Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны


«Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі



бет14/30
Дата24.09.2024
өлшемі438 Kb.
#145524
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Қазақ тілі 7-сынып ТЖБ

2. «Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі» деген тұжырым бар. Сіздің ойыңызша, ән мен күй, музыкалық аспаптар халықтың ұлттық болмысын көрсете ала ма? 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.
[3]
Ә мәтіні
Ертеде ел билеген қатал Жошы хан өмір сүріпті. Оның бала дегенде жалғыз ұлы болыпты. Бір күні баласы аңға шығар алдында әкесі жаман түс көріп, баласын тоқтатқысы келеді. Баласы әке сөзіне мән бермей, нөкерлерін ертіп, ұзақ жолға шығады.
Біршама уақыт өткен соң, жазық далада бір топ құланның жайылып жүргенін көреді. Бала құланды қуып жүріп, алысқа ұзап кеткенін байқамай қалады. Хан баласының атқан оғы құланның аяғына тиеді. Құлан хан баласына қарсы шығып, оны теуіп жазым қылады.
Арада біраз уақыт өтеді. Хан нөкерлері баланың қазасын әкесіне қалай естіртуді білмейді. Хан жүрегі сезгендей, «Кімде- кім баламды естірте келсе, сол кісінің көмейіне қорғасын құйдыртам» — дейді. Нөкерлер есі шығып, қазаны естіртетін адам іздейді.
Сол елде танымал күйші болыпты. Ол қазаны естіртетін болып, сарайға келеді. Хан алдында отырып, домбырамен қайғылы күй тартады. Ханның көз алдына баласының қандай жағдайда қайтыс болғаны елестейді. Күйші барлығын күй тілінде жеткізген екен. Сонда хан: «Балам дүниеден өткен екен ғой, мына кісінің көмейіне қорғасын балқытып құйыңдар»- деп жарлық береді.
– Дат тақсыр! – дейді күйші. – Бәлкім жаманат хабарды жеткізген домбырам шығар. Мені қалай жазалайсыз – деген екен. Күйшіні жазалауға себеп таппаған хан баласының қазасын естірткен домбыраның шанағына қорғасын құйдырады.
1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]



Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

A.

Әкесі жақсы түс көріп, баласын тоқтатқысы келеді.







B.

Хан алдында отырып, домбырамен қайғылы күй тартады.







C.

– Бәлкім жаманат хабарды жеткізген домбырам шығар. Мені қалай жазалайсыз – деген екен.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет