2. Жошы ханның орнында болсаңыз, сіз не істер едіңіз? 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз. [3] Жазылым Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен 200-250 сөз болуы тиіс. [10] Өзіңіз куә болған мерекелік шараны есіңізге түсіре отырып, «Өнерлі өрісі кең» тақырыбында жаңалық жазыңыз.
«Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жазыңыз.
Балл қою кестесі Тыңдалым және айтылым
№
Балл
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
1
9-10
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.
Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2
7-8
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
5-6
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.
Тақырыптың негізгі тараптарын
түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
3-4
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1-2
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылауға өте аз қатысады.
Оқылым
№
Жауап
Балл
1
В, С
2
2
Ықтимал жауабы: Халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, тәлім-тәрбиесі, ұлттық болмысы өлең-жырынан көрінеді /Оқушы жауабы ескеріледі./
3
3
В, С
2
4
Ықтимал жауабы: Қанша қайғыға берілсең де, өнердің құдіретіне бас иіп, болашақта ұрпағыңның саналы болуына көмектескенің дұрыс. Домбыраны құртудың қажеті жоқ деп ойлаумын. Одан бәрібір қайғың азаймайды. /Оқушы жауабы ескеріледі./