L-триптофандиоксигеназа (бауырдың ферменті, құрамында гемі бар)
Бетта-каротиндиоксигеназа
L-триптофандиоксигеназа
Монооксигеназалар оттек молекуласының 1 атомын субстрат құрамына еңгізеді, субстратта гидроксил тобы пайда болады. Оттектің екінші атомы судың түзілуіне қатысады:
А-Н + О2+ ZН2 А-ОН +Н2О+ Z
Монооксигеназды тотығу жүйелер бауырдың эндоплазматикалық ретикулумінде және басқа мүшелердің митохондриясында болады.
Микросомалды тотығу
Монооксигеназды тотығу – негізінен бауырда жүретін микросомалды тотығу. Бұл тотығуға қысқа электрон тасымалдайтын тізбек қатысады:
НАДФН2 ФП цхР450 О2 SH
2Н+ Н2О О2- S-ОH
Бұл ферменттер қатысуымен дәрілік заттардың (бензпирен, морфин, аминопирин, бензофетамин) метаболизмі гидроксилдену жолымен жүреді. Нәтижесінде олар залалсызданады немесе олардың ерігіштігі жоғарлап олар ағзадан жеңіл шығарылады.