Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны



бет11/23
Дата28.03.2023
өлшемі321,75 Kb.
#76716
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
9 сынып тжб 3тоқсан

Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, аргументативті эссе жазыңыз. Жазып болған соң, жұмысыңызды қайта шолып, онда кездескен салалас құрмалас сөйлемдерді анықтаңыз, мағыналық түрлеріне ажыратыңыз.
[10]



  1. «ЭКСПО Халықаралық көрмесі Қазақстанның саяси аренадан маңызды орын алуына ықпал еткен шара» тақырыбында аргументативті эссе жазыңыз.

2. Мектепте үзіліс кезінде Мақсат Қайраттың кітабын ұрлап алды. Қайрат кітабының жоғалғанын сынып жетекшісіне айтты, ол кімнің ұрлағанын анықтады. Сіздің ойыңызша, Мақсат қандай жаза тартуы керек? Өз ойыңызды дәлелдеп, аргументативті эссе жазыңыз.

Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Балл

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

5

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.
Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

4

Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

3

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

3

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

2

Тақырыпты түсінуде қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

1

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылауға өте аз қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет