Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4


Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты



бет2/8
Дата16.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#24045
1   2   3   4   5   6   7   8

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.



2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Геометрия» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.

3. «Геометрия» пәні бойынша күтілетін нәтижелер



Білу:

- көпбұрыштар жіктемесін білу;

- жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін білу.
Түсіну:

- математиканың академиялық тілін түсіну;

- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын түсіну;

- аксиома мен теорема сияқты математикалық категориялардың мағынасын түсіну;

- жазықтықтағы геометриялық салулар мен өлшемдердің қағидаттарын түсіну.
Қолдану:

- математикалық есептерді шешу алгоритмдерін қолдану;

- геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралардың қасиеттерін қолдану;

- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді қолдану;

- түпмәтінге сәйкес математикалық терминологияны қолдану.


Талдау:

- геометриялық фигуралардың өзара орналасуын талдау;

- математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын талдау.
Жинақтау:

- математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін жинақтау;

- аксиомалар мен теоремалар арқылы дәлелді пікірлерді жинақтау;

- геометриялық түрлендірулерді қолдана отырып құрастыру есептерін шешу тәсілдерін жинақтау.
Бағалау:

- есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет