыптасуындағы 
тарихи-географиялық (әлеуметтік) алғышарттар
2.2.1  Өлкенің көне тарихы
Ғалымдардьщ пайымдауларынша Солтүстік жэне  Орталық 
Қазақстан аумақтарын көне заманда су басып түрған. Палеозой 
дэуірінің  екінші  жартысында  жалпы  жер  беті  көтеріліп,  теңіз 
солтүстікке қарай ауысып, соңьгаан байтақ батпақты жерлер мен 
көлдерді  қалдырады.  Осы  су  көздерінің  жағалауларын  қалың 
орман  басады.  Уақыт  өткен  сайын,  әсімдіктер  қуарып,  жерге 
түсіп,  біртіндеп  тас  көмір  қабаттарьгаа  айналады.  Сондықтан 
Аққу-Қиық өңірінің көне тарихын қарастырғанда палеонтолог- 
тар көп зерттеген кайнозой дэуірінен бастаған дүрыс деп ойлай- 
мыз.  Кайназой  -   сүтқоректілер  ғасыры.  Жер  бедерінің  пішіні 
қазіргі  замандағы  жер  бедеріне  үқсас  болған  деген  толық  не- 
гіздеме бар деуге болады. Мүз басу аумақтың көпшілік бөлігін 
эсіресе Ертіс жағалауында көлдер маңында басқанын жэне оның 
іздерін палеонтологтар дәлелдеген.
Орта  плиоценге  ірі  сүтқореткілердің  мьгаадай  түрлері  тэн 
болатын:  оңтүстік  пілі,  оверн  мастодонты,  қазба  жылқылары, 
пребактриан түйесі, бөкендер, қарақүйрық, жейран, дзерен, т.б.
55

Лебяжі,  Подпуск  (Босбос)  селоларының  жанындағы  жер  асты- 
нан  оңтүстік  пілінің  сүйектер  табылды.  Бүл  өте  үлкен,  үзын 
бойлы  жаыуар,  оның  биіктігі  4-4,5  метрге,  үзындығы  3  метр- 
ге дейін жеткен.  Пілдің қаңқасына қарап,  оның салмағы шама- 
мен  10  тоннадай  болған  деген  болжам  бар.  Олар  өзендер  ара- 
сында,  қалың  ормандарда,  кейінгі  плиоңенде  ірі  қара  қүйрық 
бөкені  осы  аумақта  мекендеген.  Антропогеннің  басында,  яғни 
орта  плиоценнің  орта  кезінде  Қазақстан  аумағында  гиппари- 
он  хайуанаттар  әлемінің  мастодонттар  мен  палеотрагус  керік- 
тері  ішінара  жойыла  бастайды.  Подпуск,  Ямыш  селоларының 
маңында стенон жылқысының тастай қатып қалған, үстіңгі жақ 
азу  тістері  табылды.  Олар  антропогендік  жылқылардың  арғы 
атасы болып саналады.  Орта плиоценде қалыптасып біткен кең 
байтақ  қуаң  дала  жалқы  бақайлы  жылқыларға  өте  ыңғайлы 
еді.  Ойткені  осы  өңірлерге  олар  бейімделген  еді.  Пребактриан 
түйесінің  денесі  өте  ірі  болған,  жамбас  жағынан  оның  биік- 
тігі  3  метрге  жеткен,  аяқ  сүйектері  шомбал  келген.  Ғалымдар 
пребактрианды  Қазақстандық  эндемик  деп  санайды.  Өйткені 
Еуропада,  Азияның  басқа  аймақтарында  да  оның  қалдықтары 
әлі күнге дейін табылған жоқ. ГІребактриан түйелері куаң дала, 
шөлейт  жерлерде  мекендеп,  сораңдар,  қылша,  жыңғыл  және 
тағы басқа өсімдіктермен қоректенген. Арқарлар Қазақстанның 
көптеген таулы аудандарында элі күнге дейін кездесетін белгілі. 
Қазба  арқарлардың  сүйек  қалдықтары  Ертіс  өңірінің  жоғары 
плиоцен  шөгінділерінде  (Подпуск)  жэне  Ертіс-Қарағанды  ка- 
налы  арнасында  кездеседі.  Ертедегі  қойлар  қазіргі  арқарларға 
қарағанда ірі келген, олардың шоқтығыньщ 120-125 см, салмағы 
200-220  кг  тартқан.  Мүйіздері  өте  үлкен,  қуатты,  шиыршық 
болып  бүгілген.  Арқарлар  бедерлі,  үсақ  шоқылы,  кең  ашық 
далалы  жерлерде  жүргенді  үнатады.  Громов  пілі  азығы  мол 
өзен жағасындағы  ормандарда мекендеген.  Сонымен қатар осы 
аумақтан Вьюст пілімен, қазба қүланның қалдықтары табылды. 
Денесі үзындығы 4,8  метр  болатын  вьюст пілі  өзен жағалауьш
56

мекен  етіп,  ағаштар  мен  бұталардың  бұтақтарымен  қоректен- 
ген. Құлан плейстоцен мен голоцен дәуірлерінде Қазақстанның 
астық  тұқымдасты  өсімдіктер  өсетін  ашық  далаларда  және 
шөлейт аймақтарда мекен еткен.
Құлан  немесе  онагр  (жабайы  есек)  ерте  заманда  азық  із- 
деп, жүздеген километрге үнемі қоныс аударып отырған.  Оның 
дәлелі  кейінгі  плейстоцен  дәуіріндегі  Қазақстан  далаларының 
өсімдік  пен  жануарлар  дүниесі  көп  жағдайда  Африканың  са- 
ваннасына  үқсас  болғаның  палеонтологиялық  зерттеулер 
дэлелдеп  отыр.  Сондықтан  Ертіс  өңірінің  кең-байтақ  далала- 
рында  көне  жылқылар  мен  қүландардың  сансыз  көп  үйірлері 
даланың  мол  шөбіне  кенеліп  жүрген.  Қүландар  жаз  мезгілін 
Бараба  мен  Қүлынды далаларында  өткізген,  мүнда  олар  қияқ, 
өлең,  астық  түқымдасты  өсімдіктер,  жусан,  бидайық,  т.б. 
өсімдіктермен  қоректенген,  күзде  оңтүстікке  қарай  Бетпақ- 
далаға  бет  алған.  Қазақстанда  XVIII  ғасырдың  ортасын- 
да  қүландар  Сарысу  өзенінің  бойында  көбірек  болған.  Ал 
XIX  ғасырдың  60-шы  жылдары  олар  солтүстікте  Мүғалжар 
мен Үлытау сілемдеріне,  Құланөтпес жэне Терісаққан өзендері 
аралығын  мекендеген.  Көшпелі  қазақтар  құландарды  көбірек 
аулап,  Құлынды  даласынан  Орталық  Қазақстанның  шөлейт 
жэне  шөлді  аймақтарына  қарай  ығыстырып  жіберген.  Мосбах 
жылқысы  қазіргі  жылқылардың  ең  көне  түрі  болып  есепте- 
леді.  Олардың сүйектері де Аққу өңірінен табылды. Мерк жэне 
эласмотерий  мүйізтұмсьщтар  пілдер  сияқты  көне  өзендердің 
ылғалды батпақты аңғарлар, кең маңдайлы бұлан шоқ-шоқ ор- 
мандар, таспалы қарағайлар арасьгада, Шетензаки бұкасы сирек 
ағаштар арасын, жылқылар, қодастың арғы аталары және Зорге- 
лия ашық далада жайылған жэне қуаң дала мен шөлейт жерлер- 
ді  бөкендер,  бұландар  мен  түйелер  жайлаған.  Хазар  пілі  жэне 
жылқысының  сүйектері  Ямышево  елді-мекенінің  маңынан  та- 
былды.  Бизондардың үлкен үйірлері  көне заманда Еуразияның 
барлық  жазықтарында  Британ  аралдарынан  Камчаткаға  дейін 
мекен еткенін палеонтологияльщ ескерткіштер дэлелдеп отыр.
57

Қазіргі қодастың төркіні преовибос кой бұкасы бас сүйегінің 
бөлігі  Аққу  селосының  маңынан  табылды.  Олардың  терісі 
қалың, екі бүйірінен жамбастыра қарнынан қатты қылшықтары 
жерге жеткен, олардың астында жылы түбіт жүні болған.
Павлодар  облыстық  тарихи-өлкетану  мүражайының  таби- 
ғат  залында  жәдігер  болып  түрған  алпауыт  мүйізді  немесе 
алып  бүғының  қаңқасы  1972  жылы  «Жамбыл»  кеңшарының 
маңындағы Ертіс өзенінің қүлама жарынан табылды.
Алпауыт мүйізді бүғы ашық жерлерді, тоғай шетін өзен жай- 
ылмасындағы  ылғал  шалғындарды  мекендеп,  қандықарағаш- 
тың  бүтақтары  мен  жапырақтары  жэне  басқада  бүталы  шөпті 
өсімдіктермен қоректенген.
Антропоген  дэуірінде  Қазақстанда  бүрыңғыдай  қолайлы 
өмір  сүру  жағдайларының  болмауына  байланысты жэне  басқа 
да  себептерден  жануарлардың  көптеген  түрлері  қүрып  кетті. 
Осы  аңдардын  кейбіреулері  адамзат  әлемі  қалыптаса  бастаған 
кезден-ақ көне адамдардың аң аулау әрекетінен көпшілік түрлері
жоиылып кетті. ьүл дәуірдщ адамдары зіл, жүнді мүиістүмсық,
алып оүғы сияқты ірі аңдардың мүлдем жоиылуына эсер етті.
Голоңенде  қазіргі  ауа райы  мен жануарлар  дүниесі  қалып- 
тасты.  Олардың ішінен қүлан, жабайы түйе, жейран, жолбарыс,
аю,  қасқыр,  түлкі,  дала  суыры,  өзен  қүндызы,  т.о.  жануарлар 
кірген. 


^  : 

; ‘
Тексеруге арналған сүрактар
1.  Мүз басу аумақтың бедеріне қалай әсер еткен?
2.  Климаттың  плейстоцен  дэуірінде  Африканың  саванна- 
сына үқсастығын қандай зерттеулер арқылы дәлелдеген?
3.  Палеонтологтар  қай  өңірлерден  көне  жануарлардың 
қалдықтарын тапты?
4.  Антропоген мен голоцендегі Ертіс еңірінің флорасы мен 
фаунасы сипаттама беріңіздер?
58

2.2.2 Ауданыың тарихи-археологиялы қ  ескерткіш тері
Ертіс маңы жазығы, Құлынды жазыгы өңірі көне заманнан 
бері  адамдардың  мекен  еткені  жөнінде  дэлелдейтін  көптеген 
археологиялық заттармен ескерткіпггер, тарихи географиялық, 
этнографиялық  деректер  дэлел  бола  алады.  XX  ғасырдын 
90  жылдары соңында Павлодардың археологиялық экспедиңи- 
ясы  Қаратерек  қонысында,  бұрынғы  «Жамбыл»  кеңшарының 
маңьшда Аққу ауылынан оңтүстікке қарай 3 км жерде, Тасмал- 
та  қаруларының  екі  орнын  апггы,  олар  Ертіс  маңының  аллю- 
виалді  жыныстарының  арасында  (чопперлер,  чоппингтер 
жэне  қол шапқысы)  табылды.  Чопперлер  (кішкентай  кетпен)  -  
адамның  алғашқы  қаруы,  чоппинг  ағаш  шабатын,  жер  қазуға
найдаланылған.
Яебяжі
палеомагниттік  тэсілмен  зерттеу  археологтарға  1,67-1,87  млн 
жыл  бұрын пайда болған деген  мәлімет берді.  Қазіргі  уақытта 
Лебяжі  қазба  орны  Қазақстанда  көне  болып  саналады  жэне 
Солтүстік Азияның Дюринг,  Улаяйка, Ақтасты  сияқты атақты 
ескерткіштерімен бірге бір қатарда тұр. Біздің дәуірімізге дейін- 
гі  1750-1200 аралығында Батыс Сібірдің далалары мен орманды 
алқаптарында Андрон мәдениетінің тайпалары өмір сүрген.
жылы
км
қабыр  тапты.  Ежелгі  адам  бас  сүйегінің  жақ  құрылысында 
неандерталдықтарға  ұқсастық  бар  болатын.  Сондықтан 
В.В.  Лавровтың  тапқаны  палеолит  дэуіріне  жатқызылды.  Бүл 
табылған  үлгі  КСРО  аумағындағы  үшінші  ежелгі  адам  бо- 
лып саналады.  Осыдан  30 мың жыл  бұрын өмір сүрген  адамға 
археологиялық  дәстүр  бойынша  табылған  жеріне  байланыс- 
ты  «Ертіс  адамы»  деген  ат  берілді.  1953  жылы  осы  өңірде 
Қаз  ССР  ҒА  тарих,  археология  жэне  этнография  институты- 
нан  Э.Р.  Рыгдылонның  басшылығымен  Шығыс  Қазақстан
59

археологиялық  экспедициясыныц  шагын  отряды  жіберіліп, 
зерттеулер  жургізілді.  Табылған  заттың  зерттеу  нәтижесінде 
адам сүйектерінің андрон мэдениетіне жерлеуіне, ал үшкір ою- 
мен  эшекейленген,  тегіс  белгі  салынған  ыдыс  палеолит  емес, 
қола  дэуіріне  жататынын  аңгартты.  Осы  өңірде  мекендеген 
адамдар жартылай  көшпелі түрде көшіп-конып, егіншілік жэне 
мал бағумен ерекшеленген.  Жазда жайлауға көшетін, күзде ек-
кен астығын жинау үнпн қаитадан қыстақтарға көшіп отырған. 
Өнердегі «Аң стилі» сақ тайпаларына түрімен, аңыздылығымен 
тарихта маңызды орын алады. Ертіс өзенінің маңында табылған 
заттарды жолбарыс т.б. аңдар суреттері бейнеленген.
Тексеруге арналған сүрактар
1.  Археологиялық жэдігерлер нені дәлелдейді?
2.  «Ертіс адамы» атауы неліктен берілген?
3.  Өнердегі  «Аң стилі» деп  аталатын  жэдігерлерде не бей-
неленген? 

  ""
4.  Құлынды  жэне  Бараба  топнимдерінің  этимологиясын
анықтаңыздар? 

/
‘ 
:
2.2.3 Ертістің-Аққулы (Қиық) өңірінің кейбір көне атаулары
Ертіс  бойы  Аққу  (Қиық)  өңірінің  кейбір  көне  атаулары 
оның ішінде 
Ертіс 
өзені, 
Ямыш 
көлі С.У. Ремезовтың «Сібірдің 
Сызба  кітабында»  бейнеленгені  бізге  белгілі.  Сонымен  «Кар- 
та  земель,  принадлежащих  Киргиз-Казакам  и  Туркестану»
(1831);  «Карта  реки  Иртыша  между  Семипалатинским  и  Чер- 
ноярской пристанью»  (М.С.  Чернышов, 
1885); 
«Карта киргизс- 
кого  землепользования  и  пастбищных  районов  Павлодарского 
уезда»  (1903);  «Карта  правобережья  Иртыша  Павлодарского 
округа  и  Кызылагачевской  волости» 
(1909); 
«Карта  Семипа- 
латинской  области» 
(1901) 
т.б.  Ресейден  шықкан  карталар  мен
60

ғылыми еңбектерде аталған нысандар көрініс тапқан деуге бо- 
лады.  Сол карталардың ішінде өте көне және маңызды сипатқа 
ие  болып  отырған  С.У.  Ремезовтың 
«Сібірдің  Сызба 
кітабы» 
еңбегін  Қазақстан  аумағының  географиялық  (картография- 
лық)  тұрғыдан  зерттелуінің  алғашқы  кезеңіне  жатқызуға  бо- 
лады. 
Ямыш  (Қалатұз) 
көлі 
Ертіс 
өзенінің  оң жағалауы Пав- 
лодар  қаласынан  оңтүстік-шығысқа  қарай  57  км,  Ямышево 
елді мекенінен шығысқа қарай  6 км жерде, Лебяжі  ауданының
№   * Ч В (  
'
  V  
А  
я | і
орталығы Аққу  елді  мекенінен  солтүстік-батысқа қарай  56  км 
қашықтықта, географиялық координаттары:  5$0"§31с.е. 
орналасқан.  Қүльшды,  Ертіс маңы  жазығында орналасқан осы
аумақта кезінде қимақ-қыпшақ таипаларының мекен еткенін та- 
рихи деректер тольщ растайды.
Қыпшақ  тайпасынан  шыққан  қазақтардың  басты  мекені 
Торғай үстірті,  Орал маңы,  Батыс  Сібір  жазығына сүғына  еніп 
хатқан Бараба жазығы, Қүлынды далалары олардың түрақтаған 
ареалдарын анықтауға мүмкіндік туғызып отыр. Қай жер, қай ел 
болсын оның географиялық атаулардағы эр қилы өзгерістерінің 
бәрі  тарихи-әлеуметтік  оқиғаларға  орай,  қозғалысқа  түседі. 
Халықтық топонимика деп, сол жердің мэңгілікке мекендеп кел-
ген хальщтардьщ ои-түсініктері аркылы қоиылып, қалыптасқан
атаулар деп түсінеміз.
Аңыз бен ақиқат, ақиқат пен шындық бір-бірімен қат-қабат 
астасып жатқан күрделі  үғымдар.  Тарихтың шымырлап шығар 
бастауы -   аңыз  десек  те  болады.  Сондықтан  Аққулы  өңірінің 
тарихы да осындай аңызбен ақиқаттан өрбіген.
Көне замандағы Түрік қағанаты мен орта ғасыр тарихын зерт- 
теуші белгілі тарихшы Л.Н. Гумилев ауа райының өзгерістеріне 
байланысты Еуразияның дала аймағының жер бедері өзгерістері 
туралы  көп  ғасырлық  мәліметтерді  талдау,  оларды  болған  та- 
рихи  оқиғалармен  салыстыру  негізінде  қьгашақтардың  осы 
өңірде түрақтаған себебін былай түсіндіреді: Алтай мен Каспий 
арасындағы дала үш этностың ғүздардың (түріктер), қаңлы (пе-
61

чснегтер)  жэне  кұмандардың  (қыпшақтар)  қақтығыс  алаңына 
айналған  деп  атаи  көрсеткен.  X  ғасырда  болған  құрғақшылык 
даланы басқанда, Арал манындағы қуаң далада тұратын ғұздар 
мен қаңлылар Алтайдың тау-бөктерінде жэне суға бай Ертістін 
жағаларын  мекен еткен құмандарға (қыпшақтар) қарағанда көп 
зардапқа  ұшырайды  деп  жазады.  Таудан  ағъш,  Ертіске  келіп 
кұйылатын  өзен  жылғалары,  мол  жайылымдар  қыпшактарға 
жылқыларын  жаюға,  көшпелі  қоғамның  әскери  күшін  сақтап 
қалуға мүмкіндік беретін. Қыпшақтардьщ оңтүстікке көшу жо- 
лын Бетпақдала шөлі  бөгеді,  ал батыста олардың алдында Дон 
мен Днепрге  апаратьга  жол  ашылды,  ол  жерде дэнді  дақылдар 
өсетін  дала  болатын,  олар  туған  Барабадағы далаға үқсайтын. 
Моңғол  басқыншылары  Еуразияның  картасын  қайта  бөліп, 
қыпшақтарды  Еуропа,  Кавказ,  Азия  тіпті  бір  шеті  Африка  ел- 
дері  бойынша  шашып  тастағанға  дейін  Дешті-Қыпшак  атауы 
400 жыл (Х-ХУІ ғасырларға дейін) өмір сүрді.
Алтын  орданың  қүрылуымен  катар  «Қыпшақ  даласы»  де- 
ген атау қолданыстан шықты,  оның орнына «жабайы дала» де- 
ген  атау  пайда  болды.  Ямыш  
(Қалатүз) 
бекінісінде  дүниеге 
келген  белгілі  ғалым  зерттеуші  Г.Н.  Потаниннің «Естеліктері- 
нен» мынадай сөз тіркестерін кездестіреміз? Синолог Палладий 
Шыңғысхан кезінде (ХПІ ғасыр) жасалған Моңғолияның шағын 
картасын  бұзаудың  терісіне  бастырып  шығарған.  Бұл  картада 
қазіргі Ямыш селосы орналасқан жерде Емишин (емші) деген жа- 
зуды оқуға болады. Бұл картаның көшірмесі П.И.  Кафаровтын 
кітабында  бейнеленген. 
Түзқала 
деп  аталу  себебі  ауылдын 
іргесінде  тұз  алатын  көл  бар,  жергілікті  қазақтар  осы  көлге 
құятын екі бұлақ суын пайдаланған. Түркі-моңғол тілінде ортақ 
«емші»  сөзі  бірдей  мағынаны білдіреді.  Ертеде адамдар түзды, 
лай батпағы бар көлдерді эр түрлі емдік аурулардан айығу үшін 
(тері,  қүяң,  жыныс  т.б.)  пайдаланған.  Сондыктан  жергілікті 
казақтар емдік қасиеті үшін «емші» деп атауы да мүмкін.
62

Кезінде  жергілікті  қазақтармен  бірге  Сібірден  келіп  емде- 
лушілер  жаз  айларьшда тұзды,  лай  батпагы бар көлдер  маңын 
паналап,  емделген.  П.П.  Семенов  Қалқаман  (Халық-аман), 
Жамаитұз  көліне  жаз  айларында  Сібір  халықтары келіп,  жер- 
гілікті  қазақтардан  киіз  үйлерін  жалға  алып,  арзан  багага 
ет,  қымыз  сатып  алатынын  сипаттап  жазады.  Оның  дәлелі
географиялық  координаттары  51°40‘с.е,  ТЗ^ІГш.б.  орналасқан
| й
Қызылтүз  көліне  емделушілер  өткен гасырдың  80-ші  жылда- 
рына дейін келгені белгілі. Қызылтүз -  атауы судағы түздылық 
дәрежесі  жоғары,  ұсақ  ағзалар  жарық  сәулемен  шағылысып, 
өзіндік  жүктемеге  ие  болып,  қалыптасқан  деуге  болады. 
Ертістің оң жағындағы Қүлынды, Ертіс маңы жазығының ой- 
патты жерлерінде көптеген ағынсыз тұйық, тұзды көлдер көптеп 
кездеседі.  Оң  жағалаудың  шығыс  бөлігі  таспалы  қарағай  (ре- 
ликт)  ормандарымен  ерекшеленеді,  оңтүстік-шығыс  бөлігінде 
қазаншүңқырларда  орналасқан;  Айдарша,  Бөрілі,  Лебяжі, 
Ш арбақты,  Қазы,  Малыбай,  Ж алтыр,  Барғана,  Ямыш
■I
(Қалатүз), Қызылтүз барлығы (80-нен астам) көлдер топтама- 
сы сульфатты, хлорлы болып келеді жэне Лебяжі тобына жата- 
ды. Олардың маңайы ежелгі құмтөбелер, кей жерлерде сусыма- 
лы төбешіктер қүмдармен сипатталады.
Жергілікті  қазақтар  көлдерге  суының  физикалық  жэне 
химиялық қасиеттеріне, пішіні, көлемі, тереңдігі, жаратылысы 
т.б. ерекшеліктеріне байланысты атау беріп отырған.
Бұл  өңірдің  жер-су  аттары  көне  түркі  заманынан  келе 
жатқанына  ешқандай  күмэн  туындамайды.  Оның  айғағы  Ер- 
тіс  өзенің  этимологиясында  көне  түркілік  терең  астарлар  жа- 
тыр.  Көптеген  зерттеушілер  халықтық  этимология  деп  мэн 
бермейтін  М.  Қашғари  сөздігіндегі  Иртыш  (Эртишмақ)  «Кім 
тез  өтеді»  түсінігі  ғылыми  этимологияға  жетелейтін  бірден 
бір-дерек.  Этимологиялық талдауда сүйенетініміз М.  Қашғари 
сөздігіндегі  түсініктемелер:  «Ертішті  -   бэсекелесіп  өтісті;
63

бәстесіп  өтісті...,  Ертүшір  -   ертүшмек  -   Бәске  -   өтісер  -  
бәске  — өтіспек. Ертті;  өтті; кешті.  Өдзлек ертті — Заман өтті... 

Ертер -  ертмек:  өтер-өтпек».  Бұл  сөздіктегі  ерт «өту»,  «кешу» 
мағынасында түрған өт етістігі «өткел» мағынасын береді десек 
\ 
онда Ерт + сіз түлғасы «өткелсіз» (өзен) болып шығады.  Соны- 
і 
мен Ертсіз > Ертсіс > Ертіс болып, фонетикалық өзгеріске түсіп, 
ықшамдалып,  бүл гидроним  кет,  монғол,  қытай  т.б.  тілдерден 
і 
емес, таза түркі тілінен жасалғанын дәлелдейді. Сонымен Қатар 
Ертіс Ренаттың көне картасында, Шмидтің сөздігінде Ирцыш  —
 
Ер
2
І
5
сһ,  Ф.А.  Брокгоуз  бен  И.А.  Ефронның  энциклопедиялық 
сөздігінде,  Эрчис//Ирцис,  монғ.  Ирцис, қыт.  Эрцзис түрлерінде 
кездеседі.  ІХ-ХІ ғасырларда Ертістің  орта  ағысында  орын теп- 
кен қимақтарда ежелгі түркілік діни нанымының қалдықтары, 
тэңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Гардизи: «қимақтар 
отқа табынып Ертіс (бүрынғы аты Гамаш) өзеніне сыйынады»  — 
деп жазады. әл-Идрисидің еңбектерінде Ертіс (Гамаш) өзені ту-
ралы толық мағлүмат бар.
Біздіңше,  Ертіс  «ер,  ерт,  Ертіс»  деген  етістіктен  шығуы
мүмкін.  Өйткені, ол Обь өзенімен қатар біраз жерге ағып (еріп) 
барып  соған  құяды.  Есіл  (есіліп  ағып)  болса,  Ертіске  еріп  ба- 
рып,  сол  өзенге  құятыны  бізге  мэлім.  Сонымен  Ертіс  Обьқа 
ереді, Есілді өзіне  ертеді.  Осы жағдайды  ескере  отырып халық 
бұл  өзенге  Ертіс  деп  ат  қоюы  орынды  деп  С.Абдрахмановтың 
түсіндірген  формасын  дұрыс  деп  санаймыз.  Ертістің  бойында 
қаншама қалалар,  елді мекендер кезінде болып, тарих сахнасы- 
нан өз орнын жағалтып алсада, көптеген елді мекен жэне басқа 
да  географиялық  нысандар  ХУІ-ХХ ғасыр  аралығында  жарық 
көрген Ресей жазбаларындағы карталарда жиі  кездеседі.  «Кар- 
та  ръки  Иртыш  между  г.  Семипалатинскомъ  и  Черноярской 
пристанью,  по  изслъдованьямъ  (1885  Типография  Спб;  Троицк 
м-б.,  5  верстъ) картада көптеген XIX ғасырдағы географиялық 
атаулар (80-нен астан) топтамасы қарастырылған. Атап айтсақ: 
Подстепка кенті, 
Песчаное 
көлі, 
Белая (Ақсу) 
өзені, 
Алқакөл,
64

Ақтоғай, Қаратоғай, Жаманарал, Құндызды (Бобровое), Ува- 
ров 
аралдары, 
Барғана,  Қабан, Жыланды 
қоныстары, 
Черное 
(Қарасу), Лебяжье 
көлі, кенттері бейнеленғен. Ресей жазбалары- 
на сүйенсек 
Ямыш 
көлінен  1591  жылы алғаш рет түз өндіріліп, 
Тобылға 
жіберілғен. 
Ертіс 
өзені маңындағы көлдер түзтүнбалы 
болғандықтан түз өндіріліп, 
Ресейдің 
Батыс  Сібір қалаларына,
I
Пермь 
ғуберниясына  жеткізіліп  отырған.  1745-1774  жылдар 
аралығында 
Ямыш 
көлінен  11082  тонна,  1750  жылы 
Коряков 
(Қүрмантүз) 
көлінен  5499  тонна түз  өндірілғен.  Бүл  көне  кар- 
тада  көрсетілғен 
Емишин 
(мүмкін 
«Емші») 
елді  мекен  (ойко- 
ним)  орнына,  5  ғасыр  өткен  соң,  1715  жылы 
Ямышев 
әскери 
бекінісі,  кейіннен  шіркеу,  түрғын  үйлер  салынған.  Жергілікті 
қазақтар  әуелде 
Қалатүз, 
кейіннен 
Түзқала 
деп  ат қойған  бүл 
елді мекеннің орнында қазір «Қызыл қоғам» ауылдық округінің 
орталығы орналасқан.
«Дала уалаяты» газетінде, мақала авторының айтуы бойын- 
ша,  бүл  жерді  қазақтар 
«Түзқала» 
дейді  екен  жэне  бүл  қазақ 
жерінде ең алғаш салынған қала деп көрсетілген.  Бүл қаланың 
орнында 
Жәмші 
деген қалмақ батырының ауылы отырған екен. 
Содан барып бүл қаланы 
Иамүшүф (Ямышево) 
деп атап кеткен. 
Түзқала деп атау себебі  ауылдың іргесінде түз  алатын көл бар. 
Суының түздылыгынан көлдің беті қатпайды. Осы түзды көлге 
қүятын екі бүлақтың суын пайдаланып осы өңірдегі түрғындар 
5  су  диірменін  орнатыпты.  Қалатүз  диірмені,  Қамырау  диір- 
мені, Қаракесек диірмені болған. Бүл диірмендер 1930 жылдарға 
дейін,  яғни Түзқала жәрмеңкесі жабылғанға дейін жүмыс істе- 
ген.  Тарихи деректерге қарағанда  1747  жылдың  қысында Абы- 
лай сүлтанның қарауындағы найман елінен 40 қазақ жәрмеңкеге 
келіп,  72  жылқы,  370  аң  терісін,  30  елтірі,  киіз,  түлып  сияқты 
бұйымдарды  саудаға  шығарған  екен.  Ресейден  шойын, 
қазан,  эртүрлі  ыдыс-аяқ,  Орта  Азия  мен  Қытайдан  Түзқала 
жәрмеңкесіне көбінесе мата, жібек бұйымдар әкелінген.
I
65

Павлодарлық өлкетанушы Б. Хазыров түркі тіліндегі емиш 
созі транскрипцияға ұшырап, орыс тілінде 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет