Бұл жүйелер бүйректе, бүйрек ұсті безінің қыртыс қабатында, жыныс бездерінде және плацентада болады. Олар стероидты гормондардың холестериннен түзілуіне қатысады. Яғни, С22 және С20 гидроксилденеді.
Бүйректе бұл процестің қатысуымен Д витаминнің ауыспалы активті түрі (1,25 (ОН)2Д3) пайда болады.
Пероксидтік тотығу
Оттек молекуласы 1, 2 немесе 3 электронмен тотықсызданғанда оттектің активті формалары (ОАФ): супероксид-анионы (О2• ) , Н2О2, гидроксил радикалы (ОН• ), т.б. пайда болады.
ОАФ негізінен фагоциттерде : қанның гранулоциттері мен моноцитттерінде, тіндік макрофагтарда түзіледі. Бактерицидтік қызмет атқарады.
Темір мен мыс Н2О2 –ден гидроксил радикалдардың түзілуіне қатысады (Хабер-Вайс реакциясы): Н2О2 + Н+ +Fe2+ •ОН + Н2О + Fe3+
Н2О2 + Н+ +Cu+ •ОН + Н2О + Cu2+
ОАФ көп мөлшерде болғанда ағзаға зиянды әсер етеді: белоктарды, нуклеин қышқылдарды, көп қанықпаған май қышқылдарды (КҚМҚ) тотықтырады. Май қышқылының бос радикалдары пайда болады, ҚҚМҚ-ның бос радикалды тотығуы тізбекті түрде өтеді.
КҚМҚ тотығуы липидтердің пероксидтік тотығуы (ЛПТ) деп аталады.
КҚМҚ көп мөлшерде биологиялық мембраналардың фосфолипидтерінің құрамында болады.
Қалыпты жағдайда фосфолипидтер құрамындағы ЛПТ-ға ұшыраған ҚҚМҚ бөлініп шығарылады, олардың орнына жаңа май қышқылдар орналасады, осылай мембраналық фосфолипидтердің май қышқылдық құрамының жаңарылуы жүреді.