Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Тапсырма түрлері
|
Білу және түсіну
|
Нақты деректерді, терминдерді, әдістер мен тәсілдерді білу.
Ақпаратты дұрыс еске түсіру, болжау немесе түсіндіру арқылы пәнді ұғатынын көрсете білу
|
КДЖ - Көп дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар.
|
Қолдану
|
Әртүрлі мәнмәтіндер мен жағдайларда алған білімдерін және ақпараттарды қолдану
|
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Зерттелетін үдерістің құрамдас бөліктерін талдау арқылы ақпарат немесе нәтижелер алу және оны интерпретациялау.
Модель құру үшін алған білімдерін біртұтас біріктіру; нақты үдерістерді сипаттайтын модельдерді түсіндіру; дереккөздерден шығатын ой-пікірлерді қалыптастыру.
Ақпараттар, тәсілдер, қорытындылар, нәтижелердің тиімділігі немесе анықтылығы туралы шешім шығару;
|
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
|
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан
|
Білу және түсіну
|
Қолдану
|
Жоғары деңгей
дағдылары
|
I
|
60%
|
35%
|
5%
|
II
|
55%
|
45%
|
0%
|
III
|
30%
|
45%
|
25%
|
IV
|
25%
|
40%
|
35%
|
Барлығы
|
43%
|
41%
|
16%
| Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |