Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 6-сынып 2019-2020 оқу жылы Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет5/16
Дата12.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#56790
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Отан отбасынан басталады
Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Таулар сыры


Тыңдалым
Отбасы – сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.



  1. Отан, отбасы, бала, тәрбие,

  2. Отан, бала, мақал-мәтелдер

  3. Отан, ұлттық дәстүр, ұя

  4. Отан, әке, тәрбие, Әл-Фараби

[1]

2. «Отан отбасынан басталады» мәтеліне сәйкес келетін ойды анықтаңыз.



  1. Барлық адамдар отбасынан шыққан.

  2. Отбасы берекесі ата-анаға байланысты.

  3. Отбасы шағын мемлекет, сондықтан барлығы тату болу қажет.

  4. Отанның келешегі отбасында қаланады

[1]
3. Берілген сөйлемдердің қайсысы негізгі және қосымша қапарат екенін ажыратаңыз.



Сөйлемдер

Негізгі

Қосымша

  1. Отбасы – сыйластық, түсіністік орнаған орта.







  1. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады.







[2]

4. Отбасындағы тәрбиеге қатысты өмірден мысал келтіріңіз.


________________________________________________________________________________
[1]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет