Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 6-сынып 2019-2020 оқу жылы Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Оқылым Семей қаласының «№21жалпы орта білім беретін мектептің» 6»Б» сынып оқушысы Асқаров Арлан Қалибекұлына мінездеме



бет6/16
Дата12.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#56790
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Оқылым
Семей қаласының «№21жалпы орта білім беретін мектептің» 6»Б» сынып оқушысы
Асқаров Арлан Қалибекұлына
мінездеме
Асқаров Арлан Қалибекұлы 2014 жылы 15 ақпанда туған. 2014 жылдан бастап №21 жалпы орта білім беретін мектепте оқиды. Оқу барысында өзін жақсы жағынан көрсете алды. Сабақты «4» пен »5»-ке оқиды. Математика пәнінен қалалық олимпиадаға, оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің терең білімін, ғылыми – зерттеу жұмысқа деген зор оқу қабілетін көрсете алды.
Асқаров А.Қ мектептің тәрбиелік іс-шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар өз сыныбының старостасы. Жергілікті баспасөз басылымдарына шыққан мақалалары бар.
Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса білетін Асқаров Арлан Қалибекұлы мұғалімдер мен сыныптастарының арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.

Мектеп директоры қолы Т.З.Зейнелов


17.12.2019ж.

1. Берілген тұжырымдарға сүйеніп, мінездеме жанрына тән ақпараттарды анықтаңыз.



Тұжырым

ИӘ

ЖОҚ

  1. Мінездеменің кіріспе бөлімі өмірбаяндық сипатта жазылады.







  1. Мінездеменің қорытынды бөлімінде адамның жеке басына мінездеме беріледі.







  1. Мінездеме бірінші жақта жазылады.







[3]

2. Адамның жеке басының мінез-құлқын сипаттайтын екі сөйлемді көрсетіңіз.



  1. Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.

  2. 2014 жылдан бастап №21 жалпы орта білім беретін мектепте оқиды.

  3. Оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға қатысады.

  4. Адамдармен тез тіл табыса біледі.

  5. Ғылыми–зерттеу жұмысына деген зор оқу қабілетін көрсете алады.

[2]


Жазылым
Отбасыңыздың бір мүшесіне арнап, мінездеме жазыңыз. Мінездесенің жанрлық, стильдік ереркшеліктерін сақтаңыз. Жазба жұмысында қосымшалардың үндестік заңына сәйкес дұрыс жалғануына назар аударыңыз.
[10]


Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалогке қатысуда жұбыңызбен сөйлесу әдебін сақтаңыз.
[10]



  1. Біздің отбасындағы тәрбие принциптері

  2. Ауыл мен қала тіршілігінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

  3. Қазақстан таулары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет