Құрғақ континентальді ауа-райы мен тегіс жазықтық рельеф өзендері ерекше, қазақстандық өзендер типіне жатады, және ол келесідей көріністе болады: 1) орташа ағынды қабатының кіші мәнділігі (5-15 мм); 2) жылдық су өтімдері мәндерінің құбылмалылығы; ең үлкен орташа жылдық су өтімдері көпжылдық орташа су өтімдерінен 10-12 есе артық болады; 3) көктемгі су тасу күрт басталады және толқыны өте үлкен болады. Су тасудың ең жоғарғы су өтімі тіпті ірі өзендердің өзінде көпжылдық орташа су өтімінен 300-400 есе артық болады; 4) жылдық ағынды үлестірімінің суы орташа жылдыры, әсіресе суы мол жылдары барынша әркелкілігімен сипатталады. Суы мол жылдары су тасудың үлесіне ағынсудың су жинау алабының өлшеміне қарай жылдық ағынды көлемінің жуықтап 90-100 %, ал негізгі декадаға 80-85 % сәйкес келеді. Өте аз ең аз су өтімдерімен және алаптың далалық бөлігінде барлық өзендердің құрғап кетуімен сипатталады. Назар салып тыңдағандарыңызға көптен-көп алғыс