Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету 1

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

бет3/10
Дата15.11.2023
өлшемі67,79 Kb.
#123082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
f60c5ccd7c1644

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
29
Жер сілкінісі бұл...
А) өрт, геологиялық ортаның экологиясының бұзылуы;
В) инженерлік желілер мен ғимараттардың, коммуникациялардың сейсмикалық бұзылуы;
C) жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде едәуір қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі немесе қозғалысы;
D) халық денсаулығының нашарлауына байланысты әлеуметтік күрделі жағдай;
Е) технологиялық процестердің бұзылуы.
30
Жер сілкінісінің қарқындылығы дегеніміз?
A) белгілі бір орындағы жерсілкінісінен болған шығындардың дәрежесі;
B) 12 баллды шкаласы;
C) жерсілкінісінің эпицентрі;
D) жер сілкінісінің магнитудасы;
Е) жерсілкінісі болған уақыт.
31
Жерсілкінісі кезінде үстел немесе партаның астына тығылуға болады ма?
A) болмайды;
B) жоқ;
C) иә;
D) міндетті емес;
Е) бәрібір.

32
Жерсілкінісі кезінде бөлмедігі қауіпсіз орын?

A) терезенің қасында;
B) балкон;
C) қабырға бұрышы, есік жақтауының асты;
D) шкафтың қасында;
Е) лифт.

33
Жер сілкінісі қарқындылығы қандай шкала бойынша өлшенеді:

A) 12- баллды Рихтер шкаласы;
B) 12- баллды Меркалли шкаласы;
C) 12- баллды МSК-64 халықаралық шкаласы;
D) Росси-Форреля шкаласы;
Е) дұрыс жауабы жоқ.

34
Жерслкінісі неше баллмен өлшенеді?

A) 10;
B) 12;
C) 7;
D) 9;
E) 4.

35
Сел бұл...

А) өрт, геологиялық ортаның экологиясының бұзылуы;
В) қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы;
C)жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігіндегі қозғалыс пен жарылыс нәтижесі;
D) тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай-ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен өзеншіктер арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің қарқынды тасқыны;
Е) таудың опырылып құлауы.

36
Опырылма бұл...

A) қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы;
B) тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары;
C) тау жыныстарының желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жер үсті және жер асты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы;
D) жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел;
Е) қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруі.

37
Сырғыма бұл...

A) қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы;
B) тау баурайымен өз салмағының әсерінен және тау баурайының шайылуы, тау жынысының шамадан тыс сулануынан болатын қосымша ауыртпалықтар, сейсмикалық дүмпудің және басқа да процестердің нәтижесінде тау жынысы массасының жылжуы;
C) тау жыныстарының желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жер үсті және жер асты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы;
D) жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел;
Е) қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруі.

38
Дауыл бұл...

  1. жылдамдығы 32 м/с асатын, айтарлықтай ұзақтығы мен қиратқыш күші бар жел.

  2. жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел;

C) ауырлық күшінің әсерінен ылғалды топырақ массасының төмен қарай лықсуы;
Д) күшті жел салдарынан жер бетінен шаңның, құмның, топырақтың және көлемі 1мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы;
Е) қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруі.

39
Су басу бұл...

А) қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы;
В) құрғақ жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табылатын судың жоғарғы деңгейі;
C) ауырлық күшінің әсерінен ылғалды топырақ массасының төмен қарай лықсуы;
Д) жер асты және жер үсті сулары, өзендер, мұздықтардың еруі салдарынан болатын гидрологиялық құбылыстар;
Е) мұздың еруі.

40
Цунами бұл...

A) су асты және жағалаулардағы жер сілкінісі кезінде пайда болатын теңіз толқындары;
B) үлкен қарқынды қысқа мерзімді гидросфералық шөгінділер;
C) тау жыныстарының желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жер үсті және жер асты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы;
D) қатты жел есебінен туындаған теңіз толқындары;
Е) мұзды теңіздердің еруі.
41
Қар көшкіні бұл...
A) қар көшкіні тектес процесстердің тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе өзін -өзі басқару органдарын және халықты қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық іс – шаралардың жиынтығы;
B) үлкен қарқынды қысқа мерзімді атмосфералық шөгінділер;
C) тау жыныстарының желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жер үсті және жер асты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы;
D) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.
Е) тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы.

42
Дауыл (кенеттен соққан) бұл...

A) жел бағытының өзгерісімен қоса жүретін конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен соғатын желдің кенеттен қысқа мерзімді күшеюі;
B) үлкен қарқынды қысқа мерзімді метерологиялық шөгінділер;
C) ұзақ уақытты, 20м/с аса жылдамдықпен соғатын өте күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел;
D) ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14м/с аса жылдамдықпен қозғалуы;
Е) тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы.

$$$ 43
Құйын бұл...

A) жел бағытының өзгерісімен қоса жүретін конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен соғатын желдің кенеттен қысқа мерзімді күшеюі;
B) ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен қозғалатын атмосфералық түзілісі;
C) айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті құбылыс;
D) ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14м/с аса жылдамдықпен қозғалуы;
Е) дұрыс жауабы жоқ.

44
Бұршақ бұл...

A) бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер;
B) үлкен қарқынды ұзақ мерзімді гидросфералық шөгінділе;
C) жылдың жылы мезгілінде қатты мұз түрінде, әдетте найзағай кезіндегі нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер;
D) жауын-шашын 12 сағат және одан аз, мөлшері 50 мм және одан да көп болады; таулы, сел және қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда 12 сағ. 30мм және одан аса;
Е) дұрыс жауабы жоқ.

45
Нөсер (қатты жауын) бұл...

A) бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер;
B) үлкен қарқынды ұзақ мерзімді гидросфералық шөгінділер;
C) найзағай кезіндегі нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер;
D) жауын-шашын 12 сағат және одан аз, мөлшері 50 мм және одан да көп болады; таулы, сел және қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда 12 сағ. 30мм және одан аса;
Е) дұрыс жауабы жоқ.

46
Найзағай бұл...

A) бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер;
B) үлкен қарқынды ұзақ мерзімді гидросфералық шөгінділер;
C) найзағай кезіндегі нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер;
D) түйдек – жауын бұлттарының дамуымен байланысты бұлттар мен жер беті арасындағы дүркін – дүркін электр зарядтарымен, дыбыстық құбылыстармен, қатты жауын – шашынмен, бұршақпен қоса жүретін атмосфералық құбылыс.
Е) дұрыс жауабы жоқ.

47
Қатты боран бұл...

A) көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы;
B) көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік магистралын қар басуға алып келетін, қардың жаууымен бірге болатын қатты желдің жер бетіне қарды тасымалдауы;
C) салқындаған тұман немесе жауын тамшыларының қатуы кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі мұздың қалың қабаты. Желілер бойындағы қатқан мұздың диаметрі 20 мм және одан да көбірек болады;
D) ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіңдегі жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі;
Е) дұрыс жауабы жоқ.

48
Қатты көк тайғақ бұл...

A) көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы;
B) көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік магистралын қар басуға алып келетін, қардың жаууымен бірге болатын қатты желдің жер бетіне қарды тасымалдауы;
C) салқындаған тұман немесе жауын тамшыларының қатуы кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі мұздың қалың қабаты;
D) ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіңдегі жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі;
Е) дұрыс жауабы жоқ.

49
Қатты тұман бұл...

A) ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіңдегі жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі;
B) қысқа уақыт ішінде ауа температурасының аномалды төмендеуі немесе жоғарылауы. Ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10°С-ге және одан аса өзгеруі;
C) 12 сағ. және одан ұзақ уақытта 100 м – ге дейін және одан да төмен болатын, жер бетіндегі ауаға тікелей асылған, көру мүмкіндігінін айтарлықтай нашарлауымен қоса жүретін, сұйық түрге айналған заттардың тамшы немесе кристалл түрінде топталуы;
D) көру мүмкіндігінің төмендеуімен, тұқым және жас өсімдіктермен қоса топырақтың жоғарғы қабатының үрленуімен, егістікті және көлік магистралдарын құм басумен сипатталатын үлкен көлемдегі шаңның немесе құмның қатты желмен тасымалдануы. Ұзақтығы – желдің басым кезінде 15 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен 12 сағ. және одан да жоғары;
Е) дұрыс жауабы жоқ.

50
Найзағай жиі түсетін ағаштар?

A) шырша;
B) терек, емен, қара ағаш;
C) қайың;
D) үйеңкі;
Е) терек.

51
Сел ағыны кезінде не істеу керек?

A) шуды ести сала алқаптан жоғары қарай қыратпен 50-100 м. көтерілуі керек;
B) ғимарат ішінен шықпай отыру керек;;
C) есік, терезелерді жабу керек;
D) жерде етбетінен жату керек;;
Е) ауладағы заттарды бекіту

52
Ағаштың қай түріне найзағай сирек түседі?

A) қайың, үйеңкі, қарағай;
B) қайың;
C) үйеңкі;
D) терек;
Е) емен.

53
Табиғи өрт бұл...

A) географиялық ландшафтың әртүрлі бөлігін қамтитын өрт;
B) орман ауданымен таралатын өрт;
C) апаттық түрде пайда болатын және табиғи ортада таралатын бақылаусыз жану процесі;
D) апатты құбылыс, авария немесе қирау, адамдардың отты абайсыз пайдалануы нәтижесінде белгілі бір аймақта өрттің пайда болуы мен таралуы;
Е) дұрыс жауабы жоқ.

54
Ландшафтық өрт бұл...

55
Орман өрті бұл...

56
Дала өрті бұл...

A) географиялық ландшафтың әртүрлі бөлігін қамтитын өрт;
B) орман ауданымен таралатын өрт;
C) апаттық түрде пайда болатын және табиғи ортада таралатын бақылаусыз жану процесі;
D) далада табиғи түрде пайда болатын немесе жасанды түрде туындайтын өрттер;
Е) дұрыс жауабы жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет