Тотығу түрлері. Антиоксиданттық жүйе туралы түсінік


Митохондриялық монооксигеназды жүйелер



бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132608
1   2   3   4
Байланысты:
№3 дәріс тотығу түрлері.

Митохондриялық монооксигеназды жүйелер

Бұл жүйелер бүйректе, бүйрек ұсті безінің қыртыс қабатында, жыныс бездерінде және плацентада болады. Олар стероидты гормондардың холестериннен түзілуіне қатысады. Яғни, С22 және С20 гидроксилденеді.

Бүйректе бұл процестің қатысуымен Д витаминнің ауыспалы активті түрі (1,25 (ОН)2Д3) пайда болады.

Пероксидтік тотығу

Оттек молекуласы 1, 2 немесе 3 электронмен тотықсызданғанда оттектің активті формалары (ОАФ): супероксид-анионы (О2• ) , Н2О2, гидроксил радикалы (ОН• ), т.б. пайда болады.

  • ОАФ негізінен фагоциттерде : қанның гранулоциттері мен моноцитттерінде, тіндік макрофагтарда түзіледі. Бактерицидтік қызмет атқарады.

Оттектің активті формаларының түзілуі:

  • Ауыспалы валентті металлмен әрекеттескенде супероксид радикалы түзіледі:
  • Fe++ + О2  Fe+++ + О2•

  • Ферменттік жолмен НАДФН-оксидазаның көмегімен (фагоциттердің ферменттік жүйесі):
  • НАДФН2 + 2О2  НАДФ+ + 2(О2•)

Гидроксил радикалы сутектің асқын тотығынан (Фентон реакциясы) түзіледі:

  • Гидроксил радикалы сутектің асқын тотығынан (Фентон реакциясы) түзіледі:
  • Fe++ + Н2О2  Fe+++ + •ОН + ОН––

  • Темір мен мыс Н2О2 –ден гидроксил радикалдардың түзілуіне қатысады (Хабер-Вайс реакциясы): Н2О2 + Н+ +Fe2+  •ОН + Н2О + Fe3+
  • Н2О2 + Н+ +Cu+  •ОН + Н2О + Cu2+

  • ОАФ көп мөлшерде болғанда ағзаға зиянды әсер етеді: белоктарды, нуклеин қышқылдарды, көп қанықпаған май қышқылдарды (КҚМҚ) тотықтырады. Май қышқылының бос радикалдары пайда болады, ҚҚМҚ-ның бос радикалды тотығуы тізбекті түрде өтеді.
  • КҚМҚ тотығуы липидтердің пероксидтік тотығуы (ЛПТ) деп аталады.
  • КҚМҚ көп мөлшерде биологиялық мембраналардың фосфолипидтерінің құрамында болады.

  • Қалыпты жағдайда фосфолипидтер құрамындағы ЛПТ-ға ұшыраған ҚҚМҚ бөлініп шығарылады, олардың орнына жаңа май қышқылдар орналасады, осылай мембраналық фосфолипидтердің май қышқылдық құрамының жаңарылуы жүреді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет