Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4



бет5/8
Дата16.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#24045
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
!10-ТС Геометрия 8 класс каз

7. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны - 20
Тапсырма түрлері:

КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, толық жауапты сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.



Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет