2.2.Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы
Тірі организмдер өзінің қүрамына кіретін клеткалардың типіне байланысты эукариоттар және прокариоттар болып бөлінеді. Эукариоттық клеткаларда геномның ДНҚ-сы ядролық қабықшамен қоршалған, яғни эукариоттық клеткалардың ядросы бар, ал прокариоттарда айқын көрінетін ядро жоқ (грекшеден аударғанда эу - "мен" жүрнағына сәйкес (ядромен), про - "сыз" жұрнағын (ядро-сыз), ал кариос - ядро).
Прокариоттардың коп клеткалы колонияларында барлық клеткалар біркелкі, ал эукариоттық организмдерде клеткалар пішіні және қызметіне байланысты өзгешеленеді, яғни дараланған. Тірі клетканың қарапайым түрі - прокариоттық клетка. Прокариоттарға бактериялар және кок-жасыл балдырлар сияқты бір клеткалы организмдер жатады. Прокариоттық клетканы анықтайтын бір ерекшелік олардың хромосомасымен цитоплазмасының арасында тікелей қатынастың (контакт) болуы. Эукариоттық клеткада, керісінше, хромосомалар мембраналық құрылым - ядрода болады. Эукариоттық клеткалардан прокариотты клеткалардың тағы бір айырмашылығы - оларда митохондриялар мен хлоропластар (компартменттер) болмайды, рибосомалардың көлемі өте кішкентай
(олардың седиментация коэффициент 708) жөне клетка қабырғасы болғандықтан ірі молекулаларды сіңіріп, шығара алмайды.
Қазіргі кездегі өмір сүретін организмдер бір ғана, бірнеше миллиард жыл бүрын өмір сүрген алғашқы жабайы клеткадан шыққан деген болжам бар. Өздерінің бәсекелестерін жеңе келе, сол клетка клетканың бөліну процесіне және эволюциясына бастау болған, сөйтіп жердің жасыл жамылғысы пайда болған, оның атмосферасының құрамы өзгеріп, оны парасатты тіршіліктің отанына айнал-дырған. Барлық организмдердің "тектік ұқсастығын" осылайша ғана түсіндіруге болатын сияқты. Эволюцияның барысында маңызды кезең бар. Шамамен 1,5 млрд. жыл кейін ішкі қүрылымы салыстырмалы түрде қарапайым кішкене клеткалардан (прокариот деп аталатын, оларға әртүрлі бактериялар жатады) көлемі үлкен және әлдеқайда күрделірек жоғарғы жануарлар мен өсімдіктер клеткалары сияқты эу к а р и о т т ы қ клеткаларға ауысқан.
Эукариоттық клетка, прокариоттық клеткадан шығу ықтималдығын ескерсек, олармен салыстырғанда әлдеқайда күрделі ұйымдасқан.
Эукариоттық клеткалардан көптеген әртүрлі организмдер: жоғарғы өсімдіктер, көп клеткалы жануарлар, саңырауқүлақтар және бір клеткалы амеба құралған. Клетка плазмалық мембранаға кигізілген, ал өсімдіктер клеткасында осы мембрананың сыртында целлюлозадан және басқа материалдаң жасалған сыртқы қабырға болады. Эукариоттық клеткалардың прокариоттармен салыстырғандағы айырмашылығы - оларда ядро болады. Клеткадағы ДНҚ-ның көп мөлшері қос қабат мембранамен қоршалған ядроның ішінде.
Достарыңызбен бөлісу: |