Тотыққан қоңыр көмірден гумин қышқылын гидроксидтік әдіспен алу үдерісін зерттеу Түйін: Гумин қышқылы



бет4/7
Дата24.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#125711
1   2   3   4   5   6   7
Ғылыми жоба мақсаты: Кендірлік кен орнындар қолданылмай жатқан, бірақ мөлшері мол, жанғыш тақтатаспен бірге кездесетін тотыққан қоңыр көмір, баланста жатқан кендердің қатарына кіреді. Осы тотыққан қоңыр көмірден гумин қышқылын гидроксидтік әдіспен алу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Гидроксидтік әдіс көмегімен, тотыққан қоңыр көмірден гумин қышқылын алу мүмкіндігінің әдебиет беттерінде берілуіне шолу жасау.

  • Отандық шикізатты қолдану нәтижесінде арзан және тиімді әдіспен гумин қышқылын алу.

Зерттеу нысаны: Кендірлік кен орнының тотыққан қоңыр көмірінен алынған гумин қышқылы.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Кендірлік кен орны тотыққан қоңыр көмірінен гумин қышқылы гидроксидтік әдіс арқылы алынып, оның сорбент ретінде қолдану мүмкіндігі қарастырылды.
Зерттеу әдістері :

  1. Теориялық әдіс(әдебиеттермен жұмыс)

  2. Химиялық эксперимент арқылы гумин қышқылын алу(ИҚ спектрін түсіру) көмегімен гумин қышқылының алынғанын дәлелдеу

  3. Алынған нәтижені математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу.

Дербестік дәрежесі: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасалынды. Химиялық эксперимент жүргізіп, алынған мәліметтерді саралау арқылы кестеге мәліметтер енгізілді. Математикалық және статистикалық өңдеуді жүргізді. Зерттеу жұмысының әр кезеңдерін орындай отырып, нәтижелерін безендірді.
Зерттеу жұмысы келесідей болжамға негізделген, қоңыр көмірдің қалыптасу кезеңіндегі өсімдік қалдықтарының өзгеруі көбінесе биогендік сипатқа ие болады да, гумин қышқылының пайда болуымен аяқталғанын гидроксидтік әдіспен гумин қышқылын алу нәтижесінде анықтап, гидроксидтік әдістің ұтымдылығын дәлелдеуге болады.
Зерттеу жаңалығы:Қоңыр көмір қоры гумин қышқылының таусылмайтын көзі болып табылады. Гидроксидтік әдіс арқылы бірінші рет гумин қышқылы алынды
З ерттеу нәтижесі: Кендірлік кен орны тотыққан қоңыр көмірінен гидроксидтік әдіспен гумин қышқылы белсендірусіз алынды, гумин қышқылы шығымы 42,5% пайыздан жоғары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет