ЗАҚЫМДАНУ ОШАҚТАРЫНДА ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАУЫРТ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Заманауи зақымдау құралдары қолданылған ошақтарда құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізудің бірнеше қатар ерекшеліктері бар. Олар бір-бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді. Жетекші оқытылатындарға ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі басты рольді АҚ құралымдарының атқаратынын ескерген жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады. АҚ құрылымдары әрекеттерінің сипаты мен тәртібі бұл міндеттерді орындау кезінде ЗЗҚ түріне, қалыптасқан жағдайға, күштер мен құралдардың саны мен дайындық деңгейіне, жыл мезгілі мен тәулік уақытына, ауа-райы жағдайы мен басқа да факторларға байланысты болады. Көп жағдайда ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі жетістіктер жетекші құрамның шеберлігіне байланысты болады. ҚБҚЖ жүргізу кезінде тиімді жетекшілік ету үшін бұл жұмыстардың сипаты мен көлемі, ШО аумақтарындағы күштер мен құралдарды дұрыс қолдануына қарай объектінің ерекшеліктері, жобасы мен құрылыстарының сипаттары, қорғаныс имараттары, сонымен қатар көлік магистральдары ескеріле отырып анықталады. Өткізілген тақырыптың игерілгендігін тексеру мақсатында жетекші келесі сұрақтарды қояды:
1. ҚБҚЖ жүргізудің мақсаттары қандай? (күтілетін жауап: адамдарды құтқару және зардап шеккендерге көмек көрсету; құтқару жұмыстарын жүргізуге кедергі жасайтын аварияларды және зақымдануларды жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасау)
2. Құтқару жұмыстарының мазмұны қандай? (күтілетін жауап: АҚҚ қозғалыс бағытына және жұмыс учаскелеріне барлау жүргізу; жұмыстардың жүргізілу аумақтарында және оларға жақындау аумақтарындағы өрттерді жою және сөндіру; зақымдалғандарды іздеу және оларды қираған, от құшағына оранған, газданған үй мен ғимарттардан шығарып алу және құтқару, қираған, үйіндіге айналған ғимараттарды аршып алу және онда қалған адамдарды құтқару, сонымен қатар қираған қорғаныс имараттарына ауа беру, уланған және жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау, халықты қауіпті аумақтардан (қатты уланған немесе су алып кеткен аудандардан) қауіпсіз (азырақ зақымдалған) аумақтарға немесе таза аумақтарға аулаққа апару, адамдарды және олардың киімдерін, аумақты және құрылыстар мен техниканы санитарлық залалсыздандыру)
3. Құтқару жұмыстарын жүргізудің мазмұны қалай? (күтілетін жауап тізбектік жолдарды құру және өту жолындағы, зақымдану учаскелеріндегі кедергілерді алу; газ, энергетикалық, және басқа да желілердегі аварияларды жою, адамдарға қауіп төндіретін, құтқару жұмыстарын жүргізу аумақтарына кедергі келтіретін ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату, зақымдалған қорғаныс имараттарын қалпына келтіру және жөндеу)
Достарыңызбен бөлісу: |