Төраға э.ғ. к., доцент Ергалиев К. Р. Хатшы аға оқытушы Демеуова Г. Б



Дата10.12.2023
өлшемі80 Kb.
#135907
Байланысты:
Протокол 1 каз макет



Төраға – э.ғ.к., доцент Ергалиев К.Р.
Хатшы – аға оқытушы Демеуова Г.Б.
Қатысқандар: 25 адам: кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Ергалиев К.Р.; э.ғ.д., профессорлар Саткалиева Т.С., Умирзаков С.Ы., Казиева Р.К., Куватов М.Р.; э.ғ.к., доценттер: Магай Т.П., Уашов Г.К., Малгараева Ж.К., Муханова Г.К., Бижигитова Л.Т., Кишибекова Г.К., Таспенова Г.А., Уашов Г.К., Жанбырбаева С.М., Алиева Ж.Т.; PhD докторлары: Зурбаева А.Б., Абдулина Г.А., Махатова А.Б.; аға оқытушылар: Токарева Е.Г., Шахманова Г.Т., Демеуова Г.Б., Алибекова К.Ж., Кабдолдаева А.Ж.; оқытушы: Шуакбаева Г., лаборант Алтынбайкызы А.


КҮН ТӘРТІБІНДЕ

1. 2022-2023 оқу жылына арналған «Менеджмент» кафедрасының мақсаттары мен міндеттері


2. ПОҚ құрамынының жеке педагогикалық жүктемесіне және жаңа оқу жылына дәріскерлердің тізіміне түзетулер енгізу
3. Кафедраның ПОҚ еңбек тәртібін сақтау туралы


1. ТЫҢДАЛДЫ: кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Ерғалиев Қ.Р., ол 2022-2023 оқу жылына арналған «Менеджмент» кафедрасының міндеттері мен мақсаттарын ПОҚ таныстырып өтті. Ол кафедраның ПОҚ алдағы оқу жылы ішінде алға қойған мақсаттарға сай келесідей міндеттерді шешу қажеттігін атап өтті:

  1. «Менеджмент» кафедрасының барлық қызмет түрлері бойынша жоспарларын орындау.

  2. «Менеджмент» кафедрасының ПОҚ Университеттің және басқа да ЖОО-ның оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік конференцияларыны белсенді түрде қатысу.



ШЕШІМ: 2015-2016 оқу жылы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруды «Менеджмент» кафедрасының ПОҚ-тың қаматамасыз етуі.


2. ТЫҢДАЛДЫ: аға оқытушы Токарева Е.Г., ол 2022-2023 оқу жылына арналған педагогикалық жүктемедегі нақтыланған сағатты санын ұсынды, ол күндізгі оқу бөлімі, қашықтықтан оқыту бөлімінің студенттері мен магистранттардың контингентін есепке ала отырып сағат сандарын түзетумен сәйкес құрылған, 2022-2023 оқу жылына арналған педагогикалық сағат саны 16205,25, ПОҚ 25 бірлік, (соның ішінде 3 қатар алып жүрушілер), олардың – 23 дәріскерлер.
«Менеджмент» кафедрасының сағаттық қоры 1267,00 сағат, ол МАК-ның екі төрағасы жүктемесінің сағаттық төлеміне, диплом алды тәжірибе жетекшілеріне және дипломдық жоба мен магистрлік диссертацияны сырттан рецензиялаушыларға арналған.


ШЕШІМ:

  1. 2022-2023 жылғы оқу жылына арналған кафедра ПОҚ жеке педагогикалық жүктемесін бекітуге Университеттің Оқу-әдістемелік басқармасына ұсыну.

2. 2022-2023 оқу жылына арналған кафедра ПОҚ бекітілген дәріскерлер мен пәндер тізімін бекіту.


3. ТЫҢДАЛДЫ: кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Ерғалиев Қ.Р., ол ПОҚ еңбек тәртібіне байланысты сөз алды, бірақ еңбек тәртібін бұзуға байланысты сабаққа кешігу, рұқсатсыз сабақты ауыстыру сияқты фактілердің орын алмағанын айтты, алдағы уақытта да еңбек тәртібін бұзу жағдайларының орын алмауы туралы баса ескертті, ал егер де аудитория ауыстыру немесе сабақты ауыстыру сияқты қажеттіліктеор болып жатса рұқсат алу керек екенін және ол туралы Университеттің сәйкес құрылымдық бөлімшелеріне хабарлап айту керек екендігін айтты, сондай-ақ еңбек тәртібін ұстануға белгілі бір уақытта кезекшілік ету, тапсырылған тапсырмаларды дер кезінде орындау және жұмыстардың өзге де түрлері жататындығын мәлімдеді
.
ШЕШІМ: еңбек және атқарушылық тәртіпті қатаң сақтау, сабаққа кешікпеу, белгілі бір себептермен аудиторияның ауыстырылуы, сабақтың өзгертілуі сияқты мүмкін болатын өзгерістер туралы тіркеу офисіне уақытылы хабарлап айтып отыру.



Төраға, э.ғ.к., доцент




К.Р. Ергалиев








Хатшы, аға оқытушы




Г.Б. Демеуова




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет