Жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы: 45 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)
Оқылым – 20 минут
Жазылым – 25 минут
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
«Қазақ тілі » пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017», «Адам құқығы мен бостандығы» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым Тапсырма 1. Мәтінді тыңдап, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдей сөйлеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсене қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
Транскрипт 1-мәтін ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? ЭКСПО — индустрияландыру символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян.
Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды.
Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі.
Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
2-мәтін Франция ЕХРО-ға қатысуды жақсы дәстүрге айналдырған. Ұзақ жылдар бойы сіздің ел осы көрме арқылы өз жетістіктерін таныстырып келеді. Астанадағы шараның ұйымдастырылуын қалай бағалайсыз? Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:
– Қазақстанға қысқа уақыт ішінде тұтастай кешен салып, оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның павильонын орналастыру керек болды. Бұл міндетті сіздер мінсіз орындап шықтыңыздар. Ұйымдастырушыларды осы жетістіктерімен құттықтау керек деп ойлаймын. Иә, біздің осындай шараларға қатысу, оларды ұйымдастыру бойынша тәжірибеміз мол екені рас. Мен қазақстандық көрме халықаралық стандарттарға толықтай сай деп айта аламын.