Қара-Торғай өзенінің су жүйесі Торғай өзенінің алабының ірі саласы болып табылады. Қара – Торғай өзені су жинау алабының жоғарғы бөлігі Қазақтың Ұсақ Шоқысының батыс шетінде орналасқан және дамыған өзендер жүйесімен сипатталады. Ірі салаларына Сары – Торғай, Сабасалды – Торғай, Қайыңды өзендері жатады. Қайыңды өзені Қара – Торғай өзеніне тек көктемгі мезгілде құяды. Жалдама және Ащы – Тасты өзенінің су жүйесі тармақталған жүйемен белгіленеді. Олар жоғарғы бөлігінде ұзындығы 30-40км созылатын Түлкісай, Ақжар, Ашыт, Байқожа, Жусалы өзендерін қабылдайды. Ашты – Тасты өзенінің ағысында ұзындығы 100км шамасындағы Тасты және Қарынсалды өзендері келіп құяды. Бұл жүйенің көптеген ағындылары жазғы сабалық кезеңде біршама ағынын сақтайды. Өзендер аңғарларының ені 0,5-1,0км –ден аспайды, ол беткейі 10-20м тік жар болып келеді. Иірімдердің ені 20-50м, тереңдігі 2-3м. Соған сәйкес қайраңдарда 1,5-2м-ден 0,5-0,1м-ге дейін.
Аймақтың оңтүстік Ұлы – Жыланшықөзені Жақсы – Ақкөл тұйық көліне құяды. Жыланшық өзені жақсы дамыған уақытша ағындылар жүйесімен ерекшеленеді. Жайылымның ені 2-5 км. Иірімдерде тереңдігі 2-6м-ге жетеді. Арал теңізіне қарай оңтүстік тұйық бөлігінде өзендер жүйесі өте аз дамыған. Олардың негізгі ағындылары – Шаған, Манасай, Қауылжыр өзендері. Қауылжыр өзені көктемде Шалқар көліне құяды, ал қалған өзендер Сортан аудандарда жоғалады. Аңғардың ені 1-5 км. Сарықопа.Тобыл алабындағы көл. Жангелдин ауданының жерінде. тізбектеліп бір-біріне жалғасып жатқан шағын 5 көлден тұрады. Жалпы ауданы 336 км², су жиналатын алабы 17440 км². Орташа тереңд. 2м. Көлдің батыс жағалауы түйетайлы, біртіндеп жазыққа ұласады, ал шығыс жағалауы биік (5-15 м). Көлге Теке, Сарыөзен өзендері құяды. Су мол жылдары көл қазаншұңқырындағы су деңгейінен асып Сарысу, Тәуіш арқылы Торғайға құяды. Балыққа (табан, сазан, алабұға, қарабалық) бай. Суымен шабындық суғарылады. Торғай өлкесінің тарихи атаулары «Торғай» топонимінің қайдан шыққандығы жайлы әрқилы мағлұматтар бар. Сондағы екі нұсқа: қазақ немесе қалмақ сөзі. Тіл маманы Сейітбек Нұрханов бұл сөзді торы қыпшақ пен оғыздың қай тайпасының одағынан, яғни «торы» және «қай» сөздерінен шыққан деген пікір айтады. Бұл пікірді белгілі ғалым Қойшығара Салғаринде қолдайды. Ал ертеде осы өңірдің басты өзені Сауық атанған, кейін Торғай болып өзгерген. Ақын Қадыр Мырзалиевтің: «Еркіндік пен елдік үшін Торғайдай, Шырылдаған Торғайсың сен о бастан» деген өлең жолдары бар. Топонимдердің пайда болуына алдымен тарихи жағдайлар, географиялық орта әсер ететіні белгілі. Халық жердің географиялық ерекшелігіне, белгілі бір тарихи себептерге атау беретін болған. Ұлы Жыланшық.Қазақ тарихында ерекше орын алатын киелі өңірдің бірі – «Ұлы Жыланшық» аймағы. Жергілікті тұрғындар ертеде осы өзенде жылан өте көп болған деседі. Атаудың пайда болу себебі «Жыланшық» сөзімен байланысты.
Жыланшық деп аталуының осындай мәні бар. Бастауын Ұлытаудың батысынан алатын «Дулығалы», «Терісбұтақ», шығысқа қарай ойысып барып доғаланып ашасы тарыла келе Ұлы Жыланшыққа жалғасады. Арасында «Шығырлы» аталатын бөліктері және бар. Ұлы Жыланшықтың «Жалаулы», «Ержылан», «Кезауыз», «Ойғы әділ», «Қонжар-тұма», «Сауранбай», «Қызыл-Шатқал», «Ақшатау», «Сәкеннің қасқасы», «Сарбұлақ», «Қарагер аттың жырасы», «Бозатан», «Талдықара», «Зілғара», «Көшек», т.б. қосымша салалары бар. Жыланшықтың солтүстік беті ойлы-қырлы, бедерлі болып келсе, оңтүстік беті көбіне біркелкі әрі тегіс.
Торғай өзені алабы сумен аз қамтылған аудандар қатарына жатады. Беткі ағынды негізінен еріген қар суынан қалыптасады. Жаңбыр суы көктем кезінде еріген қар суына тек аз ғана үлесін қосады. Жазда ауаның ылғал тапшылығы мен топырақтың құрғақшылығы өте үлкен болады, сондықтан жаңбыр суы тек топырақ бетін ылғалдандыру мен булануға жұмсалады және де беттік ағынды қалыптастыруға мүлдем қатыспайды. Аумақтың өзендері үшін жер асты суларының қоректендіруі үлкен емес, және суағарлар үшін тіптен жоқ деуге болады