Топонимиканың геоэкологиялық негіздері оқу цүралы • а тынп : т с ь са/ч ь, I павлодар, 2008 (,ж) с$5, У



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата09.03.2017
өлшемі10,49 Mb.
#8542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тексеруге арналған сүрақтар
1.  Лебяжі  ауданының  гидронимдерін  сипаттап  жазы- 
ныздар?
2.  В.Н.  Попова,  Қ.Т.  Сапаровтың  еңбектерін  пайдаланып, 
Ертіс өңіріндегі гидронимдер топтамасын анықтаңыздар?
3.  Гидронимдерде  кездесетін  ру-тайпа,  адам  аттарының 
жиі кездесетіні неліктен?
77

4.  Гидронимдерден  ландшафт  ерекшеліктері  жөнінде 
қандай мәліметтер алуға болады?
5.  Гидроэкологиялық  мэселелердің  таралу  ареалын  анық-
таңыздар? 
,  .
2.4.1 Өзен-көл (потомоним, лимноним) атаулары
Масштабы  1:  100000  топокарта негізінде  жүргізілген  зерт- 
теулеріміздің нэтижесінде Лебяжі ауданьшда  12 кішігірім өзен 
анықталды,  Май  ауданы  арқылы  өтетін  шекаралық  аумақты 
Ертіс  өзені  кесіп  отеді.  Ертістің  жайылмасьшда  оған  қүйып 
жатқан  кейбір  өзендер  тартылып  жылымдарға  (Қарасу)  айна- 
лып кетеді.  Сонымен қатар  өзендердің көпшілігі көктемде бір- 
шама  тасып,  жылдың  басқа  мерзімінде  су  деңгейі  төмендеп 
отыратын  ерекшеліктері  гидрографияльщ  атауларда  көрініс 
тапқан.  Потомонимдердегі  индикатор  терминдердің  кейбіреу- 
лері  (еспе,  мүқыр,  соқыр,  озен)  өзендердегі  су  режимінін  мау- 
сым бойынша тұрақсыздығын бейнелейді. 
Өзек 
деп жергілікті 
географиялық  атауларда кездесетін  өзен  тармағын  немесе  ескі 
арнаны  айтады. 
Қараөзек,  Сарыөзек 
өзен  атаулары  түстен 
басқа  жер  бедері,  суының  қасиеті  арқылы  ерекшеленіп  отыр. 
Сарыөзек 
колдері көктемде еріген қар суымен қоректеніп, лай- 
лы,  түсі  сары  болып  көрінетіндіктен  аталса  керек.  Коктемгі 
қардың  сары  суын  ішкен  мал  тез  көтеріледі  деген  үғым  да 
бар.  Белсенді  жүретін  судағы  алу  мен  шіру  процестерінің 
нэтижесінде су қабаты улы заттар мен  (фенол, ционид, жоғары 
спирттер)  қанығады,  оттегі,  азайьш  жағымсыз  иіске  ие  больш 
су ішуге жарамсыз  болып  қалады.  Төменгі топқа жататын көк, 
жасыл  өсімдіктер  көбейген  маусымдарда су жасыл жэне  басқа 
түстерге  боялғандай  эсер қалдырады. 
Ащылыөзек 
өзені,  өзен 
суьгаың  қасиетін  анықтап  түздылығы  жөнінде  хабар  береді. 
Ащы 
термині  арқылы  қалыптасқан  өзен-көлдер  жағасындағы
78

сортаңды  ойыстарда  тұз  бен  ылғал  сүйгіш  өсімдіктер  өседі. 
Мұндай  өсімдіктер  жамылғысы  малды  семірту  үшін  жақсы 
азық  болады.  Ғ.  Қоңқашпаев  ащы  терминін  (мал  ащыда  жа- 
тыр) жайылымдық термин ретінде қарастырады. Қазақстанның
Қарасу
деуге
А.Н.  Кононов  көне түркі  тілінде ақ,  қара сөздері түстен  басқа, 
белгі лі бір мағынаға ие болғанын жазады. «Ақ», ағып шығу, ағын 
су, түсіне емес оның биік тау мұздықтарынан ағып шығатынын 
анықтайды. «Қара» жердің суы, жер асты суымен қоректенетін 
өзен, керісінше ол да түсіне емес мөлдірлігімен ерекшеленетіні 
көрініп тұр  .  Белгілі Топонимист Э.М.  Мурзаев  «Қарасу» өзен, 
бұлақ мағынасында карастырады.  ҒҚоңқашпаевтың пікірінше, 
«Қарасу» -  көл жайылмалық  су  арнасы  кеуіп  қалған,  өзен  ар- 
насында  жиналып  қалған  су  жиынтығы.  Ертістің  жағасында 
орналасқан 
Черное (Қарасу 2) 
е.м., өзен атаулары атына байла- 
нысты қойылғаны тарихи шындық. 
Ащы-Қарасу 
өзені суының 
тұздылық дәрежесін, 
Шолаққарасу 
өзені қысқарып арнасында 
суы  жоғалып  қалғаны  туралы  толық  мағлұмат  береді.  Саға  -  
өзеннің басқа өзен, көлге құятын жері. Құрғақ арналардың бітер 
жері соқыр саға деп аталады.
Э.М.  Мурзаев 
«сай» 
лексемасының  мағынасын  малта- 
тас  шөгіндісі,  таяз  жер,  құрғақ  арна,  жырадағы  жылға,  өзек 
мағынасында  қарастырып,  барлық  түркі  тілдес  халықтарды 
кездесетінін,  орыстың ғылыми  әдебиеттерінде  жиі  қолданыла- 
тынын  атап  көрсеткен.  Ал  Ғ.  Сағидолдақызы  қазақ  тіліндегі 
«екі  таудьщ  арасы,  биік  шатқал»  мәніндегі  сай  орографиялық 
терминімен  монғол  тіліндегі  «сайр»  — өзен,  судың  тарамдары 
биік  таулар  арасын  бөліп  жатқан  сайлар  мағынасындағы 
са- 
лаа 
сөздері  қосарлана  келіп  қазақ  тілінде 
сай-сала 
деген  де- 
рбес  терминдеғі  сала  лексемасын  монғол  тілінен  енген  кірме 
соз  ретінде  қарастырады.  Е.  Керімбаев  ғидроғрафиялық 
сай 
термині  орографиялық  негізде  қалыптасып,  лексеманың  ұзақ
79

эволюциялық процеске ұшырап, тасты жазық, арна, өзен, жылға 
т.б. мағынаны білдіретінін және олардың жер бедерінің төменгі 
болігінен  ағып  шығып  өзара  байланыста  жатқанын  айтады. 
Құрсай 
өзені,  Сухое  колі  атауларды  осы  орайда  қалыптасқан 
Деуге болады. 
Кемер 
-  (Жар қабақ) үнді -  иран -  араб тілдері не- 
гізінде 
Хамар 
-  терең сай, саға тар алқап, кейде қыр (одан аққан 
өзен)  мәндерін  білдіреді.  Ғ.  Қоңқашпаев  болса  кемерді  қырат, 
жағалық  бел,  биік  жағалар,  жар  мағынасында  қарастырады. 
Ертістің  жағалауында  осындай  биік  жаға  (жар)  жиі  кездеседі, 
әсіресе  Подпуск 
(Босбос), 
Ақку  селоларьшың  маңында  айқын 
көрініс  тапқан. 
Кемер  (Қарақала) 
агрофирма  атауы  антропо- 
нимнен туындаған, яғни республикаға, облысьшызға аты эйгілі 
адам  Кемер  Әшімбетов  есімімен  тьпыз  байланысты.  Ертіс 
өзенінің аңғарында Ертіске қүйып жатқан кішігірім  өзендерге: 
Ақтоғай,  Глухая,  Қарагайлы,  Козлов,  Мэтен,  Отнога,  Босбос 
(Подпуск),  Ағынды,  Қарасу,  Шолаққарасуды  жатқызамыз.  Бүл 
жерден  қазақ  халқының географиялық нысандарын  ерекшелік 
сипатына  қарай  нақты  ат  қоя  білгеніне  көз  жеткізуге  болады. 
Ертіс өзенінде су азайып, шөгінділерден түзілген аралдар ерек- 
ше көрініс тапқан. Қазіргі уақытта олар жасыл желекке бөленіп,
ьртісті  кішігірім  өзен  қолтықтарьша  боліп,  ондағы  болып 
жатқан  процестерді  аңғаруға  мүмкіндік  туғызып  отыр.  Осын- 
дай аралдар аумақтың Ертіс өзені ағып өтетін бөлігінде кездесіп 
отыр. 
Әділхан,  Антонов,  Байжан 
және 
Баймүрат 
тоғайлары, 
Көлібай,  Островский 
жэне  зооннмнен  туындаған 
Жыланды 
жане 
Борсықты 
аралдары, 
Көкшығанақ 
көлі, 
Қайырбай 
тоған 
атаулары жергілікті топонимдерді маңызды геоэкологиялық 
си- 
паттармен толықтырып отыр деуге болады.
Су  режимі  мен  қазаншүңқырлар  морфологиясы,  шығу  те- 
гіне қарай облысымыздың көлдері эркелкі болып келеді.  Өткен 
геологиялық  дэуірлерде  үгілу  әрекетінен  қалыптасқан  көлдер 
біршама кең тараған. Жер бедерінің үздіксіз өзгеріске үшырауы 
қазіргі кездегі колдерд ің қал ыптасуына әсерін тигізді. Көлдердің
80

1
пайда 
болуы  казаншұңқырға  келіп  құйылған  судың  мөлшері 
(жер үсті, жер асты жолымен), одан шығатын су шығыны (сіңу 
мен  булану)  көп  болған  жағдайда  жүзеге  асады.  Ыза  суымен 
қоректенетін  көпшілік  үсақ  көлдер  жаз  айларында  тартылып, 
батпаққа айналып кетеді. Аққу өңірінің қазақтары көлдерді: жер 
бедері  мен  климаттық  жағдайлар,  пішіні  мен  көлемі,  суының 
физикалық  жэне  химиялық  қасиеттеріне  байланысты  ажы-
рата  білген. 
Көл 
-  термині  барлық 
таралған терминологиялық элемент.  Көл термині Лебяжі  ауда- 
нында  82  көлдің  ішінде  (11)  атау  көл  термині  арқылы  көрініс 
тапты. 
Ақкөл  (3), Ащыкөл, Борлыкел,  Қамыскөл,  Қаракөл, 
Көпкөл, Көлши, Үзынкөл (2) 
т.б. атауға болады.
түркі
халқымыздың
жүгіртуге
отыр (кесте 8).
Кесте 8 —Акк
(лимнонимдер) жікте.

Антропоним
1  Акан көлі
2 Айдарша
3 Айжан
4 Дәмелі
5 Жәнібек
Геноним
(ру-тайпа
аггы)
Актайлақ
Аятай 
Барғана
Қазы
Қожа
Фитоним
(өсімдік
аты)
Басқайын
Балалы 
Жарқайың
Зооним
(жануар
аты)
Физикалык
қасиеті
Ара
Қарағанды 
Қара елең
Атсойған 
Бөрілі
Борсық 
Қабан
7 Көкәй
8 Малыбай
9 Сейтен
ІОТілеуберді
Т арақты
Пішенді 
Шилі
Маралды 
Сиыр өлді 
Шағалалы
Үялы
Ащыкөл
Борлы 
Горысое
Жалтьф 
Жамансор
Қалатұз
Қоңырқақ 
Пресное
Көлемі пішінін 
айқьгадай 
тьга
Дөңгелек
Жалпақсор 
Кривое
Плоское 
Тереңкөл
Сүхое
Тақыр
Қорытыидылай келе көлдердің өзіндік  ерекшеліктері,  яғни
түсіне
география
81

тағы басқа көптеген  белгілері, яғни топонимдердегі  бейнелену 
дэрежесін байқауға болады.
Тексеруге арналған сұрақтар
1.  Ғ.  Қонқашпаев,  В.Н. Попованың еңбектеріндегі  озен-көл 
атуларын айқындайтын терминдерді анықтаңыздар?
2.  «Сай»  терминінің  кейде  орографиялық  немесе  гидро- 
графиялық қызмет атқаратыны неліктен?
3.  Өзен-көлдерді  сипаттайтын  фитонимдер  мен  зооним- 
дерді анықтаныздар?
4.  Көл аттарында халқымыздың көшпенді өмірі қалай бей- 
неленген?  ' 

;
5.  Аққу өңірінің көлдеріне сипаттама беріңіздер (Қ.Т. Сапа- 
ров бойынша)
2.4.2 Микрогидронимдер
Микротопонимия  (грекше-микро-кіші)  белгілі  аумаққа 
тэн ұсақ физикалық-географиялық нысандардың,  өзен-көлдер, 
көлшік, бұлақтар мен бастаулар, құдықтар мен жылғалар, сай-са- 
лалар, жоталар мен төбе-төбешік, қыр-қыраттардың, қыстаулар 
мен жайлаулар аттары.
Жалпы  макротопоним  жэне  микротопоним  деген  термин- 
дерді  кеңестік  білім  саласында  алғаш  рет  А.Р.  Суперанская 
жэне Э.М.  Мурзаев қолданды. Өзінің тегі жағынан жалқы есім- 
дерге тым жақын екенін көрсетті. Өйткені олардың бэрі тілдегі 
мағынасы айқын, көпші лікке түсінікті сөздерден қойылып отыра- 
ды. Микротопонимдер қоғам өзгерісіне қарай бұрынғыларының 
орнына  жаңа  атаулардың  пайда  болып  отыруы  түрлі  тарихи 
оқигалармен  байланысты.  Ондай  микротопонимдердің  сан 
жағынан басымы да, көбі де ана тіліміздің байырғы сөздерінен 
жасалған топтар. Көптеген микротопонймдер откен ғасырларда
82

халық  өмірінде  кеңінен  қолданыс  тапқан,  қазіргі  кезде  басым 
копшілігі ұмытылып, оз орнын жоғалтып алды.  Оларды XVII- 
XVIII,  ХІХ-ХХ  ғасырлардағы  тарихи  деректер  мен  кейбір 
географиялық  статистикалық  анықтамалардан  анық  көреміз. 
1903  жылы  жарық  көрген  Ф.А.  Шербинаның  еңбегінде  Семей 
облысы  Семей  уезі  Малыбай,  Сейтен,  Тереңкөл  болыста- 
рына  қарасты  жерлердегі  (қазіргі  Аққу  оңірі)  жайлау,  қыстау, 
сай,  өзен,  құдық  атаулары  көптеп  кездеседі.  Көшпелі  мал 
шаруашылығымен  шұғылданған  түркі-монғол  тілдес  тайпа- 
лар су көздеріне ерекше мэн беріп қастерлеген.  В.А. Казакевич 
монғол  және  түрік халықтарында кошпелі  мал  шаруашылығы 
қолданып,  «бұлақ»,  «құдық»  терминін  жиі  атап  көрсеткен. 
Қазақ терминдері басқа да түркі халықтарының географиялық 
терминологиясының құрамында Э.М. Мурзаевтың еңбектерінде 
талданды. География ғылымы тұрғысынан қазақ географиялық 
терминдерін алғаш рет топтастырьш, магынасына анықтама бер - 
ген Ғ.Қ.  Қоңқашбаевтың  зерттеу жұмыстарының  алатын  орны 
ерекше. Қазақстанның  аумағындағы табиғи  ерекшеліктер:  жер 
бедері, гидрография,  өсімдік жэне топырақ жамылғысы,  жану- 
арлар дүниесі, климат жағдайлары халықтық географиялық тер- 
миндерде көрініс  тапты.  Қазақ гидронимиясын зерттеуге үлес 
қосқан  В.Н.  Попова  өзінің  зерттеулерінде  Павлодар  оңіріндегі 
1800 гидронимдердің ішінде  626 микрогидронимдерге:  қүдык, 
бұлақтардың бар екенін анықтап көрсеткен.
Микрогидронимдерге  жататын  бүлақ  атаулары:  жер  бе- 
дері, түсі, дэмі, қасиетіне, қозғалысына, қүдық көлемі, тереңдігі 
орналасқан жеріне,  сонымен қатар діни наным,  оқиға,  өсімдік, 
жануарлар,  адам,  ру-тайпа  атына  байланысты  қойылады. 
Қазақстанның  солтүстік шығысында  орналаскап  Павлодар  об- 
лысында  көптеген  көлдер,  өзендер,  батпақ  бүлақтар  бар.  Еспе 
сулары жер бетіне жақын жатқандықтан қүдықтар көптеп  кез- 
деседі. ФА. Шербинаның зерттеулерінде 248 бұлақ, 336  қүдық, 
20 батпақ атауы тіркеуге алынған. Жазық ойпаттарда қазылатын
83

кұдықтардың  тереңдігі  2-3  метрден  аспайды.  Суы  мол  тұщы 
құдықтар  мүмкіндігінше  таспен  шегенделетін  де  беті  жабыл- 
майтын.  Қүдықтар  тереңдігіне  қарай  саяз  жэне  шыңырау  бо- 
лып  екіге  бөлінеді.  Орманды дала, дала зонасында орналаскан 
Железин, Қашыр, Лебяжі аудандарында қүдықтьщ ішін қайың, 
қарагай агашымен, кейбір аудаидарда күдық ішін таспен қалап 
пайдаланган. Кең қазылган саяз қүдықтар суының мол болуымен 
бірге қол қаугамен су тарту үшін де колайлылық жасайтүгын.
Қол  қауга  ірі  малды  суару  әдісі  орыстардьщ  «журавец» 
деп  аталатын  суару  әдісіне  едәуір  үқсайды.  Қүдықтар  эдетте 
қыстауда,  жайлауда  не  көш  жолдарында  қазылатын.  Қ.Т.  Са- 
паров  Павлодар  облысы  аумагында  ежелгі  көміліп  қалган 
мыңдаған  құдықтардың  450-ге  жуық  атаулары  элі  күнге 
Дейін  оелгілі  екенін  топонимиялық,  картографиялық  зертте- 
Улер  арқылы  дэлелдеген.  Қыстаудагы  қүдыктар  қай  уакытта 
қазылғандыгына қарамай қыстау иесінің меншігі болып санала- 
ды. Ал жайлаудағы жэне көш жолдарындағы құдықтар қазылу 
уақытына  байланысты  еді.  Жеке  адамдар  мен  ауылдардың 
бірігіп  жаңа  қазған  қүдықтары  солардың  меншігі  болып  есеп- 
теледі.  Адам  атына  байланысты: 
Әуіпбай 
құдық, 
Тыран
құдық(геномикрогидроним), 
Әбушыңырау,  Тілеуберді 
құдық,
Шұбай  құдық,  т.б  атауға  болады.  Зерттеу  нэтижесінде  Аққу
оңірінде 15 құдық, 41 бұлақ, көз атаулары анықталынып, барлық 
гидронимдердің 29,4 пайызын құрап отыр.
Кесте 9 —Лебяокі ауданыныц аумагындагы микрогидронимдердің 
салыстырмалы сипаттамасы (Қ.Т.  Сапаров)
Микрогидронимдер
Жасанды
Табиғи
2 Апан
3 Шыңырау
84

Санына  байланысты  Бесқұдық  (2),  Бесапан  атаулары  бар. 
Құдықтың басқа түрлеріне:  «шыңырау» -  терең,  «қауға,  саяз», 
«апан» — ескі құдық т.б. жатқызуға болады. Апан ескі бұзылып 
құлаған, терең емес құдықтар мағынасына сэйкес келеді. Қан д ы 
құдық тарнхн оқиғаға байланысты XX ғасырдың басында пай- 
да болған атау. Тәтті құдық, қазіргі Шарбақты ауылдық округі- 
не қарасты аумақта Кетік оронимі бар.  Онда соңғы кезге дейін 
мал тұрды. Бірде жол жөнекей келе жатып,  осы Кетік ауылына 
соққан Ботай Жопш деген атпен елге эйгілі болып кеткен адам, 
жалаңаяқ-жалаңбас күйінде осы Кетіктен су алуға барған екен. 
Сол кезде осы өңірде руы Тоқболат Қати деген адам болыстық 
құрып тұрған екен.  Суынан мейірі қанып іше алмаған элгі Бо- 
тай:  «Неде болса, болысқа соғып құдығының жайын айтып ке- 
тейін»,  -   деп  әдейі  сәлем  бергенсіп  барыпты.  Шаруаңды  айт, 
қарағым, -  деген болысқа ол былай депті:
Қайтейін жырым қамыс суың ашты,
Кедейлер су таба алмай жаман састы.
Алпыс үй бір қүдьгқты арши алмай,
Шіркіндер, бұнша неге қара басты?!
Бұл сөзге ұялған болыс ертеңгісінде бүкі л елді жұмылдырып 
құдықты  аршытыпты.  Содан  былай  бұл  жерді  «Тәтті  құдық» 
деп  атап  кеткен  көрінеді.  Бұл  жерден  атаудың  халықтық  эти- 
мология  негізінде  қалыптасқанын  аңғаруға  болады.  Сонымен 
қүдық  атаулары  басқа  да  топонимдерге  тэн  алғы-шарттық 
жіктелу  байқалады.  Аққу  өңірінде  Шыңырау,  Әбушынырау 
қыстау,  қүдық  атаулары  тереңдігімен  ерекшеленіп  көрініс 
тапты.  Құдық  атаулары  (апан,  шыңырау,  құдық)  қазақтың 
дәстүрлі  шаруашылығында  жиі  кездесіп,  ерекше  орын  ала- 
ды.  Бұлақтар  номинациясы  жергілікті  табиғат  жағдайларын 
дәстүрлі  дүниетаным  мен  шаруашылық  қажеттерге  орай  бей- 
нелеумен  байланысты  қойылғаны  анық.  Аумақта  жер  бедері 
өсімдік  жэне  жануарлар  дүниесі,  қасиетіне,  тарихи  оқиға,  ру- 
тайпа  атьгаа  байланысты  бүлақ  атаулары  көптеп  кездеседі.
85

Мұздыбұлак,  Малдыбұлақ,  Егіндібұлақ,  Қаракөз,  Төрткөз 
микрогидронимдері аумақта кездесіп эртурлі сипатқа ие 
болып 
отыр.  Құдық,  бұлақ түріндегі микрогидронимдер кошпенділер 
қоғамында  экологиялық  ақпарат  көзі  болғанымен  дәлелді. 
Қүдық, апан, қауға, шыңырау шаруашылыққа қажетті, адамдар 
тарапынан тікелей қазылған нысандар геоэкологиялық ақпарат 
көзі  болып табылады.  Сонымен  шаруашыльгқ айналымындағы 
су  көздерінің  (табиғи  жэне  жасанды)  атауларында  индика- 
тор  -  терминдердің кездесуі  олардың  сипатынан хабар береді; 
су  көздерінің  шаруашылыққа пайдалану мүмкіншіліктері гид- 
ронимдереде  көрініс  тапқан;  гидронимдердің  басқа  топоним- 
дермен ара қатьгаасы шаруашылық қажеттілігінен туьшдайды.
Тексеруге арналган сүрақтар
1.  Ф.Н.  Шербинаның  еңбектерінде  Ертіс  оңірінде  қанша 
қүдық, бұлақ атаулары тіркеуге алынған?
2.  Құдық, 
бұлақ  т.б. 
микротопонимдердің  дәстүрлі 
шаруашылықтағы рөлін анықтаңыздар?
3.  Көшпелі мал шаруашылығы үшін жасанды жэне табиғи 
су көздерінің маңыздылығы неде?
4.  Табиғи  жэне  жасанды  су  көздеріне  сипаттама  бері- 
ңіздер? 

5.  Ескі бұзылған құдықтар қалай аталады?
6.  Бүлақ, коз, жылға атаулары қай жерлерде жиі кездеседі?
86

1
3 Аймақтық топонимиядағы әлеуметтік-экономикалық
факторлар және табиғат қорғау мәселелері
3.1 Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығындағы қажетті 
геоэкологиялық ақпараттың топонимиядағы керіиісі
Қазіргі  заманда  экологиялық  тепе-теңдіктің  бүзылуы  та- 
биғатты  пайдаланудың  жаңа үлгілерін  негіздеуді  қажет  етеді. 
Қазақстан  жеріндегі  экожүйелердің  антропогендік  өзгерістері 
байырғы табиғатты пайдалану үрдістері  мен  жобаларға  енгізу 
ісін жеделдетуді талап етеді. Бүл бағыттағы зерттеулер табиғат 
пен  адам  қоғамьшың  өзара  әрекеттесуі  жөніндегі  қоғамдық- 
тарихи  жэне  жаратылыстану  ғылымдарының  қорытындыла- 
рын жинақтайтын тарихи геоэкология ғылымының шеңберіне 
енеді.
Кез-келген  халықтың  табиғатты  пайдалану  дәстүрінің қа-
зіргі  ғылыми-практикалық  маңызы  шаруашылықты  ұиымдас- 
тыру,  табиғат  қорларын  сақтау  мен  тиімді  пайдалану  проңес- 
терін  танып  білу,  іс  жүзінде  қолдану  мәселелерімен  шектел- 
мейді. Бүл мәселенің топонимня ғылымына қатысын халықтың 
[аруашылық мамандануьшың қоршаған орта нысандарын бел- 
гілеп, атауда маңызды рөл атқарғанымен түсіндіруге болады.
Жер-су  аттарының түрлі  өзгеріске үшырап,  ауысып  отыру 
қүбылысы, тарихи жағдайларға тікелей байланысты.  Атамекен 
атаулары белгілі бір халықтың тарихьгаа, мәдениетіне қатысты 
болғандықтан  ондағы  жер-су  аттары  тарихи  ескерткіш  іспет- 
ті  көрінеді.  1837  жылы  жазылған  бір  еңбегінде  орыс  ғылымы
Н.И.  Надеждин  топонимдер  арқылы  халықтардың  миграңия- 
сын  (кошуін),  жаңа  жерлерге  қоныстануын  анықтауға  болады 
деген түжырым жасайды.
87

Жер  бедері  ерекшеліктері  мен  ландшафттарды  анықтауда 
қазақ  халқының  тіршілігінің  көшпенді  сипаты  белгілі  жүйеде 
ықпал  етті  деуге  болады.  Табиғат  жағдайларының  ерекшелік- 
терін жетік білетін қазақ халқы жайылымдарға,  орографиялық 
жэне  гидрографиялық  нысандарға  ат  қою  (номинация)  при- 
нципі  аркылы  ажырата  білген.  Сонымен,  қазақ топонимдерін- 
де  табиғат  жағдайларын  бейнелеудің  өзіндік  дәстүрлі  даму 
зандылықтары  бар  екенін  аңғаруға  болады.  Географиялық 
ортадағы  табиғат  жағдайларын  нақты  бейнелеуге  топонимдер 
қүрамында  болатын  халықтық  жэне  жергілікті  географиялык 
терминдер  себепші  болады.  Топонимия  ғылымында  индика- 
тор-терминдер  деп  аталатын  мүндай  сөздер  тобы  физикальщ 
географияның  нысандар  түрпатын,  ландшафттық-белдемдік 
ерекшеліктерін,  морфологиялық сипатын,  шығу тегін (генезис) 
сипаттайды. Осы түрғыда алғанда, табиғат жағдайларын сипат- 
тайтын жер-су аттарында жергілікті жердің ландшафттык кел- 
беті бейнеленіп, халықтық географиялық білімі жинақталған.
Жергілікті топонимдер қүрамында кездесетін географиялық 
терминдер  арқылы  белгілі  білім  қоры,  экологиялық  тәжірибе 
жүйесі  жинақталды.  Географиялық  терминдер  осы  өңірдің 
табиғат  жағдайларын  зерттеуге  мүмкіндік  туғызатындықтан 
осы өңірде қалыптасқан жэне кездесетін жергілікті географилық 
терминдерге сипаттамалар беруді жөн көрдік.
Қазақ  халқының  көшпелі  өмірі,  эдет-ғүрпы,  мэдени 
материалдық  ерекше  белгісін  айқындайтын  географиялық 
атаулар  топонимдер  қүрамьшда  айтарльщтай  орын  алады  . 
Халқымыздың  үлттық  ерекшелігін  қарқынды  жүйеде  бейне- 
лейтін  топонимдер  Павлодар  облысы  аумағында  да  кеңінен 
көрініс  тапқан.  Н.  Толстойдың  пікірінше,  географиялык  тер- 
минология  лексикалық  жэне  мағыналық  астарларда,  басқа 
да  терминологиялық  салаларымен  адам  жэне  жан-жануар 
дене  мүшелерінің  атауларымен  қатар  ыдыс,  тоқу  қүралдары, 
үй,  ауа  райы  т.б.  аттарымен  байланысты  болады.  Осы  орай-
88

да 
метафоралық 
Айдарша 
көлі, 
Басқайың 
фитонимі, 
Бүкір, 
Бетқүдық, Жамбае 
көлі, 
Қималы, Кетік, Көктөбе 
қоныс ата- 
улары  қалыптасып  отыр.  Қазан  -   славян  тілдерінде  (котел)  -
шұңқыр,  колді  шүңқыр  жерлер,  судың  терең  жерлері  деген 
мағьшаны білдіреді. Ал түркі тілдерінде қазан -  «ойпат», «ойыс» 
деген мағынаны білдіретін топонимдердің қүрамында жиі кезде- 
седі. Таспалы қарағай орманы (реликт) арасында ойлы жазықты 
жерде  орналасқан 
Қазантай 
-   ойконим  атауы  осы  мағынага 
сәйкес  келеді.  Жергілікті  топонимдерде  табиғи  ортаның  бей- 
неленуі  жергілікті  табиғат  жағдайларына,  халықтың  тұрмыс- 
тіршіліғіне байланысты сипат алатьгаы анықталды.
Қазақ  халқының  мал  шаруашылығын  ұйымдастыру  си- 
паты  жергілікті  табиғат  жағдайлары  мен  нақты  әлеуметтік- 
экономикалык,  тарихи  факторлардың  эсер  етуі  нэтижесінде 
аумақтық  ерекшеліктерге  ие  болды.  Кошпелі  омір  сүрген  ата- 
бабаларымыз  қысты  жылы  жақта:  Қаратау  маңында  Шу  мен 
Сыр  бойында;  Аралдың жағалауында откізіп,  жазды Арқаның 

самал  желді,  бетегілі  белдерінде  откізген.  Ағаш  уықты,  киіз 

туырлықты кошпелі қазақ осьгаау үлан-ғайыр туған даласының 
тосін  жыл  он  екі  айда  бір  айналып,  аймалап  кеп  отырған. 
Шьгадығына  жүгінсек  ХП-ХҮІ  ғасырларда  Қүлынды,  Бара- 
ба далалары  орта  жүз  қазақтарының — арғын,  қыпшақ,  керей, 
уақ,  найман  тайпаларының  бір-бірімен  шектесіп  жатқан  ата 
қоныстары  болған.  XIX  ғасырда  қазіргі  Лебяжі  ауданының 
аумағында бұрынғы (Малыбай, Сейтен болыстары, Семей уезі) 
Уақ  тайпасьгаың  Бұйдалы-Жансары  ру  аталары,  олармен  ара- 
лас  біраз  керейлер,  Бәсентиіннің  (Есенгелді,  Борі,  Қайсары, 
Бұқакүбір, Сәмек, Зомбы, Тәуке, Наурыз), Алтай, Шұбыртпалы 
руларының  ауылдары  қоныстанғанын  тарихи  деректер  дәлел-
деп отьф.
Кошпелі  қазақ  руларында  кошу  маршруттарының  ұзақты- 
ғьгаа байланысты  аралық аумақтар,  күзгі  жэне коктемгі  жайы- 
лымдар ретінде ғана пайдаланылған.  XIX ғасырдың  соңы мен
89

XX ғасырдың басында Қазақстан жерінің табиғи жағдайындағы 
ерекшеліктерге  тарихи  кезеңдерғе  байланысты  қазақтардын 
шаруашылығында айтарлықтай өзғешеліктер:
1) көшпелік жағдайда мал өсіру;
2) жартылай көшіп мал өсіру, қыстау төңіреғінде егін салу;
3)  отырықшылық  жағдайда  мал  мен  егін  шаруашылығы 
қатар жүргізу қалыптасты.
Қазақтардың  шаруашылығында  ең бастысы мал шаруашы- 
лығы  болды.  Мал  шаруашылығымен  айналысқан  қазақтар  та- 
улы,  далалы  өңірде  қой,  жылқы,  түйе,  сиыр  әсіреді.  Бүл  төрт 
түлік  мал  жьшдың  төрт  маусымьшда  табиғи  жайылымдарда 
бағылды.  Мүның  ©зі  кең  өріс-қоныс  болуын  жэне  шөптің  со- 
нысы мен судың түнығын таңдап, көшіп қонуды қажет етті. Та- 
лай ғасырлық тәжірибеден туындаған  шаруашылықты басқару 
тәсілі  жайлымдарды  маусымға  қарай  пайдалану  тэртібін 
қалыптастырды.  Мал үстап тозған жайылым,  өрістерді эр мез- 
гіл сайын ауыстырып отыруы, дәстүрлі мал шаруашылығының 
экологиялық сипат негізінде қалыптасқанын аңғартады.
Көшпелі  мал  шаруашылығымен  шүғылдануға  байланыс- 
ты 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет